Лекция тақырыбы: Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.) Лекцияның оқыту нәтижелері


Алтын Орданың ыдырау барысында пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктердің бірі Ноғай Ордасы



бет9/13
Дата20.02.2023
өлшемі56,75 Kb.
#69644
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лекция 4 2022-2023

4. Алтын Орданың ыдырау барысында пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктердің бірі Ноғай Ордасы еді. ХІV-XV ғасырларда оған Батыс Қазақстанның аумағы кірген. XІV ғ. аяғынан бастап Жайық пен Еділ арасындағы бұл тайпалардың бірлестігі оның ең ірі бір тайпасының атымен «Маңғыт жұрты» деп аталды. Ноғай Ордасы іс жүзінде 15 жылдай (1396-1411) өз қолында ұстаған Едіге тұсында Алтын Ордадан оқшаулана бастады. Бұл процесс оның баласы Нұр-ад-диннің (1426-1440) кезінде аяқталды. Едіге Тоқтамыс пен соғысты, феодалдық аласапырандар мен қырқыстар кезеңінде Алтын Ордаға хандарды өзі қойып, Ноғай ұлысын күшейту үшін көп іс тындырды. Кейініректе Маңғыттардың көсемдері шығыстағы көршілеріне бағдар алып; Әбілқайыр ханның, содан соң қазақ хандарының одақтастары болды. XV ғасырдың ортасына қарай Ноғай Ордасы тәуелсіз мемлекетке айналды.
Әмір Темірдің Дешті Қыпшаққа жасаған жорықтарынан кейін Ұлы дала біржолата дағдарыс кезеңіне аяқ басты. Дағдарыс Еділ бойындағы қалалы өлкені де, Шығыс Дешті Қыпшақтағы көшпелі тайпаларды да қамтыды. Жүздеген жылдар бойы қыр өңірі жауынгер тайпаларының басын қосып «Ұлық ұлыс» атанып келген көшпелілердің соңғы империясы келмеске кетті.
Заманында Тоқтамыспен жауласып, Алтын Орданың құлауына себепкер болған көсемдердің бірі Едіге би мемлекетті қайта қалпына келтіруге тырысқанымен еш нәтиже шыққан жоқ. Едіге ең алдымен Шығыс Дешті Қыпшақты билеген көшпелі рулардың басшысы еді. Ортағасырлық атақты тарихшы Ибн-Арабшах Едігені «сол қанаттың басты әмірлерінің бірі» дейді. Ал сол қанат бұл ең алдымен Орда Ежен мен оған еншілес Тоқай Темір сияқты Жошы тұқымдарының иелігі. Тарихи деректерге қарағанда Ақ Орда осы сол қанат ұғымына кіретін тайпалардың құрған мемлекеті. Шыңғыс әулетінің билігі әлсіреген уақытта Едіге империяның тұтастығын ұстап тұратын жаңа күштерді іздестірді. Осылайша Шайбан тұқымы көтеріле бастады. Осы дағдарысты заманның бір нәтижесі Еділ мен Жайық өлкелерінде құрылған және Қазан, Астрахан, Сарайшық, т.б. қалалық орталықтарға сүйенген Ноғай Ордасы болды. Алтын Орда заманындағы көшпелілердің негізгі этникалық құрылымы «ноғайлы» мен «Ноғай Ордасын» шатастыруға болмайды. Оның біріншісі Бату мен Берке хандар тұсында Алтын Орда әскерін бастаған Ноғайдың есімімен белгілі (Ноғай қарамағындағы жауынгер тайпалар), екінші бұлғақ кезеңінде Едіге бидің жанынан табылған ел. Едіге маңындағы елдердің ішінде саны көбі маңғыт тайпасы болғандықтан, Ноғай Ордасын кейбір деректерде Маңғыт Ордасы деп атайды.
Едігенің ұлы Нұрадиннің (1226-1441 жж.) кезінде Ноғай Ордасы Алтын Орданың құрамынан біржолата бөлініп шығады.
Ноғай Ордасының жер көлемі осы кездері біршама ұлғайды. Ең алдымен ноғайлар өз жерлерін Жайықтың солтүстік жағалауына дейін жеткізді. Олар солтүстік шығыс Сібірден Сырдария мен Арал маңы, Каспийдің солтүстік өңіріне дейінгі жерлерде еркін көшіп қонып жүрді. ХV ғасырдың ортасына қарай Ноғай ордасы Сырдария бойындағы кейбір қалаларды да жаулап алды. Маңғыт Уақас би ХVғасырдың ортасында Үзгент қаласының билеушісі болған. Ноғай Ордасында Жаңбыршы, Мұса мырза сияқты белгілі адамдар елдің саяси өміріне өз ықпалын тигізген. Ноғай Ордасының орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы болды.
ХV-XVI ғасырлардың басында Солтүстік Қаратеңіз бойына қарай жылжыған ноғай тайпалары Бессарабия жеріне жетті. Ол көшті бастаған Едіге ұрпағы Орақ пен Ормамбет билердің ұлдары еді.
ХVI ғасырдың ортасында Кавказ даласында Кіші Ноғай ордасы деген шағын мемлекет дүниеге келді. Оны құрған Орақ мырзаның баласы Казы (Кази) батыр. Ноғайлардың бұл тобы кейіннен «қара ноғай» атанып кетті.
Ноғай тайпаларының батысқа қарай жылжуына Қазақ хандығы да әсер етті. Жаңа құрылып жатқан жас мемлекетке ұлан байтақ аумақ, жер қайысқан әскер керек болды. Осылайша қазақ елімен шекаралас ноғай ауылдары қазақ құрамына кірді де, ол одаққа көнбегендері батысқа қарай жылжыды.
1550жылдары Едіге бидің ұрпағының өз ішінде жанжал шықты. Оның ең бір ауыр көрінісі ағайынды Смайыл мен Сары Жүсіп мырзалардың арасындағы күрес. Сары Жүсіптің елі қазақтармен, Сырдарияның төменгі ағысындағы Хорезм иеліктерімен, Бұхарамен, ал Смайылдың ұлысы Мәскеумен тығыз қарым- қатынас орнатты.
Смайыл Жүсіпке жазған бір хатында «сендер менің Ресеймен дос болғаныма ренжисіңдер, сендерге айтуға жеңіл, саудаларың Бұхарамен жүріп тұр, ал менің адамдарымның өлсе оны орайтын кебіні де жоқ. Егер Мәскеу болмаса оларды жалаңаш көмеміз» деген. Ақыры осы қайшылық Ноғай Ордасының түбіне жетті. Бір әкеден туған екі ағайынды мырзаның өзара соғысынан кейін ноғайлар жеке ел болудан қалды. 1555 жылы өлген Сары Жүсіптің соңынан ерген ел Қазақ хандығына келіп қосылды
Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік ханның колында болды. Ұлыстарды шексіз билікті иемденген мырзалар басқарды. Әскери және елшілік істерді княздар атқарды. XVІ ғасырдың екінші жартысында Қазан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырып кетті, оның ыдырау процесінде халықтың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет