Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия


Прокариоттар мен эукариоттардың бір-бірінен айырмашылығы



бет3/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Прокариоттар мен эукариоттардың бір-бірінен айырмашылығы



Прокариоттар

Эукариоттар

1

Ядросы болмайды

1

Ядросы болады

2

Генетикалық материалы гистонды ақуызы жоқ ДНҚ-дан тұрады

2

Генетикалық материалы ДНҚ ақуызбен комплекс құрады және хромосома пайда болады

3

Цитоплазмасында мембраналар жүйесі жоқ

3

Цитоплазмасында органоидтарды қоршап тұратын, жақсы дамыған мембраналары болады

4

Митоз жолымен бөлінбейді, өйткені оларда клетка орталығы жоқ

4

Митоз жолымен бөлінеді

5

Бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады

5

Бірклеткалы және көп клеткалы ағзалар, адамдар жатады



Цитологияның зерттеу әдістері. Цитологияда түрлі зерттеу әдістері қолданылады. Олар: микроскопиялық, электронды микроскопиялық, цитохимиялық, иммуноцитохимиялық, авторадиографиялық, клеткаларды өз орнында, орналасқан жерінде (іn situ) гибридтеу, клеткаларды организмнен тыс (in vitro) зерттеу әдістері.
Цитологияның зерттейтін обьектілері өте ұсақ болғандықтан олар жарық және электрондық мироскоптар арқылы зерттелінеді. Жарық микроскопиясының әдістері: фаза-контрасттық, интерференциялық, ультракүлгін, флуоресценциялық, поляризациялық және қараңғы жазықтағы микроскопия. Электронды микроскопия әдістері: трансмиссиялық электрондық және скандейтін электрондық микроскопия.
Цитохимиялық әдістер арқылы клеткалар құрылымдарындағы әртүрлі нақтылы химиялық қосылыстардың (мысалы, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, кальций, темір, т.б.) мөлшері мен орналасуы айқындалады.
Иммуноцитохимиялық зерттеу әдістері клетка құрамындағы антигендік қасиеті бар заттарды айрықша дәлдікпен айқындауды қамтамасыз етеді. Антиген деп организмге түскен жағдайда, онда иммундық жауап туғызатын, яғни ол организмде антиденелердің түзілуіне түрткі салатын бөгде заттарды айтады.
Авторадиография әдісі бастапқы заттың макромолекула құрамына ену барысын, макромолекуланың клеткада тасымалдануын қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану арқылы көптеген заттардың синтезделуі және секрециясы зерттеледі.
Орналасқан жерінде (іn situ) гибридтеу әдісі ДНҚ немесе РНҚ нуклеотидтерінің бір ізділігін өз орнында, яғни цитологиялық препаратта анықтауға мүмкіндік береді.
Клеткаларды организмнен тыс (in vitro) зерттеу әдістері оларды жасанды жағдайда (қоректік орта, температура) өсіруге, яғни клеткалық дақылдарды қолдануға негізделген. Бұл әдісті тұтас организмнен бөліп алынған тірі клеткалар қызметтерін, олардың өсуіне, дифференциялануына (пісіп жетілуіне), синтездік, секреторлық және т.б. процестеріне әртүрлі факторлардың әсерлерін зерттеу үшін қолданады.
2 Лекция тақырыбы: Жасушаның химиялық құрамы, құрылымдық компоненттері, қызметі, плазмалық мембрана және цитоплазма


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет