Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет37/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Гиалинді шеміршек ұлпасы ұлпаның көп тараған түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті, бронхыны, мұрын қаңқасын және т. б органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектердің ең мықтысы және майысқақ болып келеді. Шеміршек ұлпасында клеткалардан хондробласт және хондроциттер кездеседі.
Шеміршек ұлпасының талшықтарға бай басқа ұлпалардан айырмашылығы оның аморфты заттарының химиялық қасиетінде. Шеміршектің аморфты заттары протеиндерден, гиалурон қышқылынан, хондриотинкүкірт қышқылдарынан, олардың протеиндермен қосылысы – хондромукоидтардан тұрады. Ал өте жіңішке коллаген талшықтары сол аморфты заттарға батып тұрғандай болып көрінеді. Гиалинді шеміршек сыртынан тығыз дәнекер ұлпасымен қапталған. Оны шеміршек үсті немесе перихондрий деп атайды. Перихондрий хондробласт, фибробласт, фиброцит клеткаларынан және коллаген талшықтарынан тұрады. Олардың арасында қан тамырлары және нерв талшықтары орналасқан. Қан тамырлары да нерв талшықтары да сыртынан өте жұқа болбыр қалыптаспаған дәнекер ұлпасымен қапталған. Хондробласттардың ядросы сопақ, хромотині аз, эндоплазма торлары өте жақсы дамыған, митоз арқылы көбейеді. Хондробласттар дами келе шеміршектің орталарында хондроциттерге айналады. Хондроциттердің хондробласттардан айырмашылығы олар клеткааралық заттар түзбейді. Шеміршектің ортасына барған сайын ұлпа тығыздала түседі, сөйтіп клеткалар тек амитоз жолымен бөліне бастайды. Бөлінген клеткалар бір-бірінен ұзай алмай изогенді клеткалар тобын құрайды. Изогенді клеткалар тобын қоршаған аморфты заттардағы хондромукоид жай белок альбумукоидқа айналып, изогендердің сыртынан капсула түзеді. Шеміршектің перихондрийден басқа бөліктерде қан, лимфа тамырлары болмайды ол бөліктерге қоректік заттар диффузиялы жолмен барып отырады.
Серпімді шеміршек ұлпасы негізінен гиалинді шеміршекке ұқсайды, тек айырмашылығы онда коллаген талшықтарымен қатар серпімді эластин талшықтары да бар. Сондықтан шеміршектің бұл түрі еш уақытта да тұздар кристалданып сүйекке айналмайды. Серпімді шеміршектің түсі сары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет