Лекция тақырыбы: Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.) Лекцияның оқыту нәтижелері


Батый ұлысы Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Орталығы Сарай Бату. Еділ өзені бойында, кейін Сарай Беркеге көшірілді (Алтын Орда). Шайбан ұлысы



бет3/13
Дата20.02.2023
өлшемі56,75 Kb.
#69644
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Батый ұлысы Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Орталығы Сарай Бату. Еділ өзені бойында, кейін Сарай Беркеге көшірілді (Алтын Орда).
Шайбан ұлысы Орал, Ырғыз, Тобыл, Сарысу және Сырдария өзенінің төменгі ағысы жерлері.
Ежен ұлысы Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Сырдария өзенінің төменгі ағысы.
Шыңғысханның және оның iзбасарларының соғыстары жаулап алынған елдердiң ғана емес сондай-ақ бүкiл Монғолияның өздерiнiң де өндiргiш күштерiн күйзелiске ұшыратып құлдыратты.
3. Алтын Орда. 1243 жылы Еділдің төменгі бойында Алтын Орда мемлекеті құрылды. Алғашқы билеушісі Батый хан болды (лақап аты - Сайын). Территориясы Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм, Батыс Сібір территориясының бір бөлігімен қоса Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Алтын Орданың астанасы Сарай Бату (Астрахань маңы) деп аталды. Кейін Сарай Берке деп ауысты. Сарай Берке –Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы болды. Орыс князьдықтары Алтын Орда мемлекетіне салық төл Орыс князьдықтары Алтын Орда мемлекетіне салық төлеп тұрды.
Алтын Орда ұлысы бір текті емес. Алтын Орданың көшпелі халқын негізінен түркі тілдес тайпалар қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. құрады. Отырықшы халқы Отырықшы халқы мордвалар, орыстар, хорезмдіктер құрады, ал монғолдардың өзі өте аз болды. ХІІІ- ХІҮ ғ Алтын Орда ғ Алтын Орда мемлекетіндегі халықтың барлығын татарлар деп атаған. Тілі қыпшақ тілі. ХІҮ ғ монғолдар толығымен түркіленді.
Бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді яғни Повольже мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір жерде түгелдей Жошы ұлысы айтылған Батый 1227-1255ж Алтын Ордаға билігін жургізуде көп беделге ие болды (баласы өзінің мирасқоры Мөңкемен бірге) биледі. Алайда Батый да оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында бір тұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Алтын Ордада, өз кезегінде, ұлыс жүйесі қалыптасты. Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.
Алтын Орда XIII-XIV ғасырларда күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекет ретіндегі беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдет салалары өсті. Оған, біріншіден, түркі текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениеті, әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Беруни, Ас-Сығанақи, Ибн Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмет Ясауи, т.б. ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден, көрші елдер мәдениетінен үйренудің ізгі ықпалы болды.
Алтын Орда хандары Батый (1256 ж. өлді), Берке (1257-66 ж), Мөңке-Темір (1266-80 ж.), Туда-Мөңке (1280-87 ж.); Төле-Бұқа (1287-91 ж.), Тоқты (1291-1312 ж.), Өзбек (1312-42 ж.), Жәнібек (1342-57 ж.) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы өркендеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери феодалдық алпауыт-бектердің құрылтай шақырылып тұрды. Мемлекеттік құрылыс әскери негізде болды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-оғландар: түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары – оғландар, әмірлер, даруға-бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін губернаторлар – жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскер күшімен алым-салық жинау еді. Алтын Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әр келкі болды.
Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі біркездері Шыңғысхан құрған Ұлы Монғол империясының басқару дәстүріне өте ұқсас болды. Мемлекет Жошы ханның ұлысы болып есептелді. Қазақстан жерінде Шыңғысханның «Жасақ» заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғысхан ұрпағы ғана хан болып сайланды. Алтын Орда мемлекеті оң қанат және сол қанат болып бөлінді. Қазіргі Қазақстан жері сол қанатқа кірген.
Мемлекеттік маңызды істер жылына бір рет шақырылатын ақсүйектер құрылтайына шешімін тауып отырды. Ханнан кейінгі басқарудың жоғарғы тобы – сұлтандар (төрелер) болды.
Әскер және дипломатиялық мәселелерге беклербек басшылық жасады. Ал ішкі мәселемен айналысатын уәзірлер атқарушы орган диуанға да басшылық етті. Салық жинау ісімен даруғалар айналысты. Сонымен қатар әскери басқару жүйесі, алым-салық істері сияқты маңызды мәселелер басқақатардың қолында болды. Ханның туыстары, нояндар, бектер және әмірлердің қолына да бірқатар биліктер қарады және ең соңында қара сүйектен шыққан билеуші тап немесе «қараша бектер» тұрды.
Мемлекетте іс қағаздар жүргізу дәстүрі орнықты. Онда арнайы хатшылар қызмет жасады. Негізінен араб әліпбиіне негізделген түрік жазуы қолданылды.
Көшпелі халықтарда (қыпшақ, монғол, татар тайпалары) жартылай патриархтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдайы мейлінше ауыр болды – олар екі жақтан бірдей қаналды: ханға да, жергілікті ірі алпауыттарға да алым-салық төледі. Бастапқыда салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңінен қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңделгенжерден заттай алынатын салық төледі. Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп, салықтарын өтеді. Бұлардың үстіне жол, көпір, көлік, арық, жүзім т.б. салықтары болды. Жеке меншікті қорғау үшін мемлекеттік заң және мемлекеттік идеология қалыптасты.
ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішкі алауыздықтың кесірінен әлсірей бастайды. Әз Жәнібектен кейін билікке келген Бердібек екі жылға жақын уақыт ішінде Жошыдан тараған өз туыстарын, тіпті өз ұлдарын да өлтірді. Қазақ шежіресі бұл оқиғаны «Бердібекте нар мойыны кесілді» дейді, яғни Жошы тұқымының билігі аяқталды. 1357-1380жылдар аралығында билікте жиырмадан астам хан болып, олар билік үшін тартыста бірін-бірі өлтірген. 1380 жылы Мамай мырза басқарған Алтын Орда әскері Куликово даласында Дмитрий Донской әскерлерінен жеңіледі. Осыдан кейін Алтын Орда әлсірей түседі. Ал Куликовадағы жеңілісті пайдаланған Тоқтамыс Алтын Орда билігін тартып алады. Билігін күшейте түсе мақсатында Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге барып кіріп қаланы өртеп жібереді. Тоқтамыс сонымен қатар Мауараннахрға, Кавказ елдеріне де шабуыл жасайды. Мауараннахр билеушісі Әмір Темір кек алу мақсатында Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, халқын қырғынға ұшыратып, мемлекетті мүлдем әлсіретіп жібереді.
ХV ғасырдың соңына қарай Алтын Орда мемлекеті біржолата құлайды. Оның құрамынан Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым және Астрахан хандықтары бөлініп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет