Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет50/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77
Белоктар алмасуы 
Белоктар — басқа органикалық заттармен салыстырғанда, организм үшін ең маңыздылары, әрі құрамы 
жағынан ең күрделі зат. Белоксыз тіршілік жоқ. Жоғарыда ғана айтып кеттік, алмасу процестері 
ферменттерсіз жүрмейді, ал ферменттер — белокты заттар. Еттің жиырылуын қамтамасыз ететін элементтер 
актин мен миозин деп аталатын заттар болса, бұлар да белок табиғаты. Қанның тыныс алу қызметі 
гемоглобинмен байланысты болса, ол да — күрделі белок. Қанның ұюында фибриноген деген белок заты 
зор роль атқарады; организмнің қорғағыштық қызметі белокты денелер—антиденелерге байланысты. 


Физиологиялық функцияларды реттеуге қатысатын гормондардық көбі белок табиғаттас. Осылай тізе берсе, 
белоксыз орындалатын тіршілік процестерінің жоқ екендігіне күмән қалмайды. Егер аралық алмасудың 
барысында белоктар майға және углеводтарға айнала алатын болса, ал май мен углеводтан белок 
синтезделмейді. Белок жасалу үшін әдейі арналған амин қышқылдары және бүлардан күрделірек төменгі 
молекулалы полипептидтер керек. Ендеше денедегі ыдыраған белоктардың орнын толықтыру үшін, 
бұзылған клеткалардың орныңа жаңа жас клеткалар түзіду үшін т. б. организм әр уақытта тамақпен бірге 
жеткілікті мөлшерде . белокты заттарды қабылдап отыруы тиіс. Бірақ осы белоктарды құрайтын барлық 
амин қышқылдарының организм үшін маңыздары бірдей болмайды. Қейбір амин қышқылдары тамақ 
құрамында болмаса да одан организмге қажет белоктың синтезделу процесі бұзылмайды; себебі, ол амин 
қышқылын организм өзі-ақ синтездей алады немесе оның орнына басқа амин қышқылын пайдаланады. 
Мұндай амин қышқылдарын ауыстыруға болатын амин қышқылдары деп атайды (тирозин т. б.). Ал 
керісінше, кейбір амин қышқылдары жоқ болса, олардың орнына басқа амин қышқылдары жүре алмайды 
және оларды организм синтездей алмайды. Мұндай амин қьішқылдарын ауыстыруға болмайтын амин 
қышцылдары деп атайды. Соңғылардың ең негізгілеріне лизин, триптофан, леицин, гистидин, аргинин, 
валин, метионин т. б. жатады.
Белоктардың құрамындағы амин қышқылдарының саны, бір-біріне қатынасы, түрлері әр қилы болады. 
Қейбір белоктардың құрамында организмге ең қажетті барлық амин қышқылдары түгел кездеседі. Сол 
себептен мұндай белоктарды биологиялық толық бағалы белоктар деп атайды. Көбінесе бүларға жануар 
белоктары жатады. Белоктардың басқа бір тобының құрамында организмге қажетті ең маңызды амин 
қышқылдары түгел болмайды. Мұндай белоктарды биологиялық толық бағалы емес белоктар деп атайды. 
Бұларда ең болмағанда, бір ауыстырылмайтын амин қышқылы жетіспей тұрады. Өсімдік белоктары (бұр-
шақ тұқымдас өсімдіктердікінен басқалары) осындай белоктарға жатады. Қейде екі немесе үш толық бағалы 
емес белоктар бір толық бағалы белоктың орнына жүре алады. Себебі, бірінде жоқ қажетті амин қышқылы 
екіншісінде, онда жоғы үшіншісінде болуы мүмкін. Әдетте толық бағллы белоктар организмге сіңімді келеді 
(70—95%). Ал толық бағалы емес белоктар ондай дәрежеде сіңе алмайды (60-70%).
Белок организмге сіңу үшін міндетті түрде ауыз арқылы ас қорыту каналына түсіп, ондағы белокқа әсер 
ететін ферменттердің әрекетімен өзінің құрамды майда бөлшектеріне дейін ыдырауы тиіс. Осы ыдырау 
өнімдері (амин қышқылдары мен полипептидтер) ішектен қанға өтеді, одан әрі дене клеткаларында әрбір 
органның, организмнің өзіне тән (сырттан түскен белокқа ұқсамайтын) белоктар синтезделеді. Егер белок 
ауыз арқылы емес, тікелей қанға жіберілсе, оның организмге пайда келтіруі былай тұрсын, адамның 
темгіературасы көтеріліп, жүрек соғуы өзгереді және организмде басқа да қорғану реакциялары байқалады..
Азот б а л а н с ы . Организмдегі белок алмасуының дәрежесін зерттеу үшін, денеге түсетін және 
сыртқа несептер арқылы шығарылатын азот мөлшерлерін анықтайды. Өйткені майлар мен углеводтардан 
өзгеше белоктың құрамында орташа есеппен 16% азот болады.
Осымен бірге, негізінен ыдыраған белок құрамынан және басқа да жолдармен пайда болған азот 
денеден несеп және тер арқылы сыртқа шығарылады. Ендеше, денеге түскен азоттың одан шығатын азотқа 
қатынасы — азот балансы — белок алмасуына көрсеткіш болады. Тамақ күрамындағы азот денеге түгел 
сіңбейді (біразы нәжіспен араласып сыртқа шығады). Сондықтан организмге сіңген азоттың мөлшерін 
анықтау үшін, тамақтағы барлық азот мөлшерінен нәжіспен араласып сыртқа шыққан азот мөлшерін алып 
тастау керек. Сіңген азоттың мөлшері арқылы денеге пайдаға асқан белок мөлшерін табу оңай. Өйткені 100 
г белокта 16 г N
2
болса, 1 г N
2 - 
6,25 г белокқа сай келеді. Сондай-ақ, несеп құрамындағы азоттың мелшерін 
тауып, оны 6,25-ке көбейтсе, денедегі ыдыраған белоктың мөлшері табылады.Егер организмге түсетін азот 
одан шығарылатын азоттан артық болса, онда оң азот балансы делінеді. Мұндайда белоктың синтезі оның 
ыдырауынан басым болады. Көбінесе бұл жағдай — жас өспірім организмдерге тән. Ал кейде организм 
ашыққанда немесе түрлі инфекциялық аурулармен ауырғанда керісінше, денеге түскен азоттан оның сыртқа 
шығарылуы көбейеді. Мұны теріс азот балансы деп атайды. Әдетте, қалыптағы дені сау организмде азот 
теңдігі сақталады, яғни денеге түскен азот, одан шығарылатын азотпен бірдей мөлшерде болады.
Денеден сыртқа шығарылатын азот мөлшері, яғни ыдырайтын ткань белогы тамақтану сипатына 
тікелей байланысты. Углеводы көп тағамдармен тамақтанғанда және белок жетіспегенде белоктар ең аз 
мөлшерде ыдырайды. Бұл жағдайда денедегі углеводтар белок сақтағыш роль атқарады. Тамақпен бірге 
түсетін белоктың мөлшері көбейсе, организмнен шығарылатын азоттың мөлшері көбейеді. Сөйтіп, дені сау 
организм әр уақытта азот теңдігін сақтап тұрады. Ересек, салмағы 70 кг адамға бір тәулікте, жеткілікті 
мөлшерде май және углеводты тағамдар қабылдап отырғанда, 100—105 г белок керек. Организмнің 
қалыпты өсуі мен басқа тіршілік әрекеттерін толық қамтамасыз ете алатын белоктың мөлшерін белок 
оптимумы деп атайды. Ал азот теңдігі сақтала алатын белоктың ең аз мөлщері белок 
минимумы деп аталады. Балалардың өсуі үшін белок оптимумы керек. Бірақ организмнің қабылдайтын 
белогының мөлшері тиісті шамадан асып кетпеу керек, асып кете қалған жағдайда нерв системасына, бауыр, 
бүйрек қызметтеріне зиян келеді.
Салмағы мен жасына қарай 1 мен 4 жастың арасындағы балалардың бір тәулікте 30—50 г, 4 пен 7 
жастың арасында 70 грамдай, 7 жастан бастап—75—80 г белок қабылдағаны дұрыс.
Белоктың өте күрделі қосылыс екендігіне дәлел ретінде нуклеопротеидтерді еске алу керек. 
Нуклеопротеидтер— белоктардың нуклеин қышқылдарымен комплекс түзген қосылыстары. Бұлар 
организмнің көптеген маңызды тіршілік әрекеттерінің іске асуында, дәлірек айтқанда, белоктар 
синтезделуде, тұқым қуалайтын қасиеттердің берілуінде, өте үлкен роль атқарады. Нуклеин қышқылдары — 


көп бір типті молекулалар — нуклеотидтерден тұратын жоғарғы молекулалы полимерлі қосылыстар немесе 
полинуклеотидтер. Нуклеотидтің құрамында пурин немесе пиримидин негіздері, углевод (пентоза) және 
фосфор қышқылы болады.
Нуклеин қышқылдары ішінде, қазіргі кезде, оның екі түріне көп көңіл аударылады. I. Рибонуклеин
қышқылы (РНК) — бұлар барлық клеткаларда кездеседі және белок синтездеуге тікелей қатысады. 2.
Дезоксирибонуклеин қылшқылы (ДНК) — клетканың ядросында болады. Бұл хоромосомалардың 
негізгі заты болып есептеледі. Ендеше тұқым қуалайтын белгілерді сақтайтын белокты структуралардың 
тұрақтылығы, РНК-ның синтезін басқару осы ДНҚ — молекулаларына байланысты деп түсінуіміз керек. 
Клеткаларда үнемі белокты қосылыстардың синтезі жүріп жатады. Қазіргі кездегі мәліметтер бойынша осы 
белок синтезінің төрт түрін айырады: 1) «өсу» синтезі яғни тұтас алғандағы организмнің өсуімен 
байланысты белоктардың синтезі; 2) «тұрақтандырушы» синтез, яғни диссимиляция процесі кезінде 
жоғалған белокты қайта қалпына келтірумен байланысты синтез, организмнің бүкіл өмірінің барысында 
өндағы тканьдық белоктардың өзін-өзі жаңартып отыруының негізі болатын синтез; 3)
«регенерациялық» синтез — белокқа ашығудан, қан жоғалтудан, т. б. кейін қайта қалыпқа келу кезеңінде 
көрінеді; 4) «функционалдық» синтез — спецификалық белоктардың: ферменттердің, гемоглобиннің 
және т. б. жасалуы. Белок синтезінің мынадай алты ерекшелігін айыруға болады: 1) белок биосинтезінің 
материалы бос амин қышқылдары; 2) белок биосинтезі іске асатын орын клетка ішіндегі арнайы 
субмикроскопиялық структура — рибосома; 3) белокты структуралардың редупликациясы (көшірмесінің 
алынуы) ДНК молекуласында болатын генетикалық кодыға негізделеді; 4) ядро ДНК кодының 
рибосомаға берілуі информацйялық РНК көмегімен іске асады; 5) белок биосинтезделу процестері 
спецификалық ферменттер арқылы катализденеді; 6) белок биосинтездеу процесі клетка 
митохондрияларында тотықтырғыш фосфорланудан түзілетін макроэргиялық фосфорлы қосылыстардың
(аденозинүш-фосфорқышқылының — АТФ және гуанозинүшфосфор қышқылының — ГТФ) энергиясын 
пайдалану арқылы іске асады.
Белоктардың аралық алмасуының күрделі процестерінде бір белоктан кейбір амин қышқылдары шығып 
кетіп, басқа бір органның белогының кұрамына ене алады. Басқаша айтқанда, клетка протоплазмасындағы 
белок құрамы өзгеріп тұрады. Тіпті, белгілі бір органда ғана концентрацияланатын амин қышқылының өзі 
сол органға бірден бармайды. Алдымен ол бірнеше басқа органдарға бөлініп орналасады да, содан кейін, 
біртіндеп тиісті органға жиналады. Аралық алмасу барысында дезаминдену (амин қышқылынан амин 
тобының NН
2
— белініп шығып, кетоқышқылдардың түзілуі), қайтадан аминдену (бір амин қышқылынан — 

2
тобының кетоқышқылға барып қосылуы), трансметильдену (СН
3
— тобының жеткізілуі) т. б. процестер 
жиі кездеседі. Белок алмасу өнімдері есебінде түрлі ас қорыту бездері жасап шығаратын ерекше актив 
заттарды да мысалы, ферменттерді т. б. атауға болады. Белок алмасуының ақырғы өнімдері де өте көп. 
Соның бірі улы зат — аммиак бауырдың қорғағыштық қызметінің арқасында усызданып, мочевинаға 
айналып, бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Бұдан басқа несеп қышқылын (пурин негіздерінен түзіледі), 
креатининді (креатиннен түзіледі) т. б. атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет