Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет36/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Эндотелий ұлпасы жүректің, қан және лимфа тамырларының ішкі бетін қаптап тұрады. Эндотелий клеткалары бір қабатты бір қатарлы жалпақ эпителий клеткаларына өте ұқсас келеді. Олардың клеткаларының шекарасы да күміс нитратымен өңдемей көрінбейді. Клеткалар бір-бірімен десмосомдар және интердигитация клеткааралық байланыс түрімен байланысқан. Эндотелий клеткаларында бір, екі кейде үш те ядролары болады. Эндотелий ұлпасы өте жұқа, ядро орналасқан жердің қалыңдығы бірнеше мкм болса, өзге жерлерінің қалыңдығы 20-80 нм-дей ғана болады. Клеткаларында клеткаларға тән барлық органоидтар болады. Пластинкалық комплексі жақсы дамыған, цитоплазмасы көпіршіп тұрады. Клеткалардың бетінде аздаған микротүкшелері бар. Микротүкшелердің эпителий микротүкшелерінен айырмашылығы, олар үзіліп қанға араласып кетіп отырады. Эндотелий де базальды мембранаға орналасқан. Эндотелий клеткасы жарақаттанып істен шықса, бөлініп кетеді де, басқа клеткалар керіліп орнын басып отырады.
Ретикулярлы ұлпа бүйрек, тері ұлпаларының және шырышты қабықтардың құрамына кіреді. Оның өте көп кездесетін жері қан жасайтын органдар, сүйектің қызыл миы, лимфа бездері және қара бауыр (талақ). Бұл мүшелерде ретикулярлы элементтерден қанның клеткалары дамиды. Олардың ретикулярлы ұлпалардан түзілуі ядросы бар протоплазма учаскелерінің бөлініп, гемоцитобласттарға ауысуынан басталады. Гемоцитобласттар даму жағдайына байланысты эритроциттерге немесе гранулоциттерге ерекшеленеді. Түзілген клеткалар қажетті жағдайына қарай әр түрлі бағыттарда дамуы мүмкін. Мысалы тітіркену жағдайларында макрофогтарға ауысады. Ал жараланған учаске жазылып, оның орнында тыртық ұлпа түзілсе, бөлінген гемоцитобласттар фибробласттарға айналады.
Сонымен қатар ретикулярлы синцитийдің протоплазмасы бөгде заттарды жинағандықтан олар организмнің ішкі ортасын тазартып тұратын гистиоцит тәрізді клеткаларға да айналып отырады. Мұндай қасиет бүйрек, бауыр, бүйрекүсті бездердің және көптеген бездердің капиллярларының эндотелийінде де болады. Сондықтан организмнің ішкі ортасын бөгде заттардан және зат алмасу өнімдерінен тазарту ретикулярлы ұлпаға, гистиоциттерге және кейбір органдардың капиллярларының эндотелийіне жалпы тән қасиет. Дәнекер ұлпалардың бұл элементтерінің барлығы ретикулярлы–эндотелиалды жүйе құрайды. Бұл жүйе организмде қорғаныштық қызмет атқарады.
Дәнекер ұлпасының гистологиялық құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты трофикалық маңызы бар бөліктерінде клеткааралық заттың механикалық элементтері аз болып, клеткалық элементтері басым болады. Керісінше тіректік маңызы бар дәнекер ұлпаларда клеткалық элементтерге қарағанда механикалық түрі - клеткааралық заттары артық болып келеді.
12 Лекция тақырыбы: Шеміршек және сүйек ұлпалары – құрылысы, қызметі, химиялық құрамы, дамуы мен регенерациясы


Шеміршек ұлпасы қаңқалық ұлпалар құрамына кіріп, организмде механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындағы негізгі заты тығыз болып келеді де оның беріктілігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге шеміршектің серпімділігі де сақталады. Шеміршектің осындай құрылысы сүйектердің бір-бірімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді. Шеміршектер әсіресе төменгі сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адам организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстін қабаттап, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронхының және құлақ қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпаларының аралық заты өте тығыз болатындықтан қан мен дәнекер ұлпалардың клеткалары және жүйке мен қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. Сондықтан шеміршектің қоректенуі – перихондрий (peri – айнала, chondros – шеміршек) арқылы диффузды жолмен орындалады. Аралық затының құрылысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді және талшықты болып үш түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет