шығаратын еттер босаңсып, бөгеліп тұрады, өкпе созылып ауа ішіне кіреді. Ал, тынысты шығарғанда,
керісшше тыныс алғызатын еттер босаңсып бөгеледі, тынысты шығаратын еттер қозып жиырылады, соның
нәтижесінде кеңіген көкірек клеткасын жан жағынан қысады, ал төменгі жағынан диафрагма еттері
жиырылып жоғары көтеріліп, ол да көкірек клеткасының ішін тарылтады,
әкпе жиырылады, ішіндегі ауа
сыртқа шығарылады.
Тыныс алғызатын еттерге - диафрагма, сыртқы қабырға арасы, шеміршек арасы еттері жатады, ал
тыныс алу процесі күшейіп, тереңдесе, осы еттерге қосымша үш жұп сатылы еттер, төс-бұғана емізік тәрізді
еттер, қабырғаны көтеретін алдыңғы және артқы тіс тәрізді еттер, жауырынды көтеретін және арқаның
жалпақ еттері, трапеция тәрізді еттер, үлкен және кіші көкірек еттері жатады. Бұл еттер көкірек қуысын
кеңітуге де қатысады.
Тынысты шығаратын еттерге - диафрагма, қабырға арасының ішкі еттері, ал тыныс шығару процесі
күшейіп тереңдесе, қосымша сыртқы
және ортаңғы сегіз көз еттері, артқы төменгі тіс тәрізді еттер және
құрсақтың қиғаш және тура еттері жатады. Бұл еттер көкірек қуысын тарылтуға да қатысады.
Тыныс алудың екі түрлі жолы бар: көірек арқылы, мұнда көкірек клеткасының еттері жиырылады. Ал
құрсақ арқылы, мұнда диафрагма жиырылады. Көкірек арқылы тыныс алу көбінесе әйелдерге, құрсақ
арқылы тыныс алу ерлерге тән.
Көкірек ңуысындағы теріс ңысымның маңызы
Тынысты алғанда кекірек қуысы кеңейеді, өкпе созылады да ішіне ауа кіреді. Өкпенің ауа көпіршіктері
серпімді тканьдерден тұрады да, сырты ауа өткізбейтін висцераль плеврасымен қапталады. Ал висцераль
плеврасы көкірек қуысының іш жағын қаптап жататын, париеталь плеврасымен өте тығыз жанасып
жатады. Осы екі плевра қабатының арасында бірімен-бірін үйкелістірмейтін плевра сұйығы бар. Плевраның
бұл екі қабаты бір-бірімен өте тығыз жанасып жатқанмен, үнемі өкпе өзінің табиғи көлемінің шегін
сақтамай, созылыңқырап жатады да, екі плевраның арасындағы қысымның атмосфера қысымынан кем
болуына себеп болады. Бала туғанша оның өкпесі қысыңқы күйде болады. Ал
екі плевра арасындағы
қысым атмосфера қысымымен салыстырғанда, сәл ғана кем болады, сөйтіп, планцетадан ұрыққа қарай
қанның ағуын жылдамдатады, Сонда жаңа туған баланың көкірек қуысындағы қысым атмосфера
қысымына жақын болады. Бала туғаннан кейін, ең бірінші рет тыныс алғанда, өкпенің ішіне ауа кіріп, өкпе
керіледі, организм өскен сайын қысым бірте-бірте азая бастайды. Туғаннан кейін екінші жетіде-ақ теріс
қысым арта бастайды. Оның себебі, көкірек қуысы өкпе тканіне қарағанда тез өседі, сондықтан да үлкен
адамдарда тыныс шығарғанда теріс қысым сақталады.
Өкпенің серпімділік қасиетіне байланысты екі плевра арасындағы қысым, атмосфера қысымынан
кем болады, осыны көкірек қуысындағы теріс қысым деп атайды.
Тыныс алғанда көкірек қуысындағы теріс қысым көбейеді, ал тыныс шығарғанда теріс қысым азаяды.
Тыныс алғанда екпенің өзінің ішіндегі қысым атмосфера қысымына тең болады, ал плевра қабаттарының
арасындағы қысым одан төмен, сондықтан ішіне ауа кірген өкпе созылғанмен
кекірек қуысының
қабырғасына барып тірелмейді. Теріс қысым тыныс алғанда өкпенің ішіне ауа кіруіне себеп болады. Егер
көкірек қуысы жарақаттанып, екі плевра арасына ауа кіріп теріс қысым атмосфера қысымымен теңессе,
тыныс алу процесі тоқтайды. Екі плевра арасына ауа кіріп кетсе, оны пневмоторакс деп атайды. Екі жақты
пневмоторакс болғанда, өкпе жабысып ішіне ауа кіре алмай қалады да, адам тыныс ала алмай тұншығып
өледі.
Көкірек қуысындағы теріс қысым жүректің де қызметін қамтамасыз етеді. Тыныс алғанда кекірек
қуысында қысым төмендейді. Ал құрсақ қуысында жоғарылайды. Сонда құрсақ қуысындағы вена қаны
төменгі қуыс вена арқылы жүрекке қарай етеді де, жүректің диастола уақытында кеңеюіне себепші болады.
Бүдан біз тыныс алу мен қан айналыс системаларының қызметінің бір-бірімен өте тығыз байланысты
екенін көреміз.
Өкпе ж е л д е т к і ш і . Жай ғана тыныс шығарғаннан кейін де өкпеде тағы ауа қоры және қалдық ауа
қалады. Осы екі ауа көлемінен альвеола ауасы құралады. Альвеола ауасының келемі 2500—2800 мл. Әрбір
жай тыныс алғанда 500 мл ауа кіретін болса, оның 140 мл шамасы ауа жолдарында пайдасыз ауа болып
қалып қояды (кеңірдекте, кеңірдек жолдарында т. б.), ал 360 мл өкпе альвеолдарында тарап газ алмасу
процесіне қатысады. Әр тыныс алған сайын өкпе альвеолына кірген ауа мен альвеола ауасының бір-біріне
қатынасын өкпе желдеткішінің коэффициенті деп атайды.
Бір минуттағы өкпеге кірген ауаның көлемі немесе минуттық ауа көлемі деп әрбір жай тыныс алғанда
өкпеге кірген ауаның көлемі мен 1 минуттағы тыныс алу санының көбейтіндісін айтады. Ол көлем жай
тыныс алғанда, ерлерде 6—8 л, әйелдерде 3—5 л болады. Өкпе желдеткішінің көлемі зат алмасу процесінің
дәрежесімен анықталады. Зат алмасу процесі неғұрлым жоғары болса, өкпе желдеткіш көлемі де артады, ал
керісінше, зат алмасу неғұрлым төмен болса, онда
өкпе желдеткіш көлемі де кемиді. Бес жастағы балалардың минуттық ауа көлемі, үлкен кісілермен
салыстырғанда жоғары болады. Балаларда зат алмасу процесі жоғарылағанда, тыныс алу көлемі көбеймейді,
үлкен адамдардағыдай тыныс алу және шығару жиілейді. Адам дене еңбегімен шүғылданғанда, өкпе
желдеткішінің көлемі артады.
Тыны салу қозғалысының р е ф л е к т о р лық ж о л м е н . р е т т е л у і . Өкпеде,
плевра
қабаттарында, көкірек және құрсақ еттерінде орталыққа тебетін сезім нерв талшықтарының ұштары тыныс
алғанда немесе шығарғанда тітіркеніп қозады. Рецепторларда пайда болған қозу импульсін орталыққа
тебетін нерв сопақша мида жататын тыныс алу орталығына жеткізеді. Осы импульске жауап — тыныс алу
орталығынан шығатын, орталықтан тебетін нерв арқылы жұлындағы қозғалыс нервтерінің ядроларына
беріліп, тыныс алу еттерін жиырылтады. Өкпе мен плевраның орталыққа тебетін нерві кезеген және,
симпатикалық нерв талшықтарының, ал еттердің орталыққа тебетін нерві қозғалыс нервтерінің құрамына
кіреді.
Өкпенің ішіне кірген ауаның көлемі жеткілікті болған мезгілде, яғни ішке тыныс алғанда, өкпе мен
плеврадағы рецепторлар тітіркеніп, тыныс алғызатын еттердің жиырылуын рефлекторлық жолмен бөгейді.
Ал тынысты сыртқа шығарғанда, керісінше, өкпедегі белгілі бір ауа көлемі шығып, өкпе босаңсып ондағы
және плеврадағы рецепторлар тітіркенеді, ол тыныс шығаруға қатысатын еттердің жиырылуын
рефлекторлық
жолмен бөгеп, тыныс алғызуға қатысатын еттерді жиырады. Сөйтіп, тыныс алу
рефлекторлық жолмен тыныс шығаруды реттейді, ал тыныс шығару рефлекторлық жолмен тыныс алуды
реттеп отырады. Тыныс алу процесінің рефлекторлық жолмен бірін-бірі реттеуі, яғни кезек-кезек
рефлекторлық жолмен реттеліп отырылуы өкпенің шамадан тыс созылмауына әсер етеді.
Өкпенің екі кезеген нервін кесіп тастаса да, тыныс алу процесі тоқтамайды, бірақ тереңдеп сирей
түседі. Оның себебі: орталыққа тебетін нерв талшықтары кесілгендіктен, тыныс алу орталығын бөгейтін
импульстер келмейді.
Мойынның симпатикалық нерві тітіркенсе, тыныс алу орталығы қозып, тыныс алу жиілейді.
Көмекей мен кеңірдектен өтетін ауа, жұтқыншақ пен көмекей нервтерінің ұшын тітіркендіреді. Осы
нервтер арқылы тыныс алу импульсі тыныс алу орталығына келіп, тыныс алу жиілейді әрі организм үстіртін
тыныс алады.
Тыныс алу орталығы тек қана тыныс алу органдарының рецепторларының орталыққа тебетін
импульстері арқылы, рефлекторлық және гуморальдық жолмен қозып қоймайды,
басқа да органдардың
рецепторларында пайда болған импульске де өзінің жұмысын өзгертіп отырады. Мысалы: тыныс алу тері,
көру, есту, иіс және дәм рецепторларын тітіркендіргенде рефлекторлық жолмен өзгеріп отырады. Әсіресе,
тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарының тітіркенуі қорғаныс қызмет атқарады. Оларға шаң-тозаң
түссе кілегейлі қабықтағы кемекей нервсінің ұшы тітіркеніп, дыбыс саңылауы жабық тұрса да, тыныс алу
қозғалысы үсті-үстіне жиілейді де, адам жөтеледі. Ал, егер тітіркендіретін заттар мысалы: аммиак буы
жұтқыншақ, таңдай тесігіндегі үш тармақты нервтің ұшын тітіркендірсе, рефлекторлық жолмен тыныс алу
бұзылады да, кейіннен тыныс алу тоқтаңды.
Жұтқыншақ таңдай тесігіне шаң-тозаң түсіп тітіркенсе, түшкіру рефлексі пайда болады. Онда тыныс
алу тереңдеп, тез әрі жылдам шығарылады, бұл рефлекс кезінде ауыз жабық брлғандықтан, ауа жылдам
және қатты дыбыс беріп шығады.
Тыныс алу орталығына үлкен ми сыңарлары қыртысының әсері. Сопақша мидағы тыныс алу нерв
орталығы аралық және үлкен ми сыңарларының қыртысында жатқан тыныс алу нерв орталықтарының
импульсіне бағынышты қызмет атқарады.
Тыныс алу қозғалыстарын адам өз қалауынша өзгерте алады. Мысалы,
тыныс алуды біраз уақыт
тоқтатып қоюға немесе жиілетіп, тереңдетуге де болады. Сондай-ақ адамның рухани күйі және ішкі сезімі т.
б. әр түрлі әсерлері арқылы да тыныс алу қозғалыстарының өзгеруі мүмкін.
Организмнің әр түрлі тіршілік жағдайларына байланысты тыныс алу нерв процесі үлкен ми сыңарлары
қыртысындағы ең жоғарғы тыныс алу нерв орталықтарының сигналдары арқылы реттеліп отырылады.
Т ы н ы с
алу п р о ц е с і н і ң г у м о р а л ь д ы қ ж о л м е н р е т т е л у і . Тыныс алу
орталығының жұмысы оны жуып тұратын қанның құрамына, әсіресе ондағы газдың құрамына байланысты
болады. Бұл жағдайды ғалымдар екі итті алып, бірінің қан тамырын екіншісіне байланыстырып тәжірибе
жасау арқылы дәлелдеген. Тәжірибеде бірінші иттің куре тамырын екінші иттің күре тамырымен
жалғастырған, сонда бірінші иттің бас миына екінші иттің денесінен келетін қан барады, ал керісінше,
екінші иттің бас миына бірінші иттің денесінен келетін қан барады. Егер осы екі иттің біреуіне көмір
қышқыл газын иіскетсе, газ иіскетілмеген иттің өкпе желдеткіші артады. Сол сияқты біреуінің кеңірдегін
қысып қылқындырса, оның қанында көмір қышқыл газы көбейіп, екінші
иттің тыныс алу процесін
күшейтеді. Бұл тәжірибеден қанда жиналған көмір қышқыл газы тыныс алу орталығын қоздыратындығы
анықталды. Тыныс алу нерв орталығы орналасқан жерге көмір қышқыл газы бар ерітінді жіберу арқылы да
осы сияқты қорытынды алуға болады. Тыныс алу процесінің күшеюі нәтижесінде қанның құрамына
жиналған. артық көмір қышқыл газы шығарылады.
Тыныс алу нерв орталығына қандағы газдардың кернеуімен қатар қанның рН реакциясы да әсер етеді.
Сутегі ион концентрациясының артуы тыныс алу орталығын қоздырады. Көмір қышқыл газы — тыныс алу
орталығын қоздыратын ерекше зат. Өйткені оның меншікті қысымының өзгеруі тыныс алу орталығына
күшті әсер етеді.
Қан құрамындағы оттегі концентрациясының кем болуы тыныс алу қозғалысын күшейтеді және
рефлекторлық жолмен тыныс алу ырғағын тездетеді, ал көмір қышқыл газы қанда көбейсе жүрек ырғағын
сиретеді, әрі тереңдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: