Ж ү р е к - т а м ы р с и с т е м а с ы н ы ң р е ф л е к т о р л ы қ ж о л м е н ө з і н - ө з і р е т т е
у і.
И. П. Павлов өзінің толып жатқан зерттеулеріне және басқа да авторлардың зерттеу жұмыстарына
сүйене отырып, қан тамырлары қабырғасының өзін-өзі рефлекторлық жолмен реттейтін қасиеті арқасында
қанның қысымын әр уақытта тұрақты ұстап тұратындығын дәлелдейді.
Жүректің және қан тамырларының қызметі өзін-өзі рефлекторлық жолменен реттеуі үшін,
орталық
нерв системасына жүрек-тамыр системасындағы рецепторлардың қозу импульсі орталыққа тебетін нерв
арқылы жеткізіліп тұруы керек. Жүректе және тамырларда болып жатқан өзгерісті әкелетін импульстің
хабарына қарай, орталық нерв системасындағы, сопақша мидағы нерв орталықтары жауап қайтарады.
Соның нәтижесінде жүрек-тамыр системасының жұмысы өзін-өзі рефлекторлық жолмен реттегі отырады.
Р е ф л е к с о г е н д і к з о н а л а р . Жүректің өзінде және қан тамырларында сезім нерв
талшықтарының ұшы рецепторлармен аяқталады. Олар қан қысымының шамасын оның химиялық
қүрамының өзгеруін қабылдап отырады. Осы рецепторлардың орналасқан жерін рефлексогендік зона деп
атайды.
Рецепторлар —
қолқа доғасында, вена және лимфа тамырларында, жүрекшелерде және вена
қуыстарының құяр жерінде, жүректің өз қан тамырларының қабырғасыңда, сүйек майында, лимфа
бездерінде, күре тамырдың тарамдалған жерінде (каротид синус), мидың тамырларында, қарынның, ішектің,
көк бауырдың, бүйректің, өкпенің, жатырдың т. б. органдардың қан
тамырларының қабырғасьшда
орналасады.
Ж ү р е к - т а м ы р с и с т е м а с ы н ы ң г у м о р а л ь д ы қ ж о л м е н р е т т е л у і .
Гуморальдық жолмен реттелу — деген қан арқылы реттелу. Ол рефлекторлық жолға бағынышты,
себебі зат алмасу процесі нерв системасы арқылы өзгеріп отырады. Жүрек-тамыр системасының
гуморальдық жолмен реттелуіне зат алмасу процесінің нәтижесінде қан құрамының өзгеруі әсер етеді.
Қанның құрамындағы калий мен кальций ионының мөлшері жүрек қызметіне әсер етеді. Калий ионы
шамадан көп болса, жүректің соғуын баяулатады, жүрек еттерінің жиырылу күшін төмендетеді. Импульс
өткізуі баяулап, жүрек тоқтап қалады. Ал кальций
ионы шамадан тыс қөп болса, керісінше әсер етеді.
Жүректің бір қалыпты қызмет атқаруы үшін қанда осы екі ион белгілі бір шамада болуы шарт. Калий ионы
жүрекке кезеген нервтей әсер етсе, кальций ионы симпатикалық нервтей әсер етеді.
Кезеген нервті тітіркендіргенде ұшынан — ацетилхолин, ал симпатикалық . нервті тітіркендіргенде—
адреналинге және норадреналинге ұқсас симпатин деген зат бөлінеді.
Ацетилхолин белінісімен холинэстераза ферментінің әсер етуінен ыдырап кетеді, сондықтан
ацетилхолиннің өзі, тек пайда болған жеріне ғана әсер етеді. Симпатин тотығу арқылы ыдырайды, оның
әсері ұзағыраққа созылады. Егер екі нервтен, яғни кезеген және симпатикалық нерв талшықтарынан
құралған аралас нервті тітіркендірсек, жүрекке ацетилхолин және симпатин екеуі де бір уақытта бөлінеді,
бірақ ол
екеуі бір мезгілде әсер етпей, алдымен ацетилхолин, кейіннен симпатин әсер етеді. Жүректің
қызметіне қандағы бүйрек. үсті безі гормоны адреналин, қалқан безі гормоны тироксин симпатикалық
нервтей әсер етсе, ал холин туындылары кезеген нервтей әсер етеді. Қан тамырларының көлденең
қимасының тарылуына және кеңеюіне сутегі ионының концентрациясынан басқа гормондар да әсер етеді.
Ұсақ артерияларды, капиллярларды негізгі тарылтатын гормон — адреналин.
Алайда барлық
органдардың қан тамырларына адреналин бірдей әсер ете бермейді. Мысалы, адреналиннің белгілі мөлшері
терінің, өкпенің, бүйректің және барлық ас қорыту системасының артерияларын және каапиллярларын
тарылтса, ал жүректің өз қан тамырларын, мидың тамырларын кеңітеді. Көлденең жолақты ет
талшықтарындағы қан тамырларын адреналиннің мөлшері аз болса тарылтады, ал көп болса кеңітеді.
Адреналиннің әсері оның қандағы концентрациясына да байланысты болады.
Гипофиз безінің артқы бөлімінің гормоны вазопрессин де қан тамырларын тарылтатын қызмет
атқарады. Жеке органдардағы қан тамырлары сол органдағы зат алмасу процесінің нәтижесінде түзілген:
аденил, сүт және көмір қышқылдарының әсерінен тарылтып отырады.
Гистамин — қарын мен ішектің —қабырғасында және ет талшықтарында ыдыраған белок өнімдерінен
жасалады. Ол қан тамырларын кеңейтетін қызмет атқарады. Гистамин қанға өткеннен кейін капиллярларды
кеңітеді. Гистаминнің аз мелшері органдарды қанмен жақсы қамтамасыз етеді. Ал егер гистаминнің қандағы
мөлшері шамадан тыс көп болса, барлық
капиллярларды бірдей кеңейтіп, қанның қысымын ете төмен
түсіреді. Соның нәтижесінде жүректің қызметі баяулайды, тіпті тоқтап қалуы да мүмкін.
Қ а н а й н а л ы с п р о ц е с і н е і ш к і және с ы р т қ ы ф а к т о р л а р д ы ң ә с е р і .
Қанның қысымын және қанның органдарға бөлінуін дененің сыртында орналасқан рецепторларда мысалы:
көз, құлақ, дәм, иіс, теңбе-теңдік, терінің ауруы сезім температурасын тітіркендіру арқылы рефлекторлық
жолмен өзгертуге болады. Мысалы: ауру және суық сезім қан тамырларын тарылтады, ал жылы сезім қан
тамырларын кеңейтеді. Ауру, тағы басқа сезім процестері симпатикалық нерв системасын қоздырып
адреналиннің қанға көп өтуіне себеп болады. Бүл екі факторда қан тамырларын тарылтып, қанның
қысымын өте жоғарлатады.
Қан тамырларының рефлекстері толып жатқан ішкі органдарда
орналасқан рецепторлардың
тітіркенуінен де өзгеріп отырады.
Ж ү р е к - т а м ы р с и с т е м а с ы н ы ң р е т т е л у і не ү л к е н ми с ы ң а р л а р ы
қ ы р т ы с ы н ы ң т и г і з е т і н ә с е р і . 1874 жылы орыс физиологы В. Я. Д ан и л е в с к и й үлкен
ми сыңарлары қыртысының маңдай бөлімінде жүректің қызметін реттейтін ең жоғарғы нерв орталығының
бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Жүректіқ қызметі бас мидың әр жерін және ми сыңарларының қыртысын тітіркендіргенде де өзгеріп
отырады.
Қанның қысымын реттейтін ең негізгі нерв орталығы үлкен ми сыңарларының қыртысында бар
екендігін 1886 жылы В. М. Б е х т е р о в пен Н. А. М и с л а в с к и й ғылыми тәжірибе арқылы
дәлелдеген. Олардың қатысуымен жүректің қызметін және қан тамырларының тарылып-кеңейіп түруын,
адамның рухани күйі және ішкі сезім әсерлері арқылы да өзгертуге болады. Адам жасының ерекшеліктеріне
байланысты жүрек және қан тамырларының қызметі бейімделіп, өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған жас
баланың және бастауыш мектеп жасындағы балалардың жүрегі үлкен адамдардікіне қарағанда, өте жылдам
соғады. Оның себебі: симпатикалық нерв кезеген нервке қарағанда ерте дамиды. Қезеген нервтің тонусы 3
жастан асқан балада пайда болып, одан әрі қарай күшті, әрі тез дами бастайды, 7—8
жастағы балада
жүректегі нервілер нетізінен дамып болады.
Достарыңызбен бөлісу: