Лекция тақырыбы: Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.) Лекцияның оқыту нәтижелері



бет4/13
Дата20.02.2023
өлшемі56,75 Kb.
#69644
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Алтын Орда дәуірінің мәдениеті.
Алтын Орда мәдениетінің өзегін негізінен Еуразияның көшпелілері мен отырықшы халықтары құрады, бірақ отырықшы жер өңдеуші мәдениеттің ықпалы күшті болды. Алтын Орда мемлекетінде ондаған ірі қалалар саңырауқұлақтай бой көтерді. Көшпелі шаруашылық соншама көп өзгере қоймағандықтан, материалдық мәдениет дәстүрлі болып қала берді. Сонымен қатар отырықшылықтың бірқатар элементтері түркі-монғолдық тайпалар арасында орын алды. Бұл Сарыарқаның кейбір жерлерінде шағын қалалардың, керуен сарайлардың, бекіністердің пайда болуымен дәлелденеді. Батыс Қазақстандағы Сарайшық қаласында теңге соғылған. ХІV ғасырға қарай қала қамалдарын қайтадан қалыпқа келтіру ісі қолға алынды. Ислам дінінің орнығуымен қалаларда мешіттер мен кесенелердің өсуі байқалды.
Ортағасырлық бірден-бір көрнекті архитектуралық ескерткіш Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. Темірдің билігі кезінде салынған бұл кесене Қазақстанда ислам діні таралуының орталығына айналды. Қазақстанда исламды таратуда, қолдауда Йасауи сопылық ағымы белсенділік танытты. Бұл ағымның діни –мистикалық идеялары «Диуани Хикмет» кітабында айтылады.
Орта ғасырларда Сарыарқа даласында Жошы хан, Болған ана, Жұбан ана және т.б. архитектуралық ескерткіштер тұрғызылды. Олар архитектуралық өзіндік сәулетімен ерекшеленеді, төртбұрышты негізде, сфера тәріздес күмбезімен салынған. Бұл дала өңіріндегі архитектуралық дәстүрдің жаңа түрі еді. Алтын Орда дәуірі қазақ материалдық мәдениетіне жаңа мазмұн мен түр енгізді.
Монғолдардың үстемдігі түрік қыпшақ тілінің таралуына бөгет болған жоқ, керісінше түріктендіру процесі жеделдеді. Алтын Орда кезеңінде жазбаша деректер үш диалекті – қыпшақ, оғыз, қарлұқ тілдерінің негізінде жасалған түркі тілінде (шағатай) жазылды. ХІІІ-ХV ғасырларда көптеген діни –дидактикалық кітаптар мен сөздіктер пайда болды. Сафи Сарай «Гулистан би-т-турки», Хорезми «Махамаббатнама», Құтып «Хусрау уа Шырын» туындыларын жазды.
ХІV-ХV ғасырларда Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы жатады. Бұл әдеби дәстүр өз бастауын Сыпыра жырау мен Кетбұғадан алады. Халықтың аңыздарына қарағанда Кетбұғаның көптеген өлеңдері Шыңғысханға арналған, мәселен, Жошы өлімін жоқтау. Сыпыра жырау Тоқтамыс ханның кезінде өмір сүріп, Алтын Ордада болған барлық қиындықтарды шешуге көп септігін тигізген. Асан қайғы «жерұйығын» іздеп ұлы даланы кезген данышпан ойшыл. Оның поэзиясы Алтын Орданың күшеюін көксеген ұлыс ақсүйектері өкілдерінің ойларын бір арнаға салған, империяны сақтауды көздеген үндеулерге толы. Асан қайғы өмірінің белсенді уақыты Әз Жәнібек хан (1342-1357) кезеңіне сай келеді.
ХІV-ХV ғасырлардың ұлы жыраулары қазақ батырлық эпосының негізін салды. «Едіге», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» эпостарында Алтын Орданың әскери және саяси тарихы шынайы бейнеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет