Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия


Көлденең жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы



бет44/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Көлденең жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы өз кезегінде көлденең жолақты жүрек жұмыс ет ұлпасы және көлденең жолақты жүрек өткізгіш ет ұлпасы болып бөлінеді.
Миокардтың негізін көлденең жолақты жүрек жұмыс бұлшықет ұлпасы құрайды. Оның көлденең жолақты қаңқа ет ұлпасынан айырмашылығы, олар көлденең жолақты ет талшығынан емес миоциттерден тұратындығында. Жүрек миоциттері төртбұрышты клеткалар, ұзындығы 50-ден 120 мкм-ге дейін жетеді, ені 15-20 мкм. Клетканың ортасында ұзынша, бір-екі ядро орналасқан. Миофибриллалардың диаметрі 1-3 мкм. Клеткалардағы миофибриллалардың саны аздау болғандықтан олардың көлденең жолақтары онша байқалмайды. Миофибриллалардың арасына ұзындығы 1-1,5 мкм келетін митохондриялар-саркосомалар орналасады. Миоциттердің митохондриялары мол, эндоплазма торлары нашар дамыған, керісінше Т-жүйесі жақсы дамыған. Миоциттер бір-бірімен жалғанып, ет талшықтарын құрайды. Екі клетка ұшы бір-бірімен интердигитация арқылы байланысады. Жүрек ет талшықтары болбыр қалыптаспаған дәнекер ұлпалы қабаттармен қоршалған. Онда қан тамырлары, нервтер мол болады. Олар миоциттермен тығыз байланысты. Миокардтың ет талшықтары жүректің дәнекер ұлпалы қаңқасына бекиді.
Көлденең жолақты жүрек өткізгіш бұлшықет ұлпасының өзінің арнайы қызметіне қарай құрылысы да өзгеше болады. Көлденең жолақты жүрек өткізгіш бұлшықет ұлпасын дәнекер ұлпалы қынап лимфа тамырлары қоршап тұрады. Миоциттер мен қынаптың арасында перилимфалық қуыс түзіледі. Көлденең жолақты жүрек өткізгіш бұлшықет ұлпасының миоциттерінің пішіні де ұзынша, алмұрт тәрізді. Оларда бір кейде екі ядролары болады. Ядролары үлкен, домалақ, ақшыл, хроматині аз, ядрошықтары болады.
Саркоплазмасында миофибриллалары және миоглобиндері де аздау. Оның есесіне гликогені мол. Миофибриллаларының көлденең жолақтары онша байқалмайды. Саркосомалары, рибосомалары аз, эндоплазмалы торлары да онша дамымаған, Т-жүйесі жоқ десе де болғандай.
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы спланхнотомнан, ал көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы сомиттерден пайда болып дамиды. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының регенерациясы қан тамырларының маңына орналасқан болбыр қалыптаспаған дәнекер ұлпасының жетілмеген клеткалары арқылы іске асады. Көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының регенерациясы солардың фрагменттері арқылы жүреді.

15 Лекция тақырыбы: Нерв ұлпасы – нейрон, нейроглия,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет