төмендейді,, қатаяды, жұмсарады деп ажыратады. Пульс жүректің қызмет дәрежесін, қан тамырлар
системасының жалпы жағдайын көрсетеді.
В е н о з д ы қ п у л ь с — артерия тамырларының пульс толқыны артериолдарға да өтеді, орташа,
ұсақ веналарда болмайды. Ал жүрекке жақын жатқан ірі вена тамырларындағы соғу жүрек
жиырылуына
байланысты. Вена тамырлары жүрекке қанды үздіксіз жеткізіп тұрады. Жүрекше систоласында қан
жүрекке кіре алмай веналарда ұсталып, ондағы қан қысымьш жоғарылатады.
К а п и л л я р л а р д а ғ ы қ а н а й н а л ы с ы . Қапиллярлардағы қан айналысы организм
клеткаларында зат алмасу процесінің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.
Барлық қан айналу жүйесінің негізгі қызметі қажетті қан мөлшерін капиллярға жеткізу. Әр
капиллярдың ұзындығы 0,2—4 мм, көлденеңі 0,007 мм жуық. Сонда әр капиллярдың көлемі ете аз екенін
байқаймыз. Мөлшер аз болғанмен оның санының көптігі есесін қайырады.
Қапиллярдың ішкі қабатын
құрайтын борпылдақ байланыстырғыш ткань, клетка элементі базальдық қабаттан тұратын эндотелия
клеткаларынан құралады.
Қапиллярлар өте ұсақ прекапилляр деп аталатын артериалдардың аяқталатын бөлімінен құралады.
Олардың қабырғасында да аздаған ет талшықтары бар. Капиллярлардың прекапиллярдан бөлінетін жерінде
сақина тәрізді бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұратын, әрі жиі кездесетін прекапилляр сфинкторлары
болады. Сфинкторларды симпатикалық нерв жабдықтайды. Прекапилляр
сфинкторлары жиырылуы жеке
капиллярларды қан айналу жүйесінен бөліп, оған қанның баруын тоқтатады.
Капиллярлардың саңылауларының үнемі толық жабылуы, ашылуы, олардың көлденең кесіндісін
тарылтып, кеңітіп тұрады. Дене еттері барлық мүмкіндігінше
жұмыс істегенде, ондағы ашылатын
капиллярлардың саны (1 мм
3
) үш мыңға дейін жетеді. Ал бұл сан барлық капиллярлардың қосындысының
келемімен өлшегенде оның 10 процентіне сәйкес келеді. Капилляр саңылауларының бұл қасиеті
органдардың жұмыс дәрежесіне қарай қанның организмде бөлініп жіберілуі қамтамасыз етіледі. Жұмысты
көп жасаған органдар қанды көп алады және керісінше.
Достарыңызбен бөлісу: