Ұяң дауыссыздар өз алдына екі топқа бөлінеді. Дауыстың қатысуынсыз тек бір шудан пайда болатын дауыссыздар. Оларды айтқан кезде дауыс саңылауы ашық, дауыс қатпарлары тербелмейді. Артикуляция тәсілі бойынша, яғни активті және пасивті дыбысталу мүшелері арасындағы кедергілердің пайда болу тәсіліне қарай дауыссыздар бес топқа бөлінеді:
1. қатаң: п, п', б, б', т, т', д, д', к, к', г, г'.
2. ызың: ф, ф', в, в', ' с, с', з, з', х, ш, щ, ж.
2. ызың: ф, ф', в, в', ' с, с', з, з', х, ш, щ, ж.
3. қатаң-ызың, немесе аффрикатты: ц, ч.
4. үнді: м, м', н, н', л, л'.
5. діріл: р.
.Лекция № 13 Бала тілінің негізгі даму сатылары Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қлзғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Олар тек жануарлар сияқты жеке сөздерді айтып, біраз сөздердің мағынасын түсінгенімен, яғни аздап сөйлеп үйренгенімен, ол екінші сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары.
Сәби кезінен бастап, жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым-қатынасы кеш басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайды, оларды адам кейпіне келтіріп тәрбиелеу де, сөйлеп үйрету де қиын, кейде мүлде мүмкін болмайды. Ал ертерек, кішкентай кезінде табылған балаларды сөйлетуге болады.Жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. Екінші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, үшінші айға жеткенде гуілдейді, былдырлап сөйлегісі келеді.
Гуілдеу мен былдырлау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды. Бес-алты айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. Алты-жеті айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін, балаларда бірінші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды. Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор.
Есту қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды. Жақсы еститін баланың тоғыз айында былдырақтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге айналады. Екі жасқа дейінгі баланың сөйлеуі дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары. Сәби кезінен бастап, жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым-қатынасы кеш басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайды, оларды адам кейпіне келтіріп тәрбиелеу де, сөйлеп үйрету де қиын, кейде мүлде мүмкін
болмайды.
Ал ертерек, кішкентай кезінде табылған балаларды сөйлетуге
болады.Жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл
рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. Екінші айдан бастап
дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауыстыдыбыстарды қайталай бастайды, үшінші айға жеткенде гуілдейді, былдырлап сөйлегісі келеді. Гуілдеу мен былдырлау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
Бес-алты айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды
Алты-жеті айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін,
балаларда бірінші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты
мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің
мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
Тілдің ығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды. Жақсы еститін баланың тоғыз айында былдырақтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге айналады. Екі жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне байланысты емес. Екі жастан соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция байқала бастайды. Бір жарым жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында жүйкелік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, екі-үш сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады.
Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әр түрлі.
Сөз қоры баланың басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни генетикалық тұқым қуалаған қасиетіне, болмысты білуге арналған ынтасына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан ортасының мәдениетіне байланысты. Баланың алғашқы сөздері оның көңіл-күйіне негізделген, өмір қажеттілігінен шыққан сөздер болса, кейіннен сыртқы ортаны тануына, өзінің өмір тәжірибесіне байланысты.
Бала тілінің дамуына үш пен төрт жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығы көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. Төрт жаста баланың тіл байлығы молайып, сөзге байланысты нақтылы сапасы артады. Осы кезде баланың сөздерді дұрыс, анық айтуына көбірек назар аудару қажет, онымен көбірек сөйлесіп, қателерін жөңдеу маңызды. Бұл мерзім ата-анасынан шыдамдылықты талап етеді, өйткені баланың мәлімен алуға ынтасы күшті, сұрақты көп қояды. Бір сұраққа берілген жауап екінші сұрақты тудырады да ересек адамның жауап беруге шыдамын таусады.
Дегенмен, баланы дөрекі төқтатып тастамай, сыпайы, көңілін басқа нәрсеге аударып жіберген жөн. Жалпы алғанда ауызша сөз қорының дамуы бес-жеті жасқа дейін созылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтарды, әңгімелердің, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы үлкен. Жеті жасқа дейінгі балалардың белгілі бір жағдайға, нақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады. Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды. Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады.
Баланы жауап беруге үйретуден бастап, оның «ішінен» сөйлеу қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл-ойының дамуына байланысты. Мұнда баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде мұғалімнің, тәрбиешінің орыны ерекше.
Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай, оның ойлау қабілетін, дарынын дамыту керек. Жастардың ойы ішкі тіл байлығына байланысты, сондықтан мұғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып, жақсы дамиды.
Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның жоғарға жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады. Бұл кезде тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп, жөнге қойғаны аса маңызды болады.