Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет8/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Эндоплазмалық тор – цитоплазма ішін түгелдей мембранадан тұратын қабырғалар мен көмкерілген, бір-біріне байланысып жатқан ұсақ каналдар мен қуыстардан құралған күрделі жүйе.
Эндоплазмалық тор клетка ішінде физикалық жағдаймен химиялық құрамы әртүрлі бөлшектерге бөлінеді. Эндоплазмалық тор ядро мембранасы мен цитоплазмалық мембранамен жалғасып жатады.
Эндоплазмалық тордың құрылымы біртекті емес. Оның түйіршікті және тегіс эндоплазмалық тор деген екі түрі болады. Түйіршікті эндоплазмалық тор каналдары мен қуыстарының мембраналарында көптеген ұсақ жұмыр денешіктер – рибосомалар орналасады, сондықтан олар мембраналарды кедір-бұдыр етіп тұрады. Тегіс эндоплазмалық тор мембранасының бетінде рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тордың негізгі қызметі - ақуыздарды, липидтерді, көмірсуларды синтездеу және оларды тасымалдау.
Белоктар түйіршікті эндоплазмалық торда орналасқан рибосомалар арқылы синтезделеді. Көмірсулар мен липидтер тегіс эндоплазмалық тордың мембраналарында синтезделеді. Бұл синтезделген өнімдердің барлығы каналдар мен қуыстарға жиналады да, одан клетканың әртүрлі органоидтарына тасымалданып сонда жұмсалады. Эндоплазмалық тор клетканың негізгі органоидтарын өзара байланыстырып тұрады.
Гольджи аппараты жануарлар клеткаларында ядроның жанына орналасқан күрделі тор пішінді болады. Өсімдіктер мен қарапайымдылар клеткаларында Гольджи аппараты барын тек электронды микроскоппен қарағанда ғана анықтады. Гольджи аппараты диктиосомалардан тұрады. Диктиосомалар топтаса (5-10) орналасқан диаметрі 1 мкм, қалыңдығы 20-25 нм қуыстардан тұрады. Қуыстардың ұштарында ірі және ұсақ көпіршіктер болады. Осы элементтердің барлығы жиналып біртұтас комплекс құрайды. Оны алғашқы рет 1898 ж. итальян ғалымы Камило Гольджи нерв клеткаларының цитоплазмасынан анықтаған, сондықтан бұл органоид сол кісінің есімімен Гольджи аппараты деп аталған. Гольджи аппаратының негізгі қызметі - клеткада синтезделген өнімдер - ақуыздар, көмірсулар және майларды жинақтайды, лизосомаларды синтездейді.
Жинақталған органикалық заттар сығымдалып, ірі және ұсақ көпіршіктер түрінде цитоплазмаға еніп, клетканың тіршілік әрекетіне немесе клеткадан шығарылып организмде пайдаланылады. Бұл органоидтың тағы бір маңызды қызметі, оның мембранасында майлар және көмірсулар синтезделеді. Синтезделген органикалық заттар плазмалық мембрананың жаңартылып отыруына пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет