Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет41/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Сүйектің шеміршек орнында дамуы. Сүйектің шеміршек орнында дамуы күрделі процесс. Өйткені, алдымен шеміршек қалыптасады да, бірте-бірте оның орнын сүйек ұлпасы басады. Остеобласттардың ерекшеленуі аралық заттың фибрилярлы түзілістерінің пайда болуына жағдай жасайды. Бұл арада алдымен жуан талшықты сүйек түзіліп, ол кейіннен пластинкалы сүйекке айналады. Бұл процесс сүйектің түзілуімен қатар шеміршектің өсуіне және бұзылуына байланысты болады. Сүйектің шеміршек орнында дамуын жілік сүйектен жақсы көруге болады. Жіліктің орта бөлімі – диафизді, екі шеті эпифизді болады. Сыртқы шеміршек қабығымен перихондр қоршалады. Жіліктің сүйектенуі орта бөлімінен басталады. Диафизді қоршаған мезенхима ұлпасынан тұратын перихондрде остеобласттар пайда болады. Шеміршектің айналасында сүйектен тұратын сақина пайда болады. Сүйекті заттардың перихондрде жиналуын перихондрлі сүйектену деп атайды. Жас сүйекті қоршаған дәнекер ұлпалы қабықты периост деп атайды.

13 Лекция тақырыбы: Бұлшық ет ұлпалары – жіктелуі, бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының құрылысы, қызметі




Бұлшықет ұлпасының жіктелуі. Бұлшықет ұлпасы көп клеткалы ағзалардың тарихи даму нәтижесінде эпителий және дәнекер ұлпаларынан әлдеқайда кейін пайда болған ұлпа. Ол тарихи даму нәтижесінде ағзалардың өз қоректерін тауып жеуі үшін, мүмкін жауларынан қашып құтылу үшін қозғалу керектігіне байланысты пайда болады. Бұлшықет ұлпасы нерв ұлпасымен құрылысы жағынан да, қызметі жағынан да тығыз байланысты. Екі ұлпа да тітіркенгіш, екі ұлпа да тітіркеністі өткізгіш. Бұлшықет ұлпасы жалпы бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы және көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы болып бөлінеді.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Көлденең жолағы болмауына байланысты бірыңғай салалы деп атаған. Бұлшық еттің бұл түрінің жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді. Бірыңғай салалы бұлшықет қабат құрап орналасады. Кейбір қуыс органдардың қабырғаларында, мысалы, қан тамырларында, өкпенің ауа жүретін жолдарында, қуықта, өт қабында, ас қорыту жолдарында бір немесе екі қабат құрайды. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының құрылымдық элементі бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасы. Клетка мағынасында “талшық” деген термин де қолданылады. Оның пішіні ұршық тәрізді ядросы клетканың жалпақ бөлігінде орналасқан. Жеке клеткалар сирек сирек кездеседі, әдетте, олар жуандығы түрліше шоғырлар құрайды. Шоғырларда және олардың аралығында коллагендік және эластиндік талшықтары көп дәнекер ұлпасының жіңішке қабаты болады. Дәнекер ұлпасы арқылы қан тамырлары мен нервтер өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет