Лекция тақырыбы: Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.) Лекцияның оқыту нәтижелері



бет2/13
Дата20.02.2023
өлшемі56,75 Kb.
#69644
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция 4 2022-2023

Жорық 1219 жылдың қыркүйек айында басталды. Шамамен 150 мың әскер жинаған Шыңғысхан Ертістен Сырдарияға бет алды. Отырарды қоршауға Шыңғысханның екі ұлы – Жент пен Янгикентті, үшіншісі қосындарды алуға, ал Шыңғысханның өзі негізгі күшпен Бұхараға жылжиды.
Отырар билеушісі Қайырханның қол астында шамамен 20-25 мың әскер бар еді. Қаланы қоршау бес айға жуық созылды. Хорезмдік әскербасы Қараджахаджибтің сатқындығынан жау қалаға кіреді. 1220 жылдың ақпанында Отырар толығымен жау қолына көшті. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қыпшақтар астанасы Сығанақты 7күн және 7түн қоршады. Ақыры басып алған соң тұрғындарын қырып тастады.
Шыңғысхан қолы Сырдың бойымен төмен жүріп отырып, Өзгент және Баршыкент қалаларын қарсылықсыз ақ алды. Ашнасу қаласын қорғаған кедейлер қатты қарсылық көрсетті. Бірақ күш тең емес еді.
Бұдан кейін Жент пен Янгикент қалалары құлады. 1220 ж. Жошы хан Жент қаласында өткізді. 1221 жылы Үргеніш қаласын бағындырған соң Аралдың Солтүстік шығысындағы елді мекендерге бет алды. Қыпшақтар қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүкті. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған Қыпшақтар қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүкті. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған 30 мың әскер Солтүстік Иран арқылы 1220 жылы Кавказға кірді де аландарды, қыпшақтарды половецтерді және Калкадағы орыстарды талқандаған соң Қазақстан даласы арқылы Шыңғысхан ордасына 1224 жылы оралды. Осылайша 1219-1224 жылы монғол шапқыншылығы нәтижесінде қазіргі Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.
Жошы ұлысына Ертіс өзенінен батыс Еуропа жеріне дейін. Шығыс Дешті Қыпшақ даласы, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік Шығыс бөліктері.
Шағатай ұлысы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) мен Орта Азия жерлерін алды. Астанасы Алмалық қаласы. Ұлысқа Шығыс Түркістан жері де енген.
Үгедей ұлысы Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы.
Төле ұлысы Монғолия жерін билеген.
Немерелер ұлысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет