Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 12. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы



бет12/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Конспект-лекциялар

Лекция 12. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалпының қалыптаса бастауының бастапқы ошағы – ана сүтінен, әке, ата тәрбиесінен тәрбиелік дәстүрлерді, әдет-ғұрып пен адамгершілік қадір-қасиеттерді балалық шақтан бастап бойға сіңіретін отбасы.


Бала отбасындағы ересектердің әрбір іс-әрекетін, өзара және басқалармен қарым-қатынасын еліктей отырып қабылдайды. Сондықтан, бала тұлғасының сапалы қалыптасуы, отбасы өмірінің тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру, эмоциялық-адамгершілік тынысы, қалыптасқан дәстүрлері тәрізді салаларымен тығыз байланысты. Отбасылық ахуалдың дұрыс болуы педагогикалық тәрбие ықпалының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Отбасын зерделеу сынып жетекшіге баламен жақынырақ танысуға, отбасы өмірінің стилін, оның үй ішіндегілермен өзара қарым-қатынасын, рухани құндылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге психологиялық-педагогикалық диагностиканың дәстүрлі әдістерін пайдаланады.
Отбасындағы адамдардың әлеуметтену үдерісі оның типіне байланысты. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде отбасының көптеген типологиялары ұсынылып жүр.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналармен жұмыс істеудің жаппай, топтық және жеке формалары мен әдістері пайдаланылады. Олардың барлығы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігін нығайту, отбасының тәрбиелеу әлеуетін күшейту, сондай-ақ ата-аналарды бала тәрбиесіне тартуға бағытталады.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.
Отбасы тəрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, əлеуметтік-мəдени салт-дəстүрлеріне жəне қауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты төмендегідей қызметтерді атқарады:

  1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.

Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы, тәсілі және тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады.

  1. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателік болмауына сенімдерін орнықтырады.

  1. Ата-аналарды балалармен бірге іс-әрекетке қатыстыру.

Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, бала тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру. Осы іс-әрекеттер барысында мұғалім, ата-ана жәнебаланың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді.
Балаларды тәрбиелеу барысында ата-аналармен жұмыс жасауда мектеп тәжірибесінде қолданылатын әртүрлі формалар:

  • жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру;

  • сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар және т.с.с.);

  • балалардың сабақтарына, олимпиада, кеш, апталық, ата-аналардың ашық есік күніне және т.б. шақыру;

  • мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу: еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары;

  • өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;балалардың аула клубтарын құру;

  • мектеп және сынып кеңестерінің жұмыстарына қатыстыру;

  • мектеп немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайту, көрмелер ұйымдастыру;

  • мектеп немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру, оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау және т.б.

  1. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңес беру.

Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл кеңес беру.

  1. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.

Сынып жетекшінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналар комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру және олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беріп, қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы: баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапты болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге, сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналармен, жалпы мектеп көлеміндегі қоғамдық ұйымдармен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлесіп өткізетін іс-шаралары:
- ата-аналар жиналысын ұйымдастыру;
- ата-аналар комитетін құру;
- ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу;
- ата-аналар үшін әңгіме, дәрістер ұйымдастыру;
- ата-аналар үшін конференция өткізу және т.б.
Педагогикалық білім университеті ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру формасы. Ата-аналарды қажетті біліммен, негізгі педагогикалық мәдениетпен қаруландырып, олардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие берудің өзекті мәселелерімен таныстырады. Ата-аналардың қалың көпшілікпен, отбасының мектеппен қарым-қатынас жасауын, сондай-ақ тәрбие жұмыстарын жүргізуде ата-аналар мен сынып жетекшісінің өзара әрекеттестігіне мүмкіндік жасайды.
Конференция бала тәрбиесі жөніндегі білімді кеңейту, тереңдету және бекітуді көздейтін педагогикалық білім беру формасы. Конференциялар жылына бір рет өткізіледі, олар жақсы даярлықты және ата-аналардың белсенді араласуын талап етеді.
Практикум балаларды тәрбиелеу, педагогикалық жағдаятты тиімді шешу бойынша ата-аналарда педагогикалық біліктіліктің қалыптасу формасы.
Педагогикалық практикум барысында сынып жетекшісі қандай да болмасын қайшылықты жағдаяттан шығу жолдарын ұсынады және жағдаяттағы өзінің ұстанған бағытын түсіндіреді.
Дәріс қандай да болмасын тәрбиелеу проблемасының мәнін ашатын психологиялық-педагогикалық білім беру формасы. Жақсы лектор – ата-аналардың мүдделерін, проблемаларын, олардың балаларға көрсететін қамқорлықтарының сипатын білетін ұстаз-тәрбиешінің өзі. Дәріс оқудағы басты нәрсе – тәрбиелік оқиғаларға, жағдаяттарға ғылыми талдау жасау. Сондықтан дәрісте оқиғаның пайда болу себептеріне, олардың болу ретіне, балалардың іс-әрекеттерінің тетіктеріне, олардың психикасын дамыту заңдылықтарына, отбасы тәрбиесі ережелеріне жеке тоқталу қажет.
Педагогикалық пікірталас педагогикалық мәдениетті көтерудің қызықты формасы. Оның басты ерекшеліктері – қойылған міндетті шешуге барлық балаларды қатыстыруға, жинақталған дағдылар мен тәжірибелерге сүйене отырып, фактілер мен құбылыстарды жан-жақты талдау біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі. Пікірталастың басты принципі – кез келген қатысушының ұстанған бағыты мен пікіріне деген сыйластық.
Пікірталас тақырыбы мектеп пен отбасы тәрбиесіндегі талас тудыратын кез келген проблема бола алады.
Отбасыларға барусынып жетекшісінің ата-аналармен жеке жұмыс жүргізуінің тиімді формасы. Отбасына барғанда сынып жетекшісі баланың өмір сүру жағдайымен танысады. Ата-аналармен баланың мінезі, қызығушылығы, бейімділігі, ата-анаға және мектепке деген қарым-қатынасы жөнінде әңгімелеседі, оларды балаларының жетістіктері жөнінде хабардар етеді, үй тапсырмасын орындауды ұйымдастыру бойынша кеңестер береді және т.б.
Ата-аналармен хат жазысу (электронды пошта арқылы)ата-аналарға олардың балаларының жетістіктері туралы жазбаша ақпарат беру формасы.Бұл жағдайда ата-аналарды алда бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге тартуға және оларға бала тәрбиесі бойынша ақыл-кеңестер беруге болады. Мұндай хат алысудың басты шарты – көңілді де жақсы қарым-қатынас жасау.
Отбасы, мектеп, мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса,сонысын таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет