Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 10. Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті



бет10/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Конспект-лекциялар

Лекция 10. Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті

Құндылық объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары жайлы түсінік ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш философиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әртүрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарда жеке тұлғаның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын,сұлулық, қайырымдылық, мейірімділіксекілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды.


«Құндылық» ұғымының мазмұнынан С.Ф.Анисимов, А.Г.Здравомыслов, М.С.Каган, В.П.Тугаринов, В.А.Ядов және т.б. ғалымдар қоғамдық сананың барлық түрлерінің белгілерін айқындайды.
М.Г.Казакинаның анықтамасы бойынша, құндылық – бұл сыртқы құбылыс (зат, құбылыс, іс-әрекет), сананың дәлелі (идеал, бейне, ғылыми концепция); құндылық – бұл, біз баға беретін объект.
Жалпыадамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын, қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады.
Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті, құндылық жеке тұлғаның өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды.
«Салауаттылық»–әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы.
Өмір салты – оған жеке тұлғаның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін, тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлқын, өмір сүру қарқынын, бірсарынды жұмысын, демалысын және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, өмір салты – деннің саулығына нәтижелі ықпал ететін салауатты өмір сүруді білдіреді.
Салауатты өмір салты физикалық және психикалық денсаулықты сақтауға және нығайтуға, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіруге апаратын, ерік-жігердің көрінуін, іс-әрекет пен мінез-құлықты түсінуді талап ететін жеке тұлғаның белсенді жағдайы.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің төмендеуі және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлеует болып табылады.
Қазіргі кездегі жас ұрпақ денсаулығының нашарлау себебі, тәрбиеленушілердің имандылық-рухани құндылығының күрт төмендеуінен, санитарлық мәдениеттің жеткіліксіздігінен, қарапайым гигиеналық дағдылардың болмауынан және өз денсаулығына жауапсыз қарағандығынан болып табылады.
Салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыруда қойылатын міндеттер:

  • салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру жөнінде мамандарды көпдеңгейлі дайындықтан өткізу үшін, мемлекеттік жалпы орта білім беретін стандартты жасау;

  • тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыруды, білім беру бағдарламалары арқылы арттыру;

  • салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың жүйеге келтірілген кешенді жаңа үлгісін жасау;

  • бағдарламалардағы мәліметтердің компьютерлік (ақпараттық) жиынтығын, оқу құралдарын, оқу фильмдерін және т.б. дайындау;

  • салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру саласында қолданбалы зерттеулердің маңызын арттыру;

  • зиянды заттардың (темекі, ішімдік, улы есірткілі заттар және т.б.) алдын алу жөніндегі әртүрлі педагогикалық технологияларды дайындау;

  • денсаулықты нығайту орталығын ашу;

  • салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың инфрақұрылымын дамыту (спорттық базалар, спорттық ойындарға арналған алаңша, спорт түрлерін іріктеу және т.б.).

Болашақта білім бағдарламаларын жетілдіру, саламаттанудан оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер шығару, жеке мінез-құлықты және денсаулық мүддесіндегі құндылықты дамытуда, жаппай ақпарат құралдарының тиімділігін көтеру, салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру проблемаларынан, халықаралық қызметтестік пен ақпарат алмасуды дамыту қарастырылуы тиіс.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері, денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Салауатты өмір салтын жас ұрпақ арасында қалыптастырудың маңызы зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдік, темекі, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз болады.
Қазіргі таңда мектеп жасындағы тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына ынталандыру мен денсаулығын қалыптастыру, өзекті жалпы педагогикалық проблемаға айналып отыр.
Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің басты себептерінің бірі – тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігінің төмендеуі.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі жеке тұлғаның қолына физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл-қозғалыс, дене жаттығулары.
Салауатты өмір тіршілігі – денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізі, ол жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Тәрбиеленушілер тағамын ұйымдастыруға ғылыми тұрғыдан қарап, әлеуметтік-саяси мән беру – бүкіл халықтық іс. Дұрыс тамақтану –деннің сау және әдемі болып өсуіне көмектеседі.
Қазіргі таңда жасөспірімдердің физикалық белсенділігінің де төмен болуы толғандыратын мәселелердің бірі. Тәрбиеленушінің дұрыс тамақтанбай, физикалық белсенділігінің төмен болуының бір себебі – отбасындағы әлеуметтік жағдайдың төмен болуы. Сондықтан осындай тәрбиеленушілерге тәрбиешілердің көмегі аса қажет.
Тәрбие процесін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты – тәрбиеленушілерге даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында тәрбиеленуші ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды, ақпарат алады, яғни тәрбиеленушінің дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі. Тәрбиеленушінің демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған.
Адам адам болғалы жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім, өтірік пен шындық жарыса өмір сүріп келеді. Адамның құндылығы – ең сирек кездесетін жаратылысы арқылы анықталады, яғни өлшемсіз өмір. Ал, өмір – кез келген рахаттың аса қымбат бағасы. Олай болса, өмірдің босқа өтпеуі үшін адамның сапалы, салауатты түрде өмір сүруі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет