Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия


Жасушаның құрылымдық компоненттері



бет6/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Жасушаның құрылымдық компоненттері. Өсімдік клеткасының қабығы целлюлозадан тұратын тығыз қабықшадан тұрады. Целлюлоза дегеніміз - глюкозаның қалдық молекулаларынан тұратын полисахаридтер тобына кіретін көмірсулар. Олар өсімдік ұлпаларының беріктігін және серпімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан тірек қызметін атқарады. Жануар клеткасының клетка қабықшасы немесе плазмалемма сыртында қалыңдығы 10-20 нм болатын гликокаликс қабаты болады. Гликокаликс дегеніміз - полисахаридтердің белоктармен (гликопротеин) және майлармен (гликолипид) комплексі. Гликокаликс клетка мембранасының үстінде орналаса отырып, тікелей сыртқы ортамен байланысады. Қалыңдығы онша қалың болмағандықтан гликокаликс өсімдік клеткасындағыдай тірек қызметін атқармайды. Гликокаликсте клеткадан тыс асқорыту жүреді және онда клетканың көптеген рецепторлары орналасады.
Плазмалық мембрана. Жасуша мембраналарының молекулалық құрылысы ұқсас. Олардың құрылымдық негізін үш түрлі липидтер (фосфолипид, холестерон, гликолипид) мен ақуыз молекулаларының комплексі – биологиялық мембрана қалыптастырады. Биологиялық – мембрана негізін қалыңдығы 4-5 нм болатын фосфолипидтік биқабат құрайды. Оның ішінде әртүрлі тереңдікте белок молекулалары орналасқан.
Фосфолипид молекуласы полярлы гидрофильді ұшы – “басынан” және полярлы емес гидрофобты ұшы – “құйрығынан” тұрады.
Цитоплазма. Цитоплазма – гиалоплазмадан, онда шоғырланған мембраналы және мембранасыз органоидтардан тұратындығы ашылды. Цитоплазмада ақуыз синтезі және клеткаға тән қасиет зат алмасу процесі т.б. жүреді. Сондықтан цитоплазма клетканың органоидтары орналасқан және оның басты қызмет атқаратын бөлімі болып табылады.
Клетка үш бөлімнен: клетка қабықшасынан, цитоплазмадан және ядродан тұрады. Клета қабықшасы арқылы клеткалар арасында үздіксіз заттардың алмасуы жүріп отырады. Клетка қабықшасына заттардың енуі (эндоцитоз) және шығуы (экзоцитоз) фагоцитоз және пиноцитоз процестері арқылы орындалады. Цитоплазманың гиалоплазмасында эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митохондрия, рибосома, лизосома, клетка орталығы – центросома, ядро, тек өсімдік клеткасында кездесетін пластидтер болады. Органоидтар құрылыстары мен атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі болып келеді.

3 Лекция тақырыбы: Мембраналық органеллалар: митохондриялар, пластидтер, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалардың құрылысы, химиялық құрамы, қызметі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет