Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Органикалық заттардың алмасуындағы бауырдың ролі



Pdf көрінісі
бет53/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
Органикалық заттардың алмасуындағы бауырдың ролі.
Белоктың, майдың, углеводтардың алмасуларын қарастырғанда назар аударатын бір ерекшелік — 
осылардың бәрінің күрделі биохимиялық реакцияларын іске асыруда, организмнің орталық лабораториясы 
болып есептелетін бауыр қатысады. Біз жоғарыда бауырдың гликоген жасаудағы қызметінің қаншалықты 
маңызының бар екенін көрдік. Белоктың да артық мелшеі бауырда дезаминденіп, организм қажетіне қарай 
майға, гликогенге айналады. Мұнда амин қышқылдарының бірінің екіншісіне және керісінше айналу 
процестері де жүреді. Бауырда майдың шала тотыққан өнімдері түзіледі де, керек кезінде олар энергиялық 
материал ретінде пайдаға асады. Бұл жерде организмге ең қажетті амин қышқылдары, белоктар синтезделе 
алады. Екінші ерекшелік — бауыр клеткадағы зат алмасудан пайда болған немесе ас қорыту каналындағы 
шіру процесінен түзілген түрлі улы заттарды (аммиак, фенол, индол, скатол) қан құрамынан ұстап қалып, 
оларды күрделі биохимиялық реакциялар тізбегіне қатыстырып, усыздандырады, бауыр организмді улы 
заттардың әсерінен қорғайды.
Су мен миаералдық заттардың алмасуы. 
 Су мен минералдық тұздардың қатысуында организмдегі тіршілікке аса қажетті процестер іске асады. 
Олардың қатысуында ішкі ортаның осмос қысымының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Ал осмос қысымы 
тұрақтылығының тканьдердің қалыпты қызметі үшін қаншалықты маңызы бар екендігін оқушылар 
бұрыннан біледі. Минералдық заттардың иондары қанның активті реакциясын ұстап түруға, ондағы 
қышқылдар мен негіздердің тиісті қатынасының сақталуына көмектеседі; су мен тұздардың қатысуында 
организмде диффузия, осмос, түрлі тамақтық өнімдердің сіңуі жүреді. Егер ас қорыту бездері тамақ заттары 
ыдырауында қажетті, маңызды сөлдер жасайтын болса, осы сөлдің құрамды бөлшегінің ең кебі — су. Зат 
алмасудың организмге қажеті жоқ ыдырау өнімдері де, сыртқа негізінен суда еріген күйінде шығарылады. 
ЬІстық бөлмелерде немесе далада жұмыс істегенде тер шығып, су булану арқылы энергия жұмсалады
соның есесінен дене температурасы реттеледі. Су мен минералдық заттар азық-түлікке жатпайды, энергия 
көзі де емес. Соған қарамастан ересек адам денесінің 65 проценттейі судан тұрады. Балаларда бұл мөлшер 
80 процентке жетеді. Денедегі ең қатты нәрсе — сүйек болса, оның құрамында да су 22% болады. Қан 
плазмасында — 90— 92%, етте — 76% су бар. Тірі протоплазманың колоидты күйі де, су мен минералдық 
заттарға байланысты. 0сы айтылғандардың бәрі бұл заттардың организмде қаншалықты роль 
атқаратындығын көрсетеді. Егер организмге су мен тұз жетіспесе, онда оның негізгі органдары қалыпты 
жұмыс істей алмай қызметі бұзылады да, ақырында организм өлімге душар болады. Мысалы, адам су 
болмаса 2—3 күн-нің ішінде өледі. Ал егер сол адамға су беріп, бірақ тамақ бермесе, адам 40—45 күнге 
дейін аштыққа шыдайды. Су ғана беріліп ашықтырылған организм өз салмағының 40 процентіне жуығын 
жоғалтады, бірақ тіршілік ете береді. Ал сусыз тіршілік еткен организм дене салмағының 20—22 процентін 
ғана жоғалтса өледі.
Дене салмағының 3,5—4 проценті минералдық заттардан тұрады. Бұлардың негізгі кездесетін жері — 
дене сұйықтығы, сүйек тканьдері, түрлі органикалық қосылыстар. Организмде ең көп таралғандар — 
сілтілік металдар — К, Nа: сілтілік жер металдар — Са, Мg; металлоидтар — S, Р, С1. Өте аз мөлшерде Ғе, 
J, Вг, Ғ, Мп, Zп, Сu т. б. болады.
Денеде көп мөлшерде кездесетін элементтерді макроэлементтер деп, ал аз мелшерде кездесетін 
элементтерді микроэлементтер деп атайды. Минералдық тұздардың маңызын тікелей тәжірибелерден де 
оңай көруге болады. Егер жануарға минералдық тұз бермей, бірақ суды да, басқа қоректік заттарды да 
жеткілікті мөлшерде бергенде, оның тамаққа тәбеті шаппай, арықтап, соңында өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет