Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Ж ү р е к т і ң д ы б ы с т а р ы мен шуы



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

Ж ү р е к т і ң д ы б ы с т а р ы мен шуы. Соғып тұрған жүректің өзіне тән дыбысы (тоны) болады. 
Ол дыбысты стетоскоп арқылы не жүрек орналасқан жақты кұлақпен тыңдау арқылы естуге болады. Дені 
сау адамның жүрегі соққан сайын екі түрлі дыбыс шығарады. Оның біреуі төмен, онша қатты емес, бірақ 
ұзаққа созылады. Бұл дыбыс екі-үш жақтаулы қақпақтардың жабылуынан, әрі қарыншалардың қабырға 
еттері жиырылғанда пайда болады. Барлық еттер жиырылғанда дыбыс шығарады. Екінші дыбыс жоғары
ашық болады да әрі тез сөніп қалады. Бұл дыбыс айшық қақпақтардың жабылуынан пайда болып, әрі 
қарыншалардың жиырылуының біткендігін көрсетеді. Осы екі дыбысты зерттеу арқылы дәрігерлер жүрек 
қақпақтарының қызметін байқайды. Мысалы, айшық қақпақтар бұзылса, екінші дыбыстың орнына жұмсақ 
сырылдаған шу пайда болады. Мұнда ревматизм, т. б. ауруларға байланысты айшық қақпақтар бұзылады да, 


тығыз қатты жабылмай, арасында тесік қалады. Сол тесіктен артерия тамырларынан, қолқадан қан 
босаңсыған қарыншаларға қайта құйылады. Екі-үш жақтаулы қақпақтардың бұзылуына байланысты бірінші 
пайда болатын жүректің дыбысы өзгереді. 
Экстрасистола. Жүрек еттерінде рефрактерлік кезең аяқталғанда, синус түйінінде пайда болған 
қозудың әсерінен жүрек еттерінің кезектен тыс жиырылуын — экстрасистола деп атайды. 
Бұл уақытта пайда болған пауза ұзақтығы көбеймейді. Ал қарынша қозғанда пайда болған 
экстрасистоладан кейін пауза уақыты ұзарады. Оны компенсаторлық пауза деп атайды. 
Экстрасистоланы артрио-вентрикулярлық түйін кезектен тыс қозған жағдайда байқауға болады. 
Фибрилляция деп жүрекшелер мен қарыншалардьщ өте жиі, бір минутта 400—600 ретке дейін әр 
түрлі бағытта ретсіз жиырылуын айтады. 
Жүрек фибрилляциясы — қан айналыс процесін шүғыл өзгертіп, организмді өлімге әкеліп соғады. 
Фибрилляцияны тоқтату үшін жүрекке немесе денеге өте күшті электрконденсаторлық заряд беру керек. 
Электр тогінің қатты әсері қарыншаның барлық ет талшықтарында бір уақытта қозу пайда етіп, жүрек 
еттерінің үйлесімді қызметін қайтадан қалпына келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет