Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет51/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77
Майлардың алмасуы. Майлар фосфотидтермен және стериндермен қосылып липидтерге жатады. 
Липидтер организмде клеткалық элементтердің құрамына кіреді, басқаша айтқанда, физиологиялық 
жағынан пластикалық материал ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге липидтер организмде энергияның көзі 
болып есептеледі.
Жануар организміндегі майлар олеин, пальмитин және стеарин қышқылдарының үш глицеридтері 
болып есептеледі. Ас қорыту каналында ферменттер әсерінен пайда болған майдың ыдырау өнімдері 
негізінен ащы ішек қабырғасы арқылы сіңеді. Кейбір ғалымдардың пікірлері бойынша, сол ішектегі 
эпителий клеткаларында организмге тән майдың ресинтезі жүреді де, өте күшті эмульсияланған күйде осы 
май лимфаға, одан әрі қанға етеді. Басқа біреулері организмге керекті май бауырда және басқа органдардың 
клеткаларында түзіледі деп есептейді. Денеде пайда болған майдың көпшілігі май деполары деп аталатын 
органдарда қорға жиналады. Май негізінен тері астындағы клетчаткада, онан соң шажырқайда, бүйрек, 
бауыр, ет тканьдерінде қорға жиналады. Адам организмінде жиналатын майдың мөлшері дене салмағының 
10—20 процентіне тең болады. Ал аса семіріп кеткенде бұл денедегі майдың мөлшері 50 процентке жетеді. 
Тері астындағы шелге жиналған және ішкі органдарға жиналған май қоры түрлі қолайсыз жағдайларда 
қоректік зат есебінде пайдаланылады. Бүдан басқа олар тиісті органдарға әрі тіреуіш, әрі қорғаныш 
(механикалық соққыларды жеңілдететін) қызмет те атқара алады. Тері астындағы май қоры денедегі 
жылуды реттеуге де қатысады. Май алмасуда бауыр үлкен роль атқарады. Мұнда май қышқылдары біраз 
синтез процестеріне қатысады, бұдан басқа, тотығу арқылы ыдырап, түрлі аралық өнімдер түзіледі (ацетил-
коэнзим, ацетон, ацето-сірке қышқылы т. б.) бұлар одан әрі қанға түсіп, қан арқылы ет т. б. органдардың 
жұмысы кезінде олардың қажетіне жұмсалады. Әр түрлі жануарлардың майлары өздерінің химиялық 
құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері жағынан түрліше болады. Бір жануардың органдарындағы 
майлардың өзі бірдей болмайды... Әдетте, майы аз қоректік заттармен қоректенгенде, организмде тузілетін 
майдың құрамы оның өзіне тән болады, яғни құрамы жағынан сол организмнің өз майына ұқсайды. Бірақ 
желінетін тамақта май көп болса, денеде түзілетін майдың да біраз қасиеттері сол тамақ құрамындағыға 
ұқсайтын көрінеді. Мысалы, қойдың майын жегенде, тері астындағы клетчаткада түзілетін майдың балқу 
температурасы көтеріліп, тамақ майына ұқсас болады. Желінетін тамақта майлы заттар аз болғанның өзінде, 
қалыпты жағдайда, организмдегі май қоры азаймайды. Себебі, бауырда углеводтардың, белоктардың артығы 
майға айналып отырады. Мұны ауыл шаруашылық малдарын бордақылау практикасы да дәлелдей алады.


Құрамында майы көп тамақ заттарында біраз фосфатидтер мен стериндер де кездеседі. Бұл заттардың 
физиологиялық ролі де өте күшті. Фосфатидтердің ішіндегі маңыздысы — лецитин. Бұл нерв тканінде көп 
кездеседі. Неғұрлым клетканың физиологиялық активтігі жоғары болса, соғұрлым онда фосфатидтер көп 
болады. Осыған байланысты, түрлі бездер сөл жасап, ет жұмыс істеген уақытта бұлардың клеткаларындағы 
фосфатидтердің мөлшері көбейеді.
Бауыр фосфатидтердің де алмасатын орны және лецитиннің депосы болып есептеледі. Фосфатидтер 
түзілу үшін нейтральды май, фосфор қышқылы азотты негіз — холин керек. Лецитиннің бір қасиеті — ол 
оңай жасалады, оңай бұзылады. Ол клеткадағы холиннің концентрациясын реттеп тұруда үлкен роль 
атқарады. Ал холин сірке қышқылымен бірігіп физиологиялық актив зат — ацетилхолин түзеді. Керісінше 
айтқанда, денеде холин жетіспесе, лецитиннің түзілуі бұзылады, ал бұл май алмасуының бұзылуына 
себепкер болады. Сөйтіп, қалыпты жағдайда бауырда шамамен 5% май болса, бұл мөлшер 50%-ке дейін 
жетуі мүмкін.Стериндердің ішіндегі ең маңыздысы — холестерин. Организмде бүйрек үсті бездерінің және 
жыныс бездерінің гормондары холестериннің қатысуымен түзіледі. Стериндерге витамин Д де жатады.
Дені сау ересек организмде қалыпты жағдайда май алмасуы дұрыс жүруі үшін бір тәулікте 100 
грамдай майлы заттармен қоректену керек. Жасқа байланысты организмнің майға деген қажеті өзгереді. 
Бала 6 айдан бастап 1 жасқа дейін 1 кг дене салмағына 3,5—4 г май қабылдаса, мектепке дейінгі және 
мектеп жасындағы балалар 1 кг салмаққа 2—2,5, г май қабылдау керек.
Май алмасуын реттеудің клеткалық деңгейі мынадай механизм арқылы іске асады екен. Клетка 
мембранасындағы аденилциклаза ферментінің әсерінен клетка ішіндегі АТФ-дан циклды 3'—5' АМФ 
түзіледі. Ал бұл өз тарапынан активсіз липазаны оның активті формасына көшіреді. 
Липазтриацилглицериндерді (нейтральды майларды) ыдыратып глицерин мен бос май қышқылдары 
түзіледі. Циклды АМФ-нің ингибиторы (әрекетін тоқтатушы) фосфодиэстераза ферменті. Аденилциклазаны 
катехоламиндер активтендіреді,, ал фосфодиэстеразаның әрекетін инсулин күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет