Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 7. Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы



бет7/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Конспект-лекциялар

Лекция 7. Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы

Қазіргі кезде психология және педагогика ғылымында «технология» ұғымы кеңінен қолданыла бастады. Бұл термин өмірге компьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында жаңа компьютерлік технологияның енуімен сипатталады. Ғылымда дамудың жаңа бағыты – технологиялық бағыт өмірге келді.


Педагогикалық үдерісте «технология» ұғымын қолданудың нақты кезеңдері бар. Г.А.Бордовский, В.А.Изводчиков, Т.А.Ильина, М.В.Кларин, В.И.Боголюбов, Ф.Янушкевич және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, «педагогикалық технология» ұғымының эволюциясында шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады.
Педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық үдерістің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы.
В.П.Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырады.
Тәрбие технологиясы – тәрбие үдерісіне қатысушыларды барынша жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету барысында нақты нәтижелерге жету мақсатымен түзетулер, бағдарлау, ұйымдастыру, жобалау (жоспарлау) бойынша тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен қызметінің жүйесі.
Тәрбиелеу технологиясының өзіндік ерекшеліктері:
1. Тәрбие үдерісінің өндірістік үдерістен айырмашылығы оның біртұтас болуында. Тәрбие үдерісін жеке операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді – параллель схемада емес, кешенді түрде орындалады.
2. Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни «технологиялық операцияларды» игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін өте байыппен, салмақты шешу керек. Тәрбиеші алдында технологиялық үдерісті басынан аяғына дейін жүргізу қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке шеберлікпен ұштасады.
3. Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ, ол тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезеңдерімен толық қабылдануы тиіс. Оларды анықтап, нәтижеге жету, бағыт-бағдарын көрсету педагогика ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технологиялық тұрғыда шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің қиын жолын алдын-ала белгілеген «өзекті нүктелердің» арасында өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
Технологияның тәрбие әдістемесінен айырмашылығын анықтау үшін,«педагогикалық технология», «тәрбие жүйесі», «тәрбиенің әдістемелік жүйесі», ұғымдарының өзара байланысын ажырату қажет.
«Педагогикалық технология» кең ауқымды ұғым ол кезегінде тәрбие мен оқытудың әдістемелік жүйесінен тұратын тәрбие технологиясы мен оқыту технологияларын қамтиды.
Тәрбие технологиясы тәрбиені жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жиынтығы, жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдіс-тәсілдерді, құралдарды оқу бағдарламасы мен қойылған дидактикалық міндеттерге сәйкес іріктей алу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты болады.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына қалыптастыруда оны ұтымды пайдаланудың педагогикалық деңгейін анықтау аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.
Өмірге қарым-қатынасын қалыптастыратын тәрбие үдерісінің негізгі мақсаты – тәрбие жұмысын жүзеге асыруда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ұлттық құндылықтарды құрметтеуін қалыптастыру арқылы дүниетанымын дамыту.
Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастырылуының шарттары:
1. Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар бір-бірімен тығыз байланысты, кешенді тұрғыда бірін-бірі толықтыра, бірізді, жүйелі жүргізілуге тиіс.
2. Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін оны жан-жақты түгел зерттеп, психологиялық-физиологиялық дамуын, мінез-құлқын, қажетін, мүмкіндігін біліп, оған жеке-дара келгенде ғана табысқа жетуге болады.
3. Тәрбие шараларын белгілегенде жеке ерекшеліктерін түгел ескеріп, тәрбие әдістерін таңдау қажет.
4. Жеке тұлғаға ықпал ету әдістерін таңдағанда, оның бойында қалыптасып қалған тәрбиесін ескерген дұрыс.
Осы аталған тәрбие шарттарын ескеру тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Арнайы қарастыруды қажет ететін маңызды сұрақтардың бірі тәрбиенің заманауи концепциялары мен парадигмалары.
Өскелең ұрпақты тәрбиенің заманауи концепцияларының негізгі идеяларымен таныстыру қажет: тәрбие үдерісін жүйелі құру (В.А.Караковский, Л.Н.Новикова, Н.Л.Селиванова), тәрбие жеке тұлғаны әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті ретінде (Л.В.Байбородова, М.И.Рожков, О.С.Гребенюк), адамға лайық өмір салтын қалыптастыру (Н.Е.Щуркова), жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі (Г.К.Селевко) және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет