Хандықтың ыдырауы мен тарихтағы орны. ХVІ ғасырдың басында Есен Бұға өлгеннен кейін хандық билікті қолына алған Жүніс ханның тұсында ішкі талас Моғолстан мемлекетінің әлсіреуіне, оның біржола ыдырауына алып келді. Моғолстан мемлекетінің дағдарысына Мұхаммед Шайбани бастаған өзбек тайпаларының жаугершілік күресі де әсер етті. Жүніс ханның үлкен ұлы Сұлтанмахмұт хан (қазақ шежіресінде Жәніке хан) және оның інісі Сұлтанахмет (шежіреде Алаша хан) тұсында моғол билеушілері Шайбани ханға жәрдем жасады. Соның арқасында өзбек ханы Бұхара мен Самарқанды бағындырды. Тым күшейіп кеткен Мұхаммед Шайбаниді тоқтатуға моғолдардың күші жетпей қояды. Ақыры 1504 жылы Жәніке (Сұлтанмахмұт) хан Шайбанидің бұйрығымен өлтірілді.
Осы оқиғадан кейін де Моғолстан өмір сүруін жалғастыра берді. Бірақ оның бұрынғы күш- қуаты жоқ еді. Хандықтың құрамында өмір сүрген үйсін, жалайыр, қаңлы, т.б. тайпалар Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды.
3. Көшпелі өзбек мемлекеті /1428-1468 ж.ж./. XV ғ 20 ж Ақ Орданың ыдырауы мен Жошы әулетінің өзара қырқысы салдарынан солардың ішіндегі ең қажырлысы Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың хандығы дараланып шығады. Жошы ұрпағының өзара күрес тартысы – олардың ішіндегі көрнектілері Жұмадықхан, Махмұт Қожахан, Мұстафахан – Ақ Орданың ханы Барақтың қазасы және Шайбанилік дәулет Шаих оғланың ұлы, Әбілқайырдың 1428 ж хан тағына отыруымен аяқталады. «Әбілқайыр ханның тарихы» атты шығармада О. Кухистанидің айтуынша Әбілқайыр 1412 ж туылған. Ол ертеде жетім қалып, Ишбанның басқа ұрпағы – Жұмадық ханның қоластында болуға және далада жоғары билікке таласқан оның күресіне қатысуға тура келді. 1428 ж Тура облысында 17 жастағы Әбілқайырды хан сайлайды. Жер аумағы: Оңтүстікте Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізінен бастап, солтүстікте Тобыл және Ертіс өзендерінің орта ағысына дейінгі, батыста Жайық өзенінен бастап, шығыста Балқаш көліне дейінгі жерлерді, яғни Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақты, Орталық Қазақстан мен Онтүстік Сібірді алып жатты. Халқының құрамы Ақ Орданың құрамына кірген түркі және түркіленген түркі – монғол тайпаларынан құралды. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті мен тұрмысы жақынан туыстас тайпалар еді. Бұлар «өзбек» деген жалпы атпен бірге аталған. Бірақ тайпалар саны жағынан басымы қыпшақтар болған. Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайы тұрақты берік бола қоймады. ұлыс ішінде жоғары өкімет билігіне таласқан Жошы ұрпақтарымен талассыз және қатал күрес жүргізді. 1430 ж Әбілқайыр Тобыл өзенінің бойында Шайбан әулетінен шыққан Махмуд Қожаны талқандады. Мұның артынша бірнеше рет Хорезмге қарсы жорық жасады. 30 – ж басында ол Махмұд хан мен Ахмед ханға қарсы жорыққа аттанып, жеңіп шықты. Бұл жеңісі үшін өз атынан ақша шығарды. 1446 ж Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. 1446 ж Әбілқайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандарынан Сығанақ, Созақ, Аққорған, ¤згент қалаларын басып алды. Сығанақ хандықтың орталығына айналады (оған дейін Тара мен Орда – Бауарда болатын). 1457 жылы Әбілқайыр хан Сығанақ маңында ӨзТемір тайшы бастаған ойраттармен соғысып, жаңіліп қалды. Осы жеңілістен срң көшпелі халықтың бір бөлігі Жәнібек пен Керей сұлтандардың басшылығымен Әбілқайырдан бөлініп, Моғолстанның батыс бөлігіне Есен-Бұға бөліп берген жерлерге көшіп қоныстанады. ХV ғасырдың басында Ертістен Еділге дейінгі жерді ондаған тәуелсіз көшпелі тайпалар жайлады, «ноғайлы одағы» ыдырағаннан кейін оларды «өзбек ұлысы» деп атады. Қазіргі тарихи деректерге сүйенсек, Дешті Қыпшақтың шығысын Әбілқайыр мемлекеті дейді, яғни Шайбани (Шибан) әулетінің ең атақты билеушілерінің бірінің атымен аталған. Әбілқайыр билігіне дейін Ұлы далада бірнеше тәуелсіз ұлыстар, олардың ішіндегі неғұрлым ірілері Жұмадық хан, Махмұд қожа хан, Мұстафа хандардың иеліктері болатын. Олардың барлығы да Едіге тұқымының қолдауына сүйенді.
Дәулет Шайх оғлан ұлы Әбілқайыр таққа 1428 жылы Батыс Сібір жерінде отырды. Ол елді 40 жыл биледі. Хандықтың жер аумағы шығысында Оралдан Балқашқа дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейін, ал солтүстікте Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейін созылып жатты.
Әбілқайыр хандығы орталықтанған мемлекет бола алған жоқ, ол бірнеше этносаяси және этноаумақтық иеліктерге бөлінді. Әбілқайыр билігі қарсаңында тайпааралық алауыздықтар мен талас-тартыстардың қызып тұрған кезі еді. 30- жылдары ол Тобылда шайбанилық Махмұд қожа ханды, Сарыарқа даласында Жошы ұрпағы Махмұд хан мен Ахмед ханды талқандап, Орда Базарды жаулап алады. 1446 жылы Әбілқайыр Атбасар өзенінің жағасында Мұстафа ханды талқандайды. Оған қарсылық көрсеткендер Жошы ұрпағы Ибақ хан мен Буреке-сұлтан және Орыс ханның шөберелері Керей мен Жәнібек қашуға мәжбүр болады.
Әбілқайыр жаулап алушылық жорықтарын Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да жүргізген. 1430 жылы ол аз уақытта Хорезмді жаулап алып, Үргенішті бағындырады. 1446 жылы Әбілқайыр хан Темір ұрпақтарынан Сырдария бойындағы және Қаратау беткейлеріндегі Сығанақ, Созақ, Аққорған, Үзгент, Аркөк сияқты қалаларды тартып алады. Бұл қалалар оның ең жақын әміршілеріне немесе көбнесе маңғыт руынан шыққандарға берілді. Сығанақ хандықтың астанасына айналды. 50 жылдары Әбілқайыр хан Самарқан мен Бұхараға жаулап алушылық жорықтарын жүргізді. 1457жылы Әбілқайыр Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстанға басып кіре бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде ойсырай жеңіледі. 50 жылдар мен 60 жылдардың басында Жәнібек пен Керей сұлтандар Моғолстанның батысына көшіп кеткендіктен, Әбілқайыр хан 1468 жылы оларға қарсы жорық ұйымдастырып, бірақ жолда мерт болады. Әбілқайыр өлгеннен кейін Ұлы Далада Шайбан (Шибан) тұқымының билігі құлады. Далалық өлкедегі Ақкөл- Жайылма сияқты хан ордалары құлазып бос қалды.
ХІV-ХV ғасырларда Әбілқайыр хандығына қараған тайпалар ортақ «өзбек» деген атпен әйгілі болды. Олар: қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер, ұйғырлар, құрлауыттар, дүрмендер, көнегестер, қияттар (барлығы 92 тайпа). Бұлар негізінен шығу тегі жағынан көбінесе қыпшақ (92 баулы қыпшақ) және де өзге де түркі тайпалары қаңлы, үйсін, қарлұқ сияқты Дешті Қыпшақтың және Оңтүстік Шығыс Қазақстанның ертеортағасырлық тұрғындарының ұрпақтары, сондай ақ баяғыда –ақ түркіленіп кеткен монғолдар еді. Жоғарыда аталған тайпалар мен тайпалық бірлестіктер экономикалық даму деңгейі, қоғамдық қатынастары, мәдениеті жағынан өзара жақын болатын.
1468 жылы Әбілқайыр Моғолстанға жорыққа аттанып бара жатып жолда кенеттен қайтыс болды.