3. Ортағасырлық мемлекеттерXIV-XV ғғ. Қазақстан тарихында ХIV-XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде єр алуан түріктілді және моңғол тілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде қалпына келтіріледі. Моңғол ұлыстары құрамына зорлықпен енгізілген халықтар мен елдердің, облыстардың дербес даму жолындағы күресі, олардың ішкі өміріндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай ұрпақтары мемлекеттің азып-тозып ыдырау процесін тездетеді, моңғол өктемдігі орнағаннан кейін Қазақстан территориясы осынау екі мемлекет құрамына кірген еді. Моңғол жаулаушылары тым ауыр экономикалық зардабы бірте-бірте жойылып, жөнделе бастады. Қазақстанның Оңтүстігіндегі егіншілік кєсібі, қала өмірі, қолөнері, өндірісі, оңтүстік – шығыстағы жер өңдеп, егін салу, қайта туып, өркен жаяды, мал саны көбейеді. Орталық Қазақстан мен Жетісу далалық аудандарының Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның көгалды аймақтары мен жүргізетін сауда байланыстары қалпына келтірілді. Қоғамдық қарым – қатынастар дамуында да бірсыпыра алға басушылық байқалады.
Моңғолдан кейінгі (XIV-XV ғғ.) Шығыс Дешті –Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның (парсы және түріктілді бастаухаттарда Қазақстанның бұ бөлегі Түркістан деп аталады) орасан кең территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы – егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады.
Біріңғай халықпен оның мемлекеттілігін құру жолындағы тарихи қам – харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын жағдайында өтеді. Қазақстан тарихының осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы кезінде моңғол ұлыстары – Шыңғыс ұрпақтарының Дешті – Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде қазақтың өз мемлекеті – Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осыаймақ халқының саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы. XIV ғ. мен XV ғ. бас кезіндегі Қазақстан халқының мемлекеттік бытыраңқылығының сақталып қалуы –енді ғана құрылып жатқан қазақ халқы этникалық жолының, үш жүздің түзілуі сияқты, ерекшелігінің тууына себепші болғанын да атап өту қажет. Сол сияқты тарихи дамудың сол кезеңінде ілгеріде айтылған мемлекеттер шеңберіндегі этникалық-саяси эволюция процессі жаңа ұйымдасып жатқан көрші түркі халықтары-қазақ, өзбек,татар, ноғай, т. б.үшін де-белгілі дәрежеде ортақ болып шыққаны да мєнді құбылыс.