Лекция тақырыбы: Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.) Лекцияның оқыту нәтижелері


Көшім тұсында Сібір хандығының экономикалық және мәдени дамуы



бет11/13
Дата20.02.2023
өлшемі56,75 Kb.
#69644
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лекция 4 2022-2023

Көшім тұсында Сібір хандығының экономикалық және мәдени дамуы. Біз жоғарыда айтып өткен хандықтың астанасы Искер қаласын тұрғызуда Көшімнің сіңірген еңбегі зор болды. Қала заманында ірі мәдени орталықтардың біріне айналды. Көшім Сібір жерінде қала құрылысының дамуына барынша назар аударып, озық құрылыс жобаларын пайдалануға тырысты. Бұл қалалардың өзіндік жоғарғы технологиямен салынғанын қазіргі күнгі жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары дәлелдейді. «Сібір тарихын» жазған Г.Миллер Ібір-Сібір өлкесінде ондаған отырықшы мекендердің, қалашықтардың болғанын сипаттайды.
Сібір жері қашанда өзінің табиғи байлығымен әлемді тәнті етті. Сібір жерін мекендейтін құндыз, бұлғын, тиін, аю, түлкі сияқты аңдардың терілері әлемде қымбат тастардан кем бағаланбайтын еді. Әсіресе лашын, қыран, қаршыға сияқты саятшылық құстарға Бұхара, Хиуа, Қырым, Грузия, т.б. елдердің саудагерлерінен көп сұраныс түсетін. Бұл бағалы жануарлар мен құстар Ібір-Сібір жерін әлемге танымал етті десе де болады.
Сібірліктердің саудадағы басты серіктестіктері Орта Азия саудагерлері еді. Олар өз жерінде өндірілетін жібек мата, жүн, елтірі, кептірілген жеміс-жидектермен өзара айырбассаудасын жасады. Ресейден Сібірге негізінен қару-жарақ, ағаш, темірден жасалған бұйымдар, киім-кешек, т.б. заттар әкелінді. Алайда сібірліктердің асқан байлығын орыс саудагерлері қашанда арзан бағалауға тырысты. Бір отты қару үшін жергілікті тұрғындар қаншама құнды аң терілерін беретін болды. Мысалы, бір отты қаруды тігінен қойып сол мылтықтың бойына жеткенге дейін аң терілерін қалап, қарудың құнын өлшейтін болған. Орыс саудагерлері тек сауда ісімен ғана айналысып қойған жоқ, арнайы тапсырмамен жергілікті жерде барлау жұмыстарын да жүргізіп отырған.
Саяси құрылысы мен тарихы. Сібір хандығындағы ең жоғарғы билеуші хан саналды. Хандық билік атадан балаға мұрагерлікпен берілді, алайда ханды сайлауға шонжар ақсүйектер мен сұлтандар, билер қатысып отырды. Хан өзінің қасындағы «диуан» деп аталған Хан кеңесіне арқа сүйеді, ал хандықтағы ең жоғарғы орган болып есептелінді, мұнда аса маңызды деген мемлекеттік мәселелер шешілді. Басқару аппаратының басында ханның аға- інілері, туған-туысқандары, мұрагерлері шоғырланды. Ханның кеңесшілерін – «аталықтар» деп атаса, одан кейінгі төменгі сатыда ханның үәзірлері тұрды. Биліктің келесі сатысында орын алған даруғалар мен жасауылдар Хан кеңесінің шешімдерін, үкімдерін орындаушылар болды.Әкімшілік қызметтің «қазылар» мен «жаршылары» хан үкімін таратумен айналысты. Ал жекелеген руларды басқарушыларды билер деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет