Лекция тақырыбы: Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.) Лекцияның оқыту нәтижелері



бет10/13
Дата20.02.2023
өлшемі56,75 Kb.
#69644
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
5. Сібір хандығы. ХV ғасырдың бас кезінде Алтын Орданың ыдырауы барысында Сібір хандығы құрылды. Оның орталығы алғаш Шыңғы-Тура (Тюмень), кейінен астанасы – Искер қаласы (Ертіс бойында) болды. Сібір хандығы үстем тап болып есептелетін бектер мен мырзалар басқарған ұсақ ұлыстардан тұрды. Негізгі еңбекші халық ұлыстардың «қара сирақ» кедейлері еді. Сібір хандығын хан басқарды, оған кеңесшілері мен карачалары (уәзірлері), сондай-ақ ханның өзі ұлыстарға жұмсайтын жасауылдар көмектесті. Сібір хандығы батыста Тура өзенінен, шығыста Барабаға дейінгі Батыс Сібірдің орман аралас кең байтақ даласын алып жатты. 1503 жылы Ибақтың немересі Көшім өзбек және ноғай хандарының көмегімен Сібір хандығының өкімет билігіне ие болды. Көшім тұсында Сібір хандығы жеке-жеке ұлыстардан тұрды, ол саяси жағынан бірлігі толық бекіген мемлекет еді. Сібір хандығын көп халықтар, негізінен түркі тайпалары (қыпшақ, арғын, қарлұқ, найман, жалайыр, т.б.), сондай-ақ ханты, мансы, башқұрттар мекендейтін.
Көшім (шамамен 1510-1598) – Сібір хандығының соңғы ханы. Көшімнің Сібірдің хан тағына көтерілуі тарихта былай түсіндіріледі. Қайратты жа жігерлі, әскери істі жетік меңгерген Көшім 1555 жылы Сібір жұртында билікті қолына ұстап тұрған Тайбұға әулетіне қарсы қазақтар мен ноғайлылардың жасақтарын ұйымдастырып, ұзаққа созылған ұрыстардың нәтижесінде 1563 жылы Сібір хандығының тағына отыру мүмкіндігіне ие болады. Деректер Көшімнің Сібірге қазақ даласынан келгенін дәлелдейді. Біздің Ақкөл-Жайылмада жүргізген зерттеулеріміз шайбан тұқымының осы жерден келіп, Сібір билігі үшін күрескенін көрсетеді.
Сібір хандығына билікке келген Көшімнің басты мақсаттарының бірі Сібірді мәдениеті дамыған, қуатты мемлекетке айналдыру болған деседі, ол бұл мақсатын жүзеге асыруда ислам дініне арқа сүйеп, хандықты бір орталыққа бағындыруда ойлады. Батыс Сібірге ислам дінін таратуда Ортаазиялық билеушілер мен саудагерлер Көшімге барынша қолдау көрсетті. Олар өз заманында табиғи байлықтарымен танымал Сібір жерімен сауда байланыстыратын дамытуға мүдделі болды. Ортаазиялық көпестер мен молдалар ислам дінін жергілікті халықты арасында уағыздай білді. Көшімнің билігінде Ібір-Сібір жерінің мәдениеті мен экономикасы дамыды, Мәскеу, Бұхара, Шығыс Түркістан және Ноғай, Қалмақ иеліктері оны мойындап санасып отыратын болды. Көшім хандығы тарихта Сібір жұрты, Көшім Сібірі, Ертіс патшалығы, Сібір хандығы деген атпен де белгілі.
Көшім тұсында Сібір хандығының аумағына келетін болсақ, бұл аталмыш мемлекеттің жер аумағына Батыс Сібір, Оңтүстік Орал өңірі және Ертіс, Есіл, Тобыл өзенінің сағаларын алып жатқан Солтүстік Қазақстан да енді. Астанасы қазіргі Тобыл қаласының маңында орналасқан Искер қаласы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет