Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет4/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Жасушаның химиялық құрамы. Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің, ұсақ ағзалардың барлық клеткалары химиялық құрамы жағынан ұқсас келеді және оларда Менделеев таблицаларындағы элементтердің басым көпшілігі табылып отыр. Клеткада кейбір элементтер айтарлықтай көбірек кездеседі. Бұларды макроэлементтер деп атайды. Оларға оттегі (70%), көміртегі (18%), сутегі (10%), сонымен бірге кальций, алюминий, темір және т.б. жатады. Макроэлементтер тірі организмнің 99% массасын құрайды.
Жасушаның бейорганикалық заттары. Су – клетканың аса маңызды құрамы болып табылады. Судың басқа қосындылардан өзгеше тек өзіне тән қасиеті оның молекуласының құрылысында. Көптеген заттар: тұздар, қышқылдар, сілтілер, спирттер, аминдер, көмірсулар, белоктар және т.б. заттар суда жақсы ериды. Бұл заттарды гидрофильді заттар деп айтады. (грекше: “гидрос”- су, “филео” - сүйемін). Кейбір заттар: май, клетчатка т.б. суда нашар ериді. Суда нашар еритін немесе мүлдем ерімейтін заттарды гидрофобты (грекше “гидрос”- су, “фобос”- қорқу, жек көру) заттар деп айтады. Клетка мембранасының құрамында гидрофобты заттардың – липидтердің жұқа қабаты болады. Судың клеткадағы құрамы, ұлпалар мен органдағы зат алмасу процесіне тікелей байланысты. Атап айтқанда ми клеткаларында су 86%, бүйрек клеткасында 83%, жүрек етінде 79%, бауырда 70%, ал сүйекте 22%, тіс эмалында 10% болады.
Тұздар клетканың бейорганикалық заттарына жатады. Клетканың тіршілік процестері үшін тұздардың құрамына енетін К, Na, Са, катиондарының, қышқыл қалдықтары аниондарының зор маңызы бар. Клеткадағы және оның тіршілік ету ортасындағы катиондар мен аниондар концентрациясының әдетте үлкен айырмашылықтары болады. Мәселен, клетка ішінде калий ионының концентрациясы клетка сыртындағыдан 30 есе көп, ал натрий 10 есе аз. Клетканың ішіндегі және сыртындағы иондардың бұл арақатынасы тұрақты сақталады. Сүйек ұлпасында кальцийдің тұрақтауы фосфордың қатысуымен жүреді және бұл екеуінің ара-қатысы 2:1 болу керек. Фосфордың тұрақтауы тек витамин Д қатысуымен болады. Витамин Д жетіспеушілігі сүйек ұлпасының өсуін тоқтатады.
Микроэлементтер (грекше: “микрос”- кішкентай) клетка протоплазмасында өте аз мөлшерде кездескенмен, аса үлкен маңызы бар. Оларға кобальт, мыс, цинк, марганец, бор, никель йод, т.б. жатады. Микроэлементтер гормондардың құрамына еніп, организмнің негізгі қызметіне араласады. Атап айтқанда, цинк ұйқы безінің гормоны-инсулиннің құрамына, кобальт-витамин В12 енеді. Кобальт жетіспесе В12 витаминдері синтезделмейді, фтор жетіспесе тіс шіриді, ал егер фтор көбейіп кеткен жағдайда флюороз ауруына ұшырайды. Бұл ауруда сүйек және тіс нәзіктеніп бұзыла бастайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет