Апоптоздеген термин – грекше «жапырақтардың түсуі» деген мағынаны береді. Апоптоз - жасушаның алдын-ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы. Апоптоз – бұл генетикалық бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі. Апоптозға ұшыраған жасушалардың ДНҚ-лары бөлшектеніп, жасушалары бір-бірлерінен ажырап, езіліп, ыдырайды. Мұндай процестің болуы және оның уақыты әрбір ағзаның геномында жазылған. Бұларға қоса ұрпақтан ұрпаққа берілетін кейбір тұқым қуалайтын аурулар болады. Оларда адам өмірінің ұзақ қысқалығына әсеретеді. Осы салада айта кететін бір жаңалық, кейінгі кезде адам геномын зерттеу нәтижелеріне байланысты мұндай тұқым қуалайтын ауруларды генотерапиямен емдеу ісі қолға алынып келе жатыр. Апоптоз процесін шартты түрде 3-ке бөліп қарастырамыз: сигналды, эффекторлы және деградациялық фаза.
Апоптоз фазалары.Сигналды фаза: апоптоздың инициациясы клеткаішілік және келткасыртқы факторларға байланысты жүреді. Мысалы: гипоксия, гипероксия нәтижесінде, клеткалық циклдық сигналдардың ақаулары, химиялық немесе физикалық агенттер, т.б. Алайда, осы факторлардың алуан түрлілігіне қарамастан сигналдың берілуінің екі негізгі жолын ажыратамыз: рецептор-тәуелді және митохондриялық. Рецептор тәуелді жол – клетканың сыртындағы лигандтардың өлу рецепторларымен байланысуы нәтижесінде жүзеге асады. Апоптоз туралы сигналды қабылдайтын рецепторлардың барлығы TNF-рецепторларға жатады. Яғни трансмембраналық рецепторлар болып табылады. Олар өз кезегінде каспазаларды активтендіреді. Митохондриялық жол – клеткаішілік жолға жатады. Бұл митохондриядағы бұзылыстардың пайда болуынан басталады. Митохондрияның мембранааралық кеңістігінен апоптогенді белоктар шығарылады. Осы белоктар каспазаларды активтендіреді.
Эффекторлы фазасы – бұл фазада инициациялық жолдар бір ортақ апоптоздық жолға бірігеді. Каспазды каскад жүзеге асады. Каспазды каскад – инициациялық және эффекторлық каспаздардың өзара әрекеттесуі.
Деградациялық фаза - Апоптоздың алғашқы кезеңінде хроматинде маргинация, ал цитоплазма мен жасуша оргоноидтарында конденсация құбылыстары дамып, жасуша қалдықтары мембранамен қоршалған апоптоздық денешіктерге айналады. Олар фагоциттік клеткалармен -макрофагтармен жұтылады.
Апоптоз процесі некроздан едәуір ерекшеленеді. Алғашқы сатысында цитоплазмада Са+2 катионының деңгейі өседі, бірақ мембраналық органеллалар өзгермейді, ақуыз бен РНқ синтезі төмендемейді. Кейінірек ядрода ДНҚ нуклеосомдық фрагменттерге ажырайды, хроматин ядроның шетінде қалың жиынтық түзіп конденсацияланады. Ядро фрагменттерге ажырай бастайды. Жасушадан құрамында микроядролар бар ірі фрагменттер үзіледі. Оны апоптоздық денешіктер деп атайды. Мұндай жағдайда жасуша бөлшектеніп кетеді. Қалыпты жағдайда апоптоздық денешіктер фагоциттермен сіңіріледі немесе некротикалық екінші өзгерістерге ұшырайды және соңында лизистенеді.