Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет34/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Гистиоцит дәнекер ұлпалардың екінші бір тұрақты клеткалық формасы. Гистиоцит өзінің сыртқы түрі және физиологиялық қасиеті жөнінен фиброциттен өте оңай ажыратылады. Оның негізгі сипаты формасының тез өзгергіштігі болып саналады. Ол кейде ұзынша клетка, кейде кіші дөңгелек тармақтары бар бұрыс формалы клетка. Протоплазмасы фибробласттарға қарағанда жақсы боялады, айқын көрінуі соған байланысты. Ядросы бұрыс формалы болады. Ядросында хроматині көп болатындықтан күшті боялып, ядрошығы көрінбейді. Протоплазмада клетка орталығы, голдьжи жиынтығы, эндоплазмалық тор сияқты органоидтар оңай байқалады.
Гистиоциттердің өте маңызды қасиеттерінің бірі өзін қоршаған ортаға түскен бөгде заттарды жою қабілетінің болуы. Мысалы: организмге бояу енгізілсе, біраз уақыттан соң бояулар гистиоциттің протоплазмасына өтіп, ұлпа сұйығын одан тазартады. Бөгде заттарды жойып, гистиоциттер организмнің ішкі ортасын тазартады. Сондықтан оларды бөліп шығарушы клеткаларды нефрофагициттер (nephros-бүйрек) деп атауға болады. Дәнекер ұлпалардың қорғаныштық элементі бола отырып, гистиоциттердің ішкі зат алмасуда да маңызы зор.
Гистиоциттер ретикулярлы ұлпалардан және қаннан шығатын лимфоциттер мен моноциттерден дамиды. Осылайша шығу тегі әр түрлі болатындықтан формалары да түрліше болып, полибласттар деп аталады. Фибробласттар сияқты гистиоциттер де дәнекер ұлпасында үнемі дамудың әр түрлі дәрежесінде кездесіп отырады. Олардың ең жас формаларының мөлшері шағын, сонымен қатар олар митозды бөлінуге қабілетін сақтайды.
Камбиальды клеткалар маманданбаған ұрықтық мезенхима сияқты әр түрлі бағытта дамитын клеткалар. Бұл клеткалар дәнекер ұлпасының кемдігін толтыратын резерві болады. Камбиальды клеткалардың созылғыш жіңішке тармақтары бар, ол ядросы күшті боялатын клетка. Түрі фибробластқа ұқсас, тек ядросы кішірек келеді. Камбиальды клеткалар көбінесе капилляр жолдарында және қан тамырдарының эндотелий маңайында орналасады.
Майлы клеткалар. Маманданған, дәнекер ұлпаның нашар ерекшеленген клеткаларының бір түрі деп қарауға болады. Майлы тағамдарды көп жегенде май камбиальды клеткалардың, гистиоциттердің және ретикулярлы клеткалардың протоплазмасында ұсақ тамшы түрінде жиналуы мүмкін. Жинала берген сайын орталық бөлімге орналасып, ядро мен протоплазманы шет жаққа қарай ығыстырады.
Май клеткада тұрақсыз болады. Ол ашыққанда азайып, қуатты қоректенгенде молаяды. Май организмнің жылуын сақтауға жұмсалып, энергиялық материал ретінде пайдаланылады. Организмде май жиналғанда клетка жұқа протоплазмамен қоршалған май тамшысы түрінде болады. Бұл сияқты күшті өзгерген клеткалар топталып, мөлшері үлкен май жарнақтарын түзеді. Ұйқыға көшетін жануарларда ерекше майлы денелер болады. Қысқы қорегі сол денелердің есебінен өтеледі. Майлы денелер ұлпалы бөлімінде майлы клетчатка деп аталынатын қабаттар түзеді. Оның организмнің тысқа жылу шығаруын бәсеңдетуде маңызы зор. Сонымен қатар майлы клетчатка организмнің үйкеліске ұшырайтын учаскелерінде мысалы: алақанда, табанда жұмсақ астар түзіп, механикалық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет