Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет19/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Жасушаның өсуі. Ағзаның барлық жасушалары бір жасушадан пайда болады – ол ұрықтанған жұмыртқа жасушасы. Ағзаның дамуы екі процесс арқылы жүреді: 1)жасушаның белсенді бөлінуі, ол үшін көп рет митоз жүру керек және 2)жасушалар санының өсуі нәтижесінде олардың арасында айырмашылықтардың пайда болуы, яғни дифференциалануы белгілі бір қатал тәртіпте жүруі арқылы құрылысымен бір-бірінен ерекшеленетін ұлпалардың түзілуі.
Жасушаның дифференциялануы. Ағзаның онтогенетикалық және филогенетикалық дамуы кезінде әртүрлі жасушалар типтерінің белгілі бағытта мамандануы жүреді. Жеке дамудың барысында біртекті жасушалардан құрылысы мен қызметі жағынан ажырайтын түрлі жасушалардың пайда болуын дифференцация процесі деп атайды. Жасушалардың дифференциялануы ағза тіршілігінде үздіксіз жүреді. Бірақ та бұл процестің жоғары қарқындылығы эмбриондық кезеңде байқалады. Дифференцировка үш факторлардың: ядроның, цитоплазманың және қоршаған ортаның өзара әрекеттесуіне байланысты. Дифференцацияланудағы ядроның рөлі: ядро мен цитоплазма өзара байланысты - бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Цитоплазма жасушаға тотықтырып, фосфорлаумен анаэробты гликолиз арқылы энергияның негізгі бөлігін жеткізіп беріп отырады, ал цитоплазмалық рибосомаларда ақуыздар синтезіне қажет құрылымдар болады. Ядро өз тарапынан ерекше тән ақуыздардың синтезіне керек матрицалар мен аРНҚ, сол сияқты басқа керекті РНҚ молекулаларымен қамтамасыз етеді.
Жасуша патологиясы. Жасуша патологиясы митоз патологиясына байланысты болады. Патологиялық митоз - мутацияның пайда болуының механизмдерінің бірі. Көптеген аурулардың пайда болуы патологиялық митоздармен байланысты. Қалыпты жүрмейтін митоздар мен хромосомалық абберация қатерлі ісік ауруларында, сәулелену ауруларында және вирустық инфекцияда жиі кездеседі. Хромосомалар қалыптасуының олардың қозғалу механизмінің немесе цитотомия процесінің зақымдалуы митоздың қалыпты жүруін бұзады.
Жасуша өлуінің екі түрі болады: некроз және апоптоз. Некроз жасушаның энергиясына және мембрананың өткізгіштігіне тікелей немесе жанама әсер ететін түрлі химиялық немесе физикалық сыртқы факторлардың әсерлерінен туындайды. Бұл жағдайларда жасушаның құрылысы мен қызметінде бұзылулар байқалады. Жасушаның құрамында келесі өзгерістер байқалады: мембраналық компоненттер ісінеді, АТФ, ақуыз, нуклеин қышқылдары синтездері, ДНҚ деградациясы, лизосомдық ферменттердің белсенділігі тоқтатылып, лизиске алып келеді.
Некроз гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі жасуша мен ұлпалардың өлуі. Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды. Шіру процестері ұлпа қабынғанда, тіс эмалі зақымданғанда білінеді. Күшәла пастасымен пульпитті емдегенде жақ сүйектерінің некрозы кездеседі. Жарақаттанудан (үсу, күю), жүйкенің жаншылуынан, уланудан, туберкулез, мерез, бөртпе, сүзек аурулары салдарынан, бүйректің қабынуынан, сондай-ақ гангрена, инфаркт аурулары кезінде де өлі ет пайда болады. Өлі еттенген органдардың ұлпалары мен жасушаларының қан айналысы, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жасуша аралық заттары өзгереді. Мұның салдарынан қоректік заттардың келуі азайып, тіршілік әрекеті кемиді. Сөйтіп, орган не ұлпа жасушаларының ядросы мен цитоплазмасы бүрісіп кішірейеді. Өлі ет көбінесе ұзаққа созылған аурудан әлсіреген адамдарда жиі кездеседі. Мұндайда кез-келген жердің, әсіресе жамбас ұлпалары өлі еттенуі мүмкін. Кейде өлі ет органға инфекция түсіп, іріңдейді. Оның емі, шіріген ұлпаға хирургиялық операция жасайды, антибиотиктер, организмді әлдендіретін, құнарлы, витамині көп тағамдар ішу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет