Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет47/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Сезімтал нейрондар. Олар жоғары сатыдағы омыртқалылар мен адамда жұлын миының екі жағынан орналасқан арқалық ганглиндер немесе түйіндер деп аталынатын ерекше мүшелердің құрамына кіреді. Сезімтал нейрондар қозуды қабылдайды да, оны жұлын миының артқы мүйізіне кіргізеді. Арқалық түйіндердің арқауы дәнекер ұлпасынан құралады. Дәнекер ұлпада униполярлы сезімтал нерв клеткалары топтар түзіп орналасады. Ол нерв клеткалары негізінен биполярлы клеткалардан түзетілетіндіктен жалған униполярлы клеткалар деп аталады.
Бұл клеткалардың денесінен шығатын өсінді екі тармаққа бөлінеді. Оның ұзындау тармағы шетке қарай бағытталады. Шетте ол тітіркендіргіш қабылдайтын сезімтал нерв ұштарымен аяқталады. Ал екінші қысқарақ тармағы жұлын миына кіріп, шеткі сезімтал ұштардан келетін қозуды жұлын миына өткізуші болады. Мидың ақ затында ол тармақ бөлініп, бір бұтағын жоғары, екінші бұтағын төменгі бағытқа таратады. Ол қысқа тармақтың бұтақтары мидың сұр затына еніп, байланыстырушы немесе аралық нейрондардың денесінде аяқталады.
Байланыстырушы немесе аралық нейрондар - аз таралған қысқа дендриттерден тұратын майда мультиполярлы клеткалар. Олардың жалғыз нейриті сұр заттан ақ затқа шығып, бірі жоғары, екіншісі төмен бағытталған бұтақтарға бөлінеді. Арқалық мидың төмен және жоғары орналасқан бөлімдерінде олар қайтадан сұр затқа еніп, қозғалтқыш нейрондармен түйіседі. Бұл байланыстырушы клеткалардың тармақтары арқалық мидың сыртына шықпай, тек ішкі бөлімдерін өзара баланыстырушы болады. Бірақ арқалық мидың артқы мүйізі мен сұр затының орталық бөлімінде басқа типті де байланыстырушы клеткалар кездеседі. Ол клеткалардың жоғары өрлейтін тармақтары ұзын болып, бас мидың бағана бөлімдеріне дейін жетеді. Жалпы алып қарағанда байланыстырушы клеткалар рефлекстің орындалуына қатысатын екінші типті нейрондарға жатады. Байланыстырушы нейрондарда сезімді импульстер қозғалтқыш импульстерге ауысып отырады. Ол импульстердің соңғы таралу жолы байланыстырушы клеткалардың өткізгіш талшықтарымен арқалық қозғалтқыш немесе моторлық нейрондарға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет