Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет11/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Белгіні таңдау - аталымның әдіс - амалы, жаңа лексеманы жасаудың тәсілі. Атаудың негізі болған аталым белгісін таңдау аталым үрдісі кезінде мәні зор, атауды қалыптастырудың тәсілі. Алайда, ол сөздің әрі қарай семантикалық дамуына, мазмұнына өзгеріс кіруіне әсер етпейді. Калыптасқан лексема тілдің табиғи зандылығымен дамып, түрлі дәрежеде өзгеріске еніп отырады, ол ішкі мағыналық құрылымның озгеруімен байланысты жүреді, сондықтан оны семантикалық өзгерістің негізгі себептерінің бірі деп санауға болады. Осымен байланысты өткен тарауларда айтқанымыздай, аталым жасауда сөздің ішкі құрылымы, яғни сөздің құрамыңдағы сыңарлардың мән - мағынасына көңіл аударылатыны, соның негізінде атаудың қалыптасатыны сөз болған. Сөздің ішкі құрылымы сөздің алғашқы (бастапқы) мағынасын білдіреді, әрі қарай сөздің мағынасы кеңейеді және дамиды. Сөйтіп, атаудың қалыптасуында ішкі мағыналық құрылымның үлесі бары даусыз, соған байланысты сөзжасамдық мағынаның айқындалатыны, оның уәждемеге қатысы бары анық көрінеді. Қазіргі лингвистикада уәждеменің бірнеше түрі бар. Оған мына тілдік деректер дәлел бола алады:
А. Айқын уәждеме: теміржол, шашбау, аяқбау, аяқкиім, баскиім т.б. Ә. Жасырын уәждеме: алаяқ, жексұрын, итжеккен, итаршы, алағаншық, алагүлік, алаңғасар т.б.. Осы уәждеменің түріне қатысты уәжділіктің дәрежелері айқындалады, уәжділік дәрежелер уәждеменің түрін қалыптастырып, яғни сыңарлардың арақатынасы қаншалықты дәрежеде семантикалық өзгеріске түскен я түспегенін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан күрделі атаулардың ұстаным белгісін - сыңарлардың уәжділік арақатынасынан іздеген дұрыс. Сөйтін, жалпы атаудың мазмұн жиынтығының қалыптасуына, лексема ретінде тіл жүйесіне енуіне себеп болады. Сонымен, күрделі атаулардың уәждеме заңдылығын кешенді түрде қарастырып, оның қызметіне мыналар кіретінін атап көрсетуге болады:

  • атау уәждемесі және шындық болмыстың заңдылығын ұғыну, түсіну (уәждеменің онтологиялық қасиеті);

  • атау уәждемесі жәнс сөздің ішкі құрылымы (семантикалық аспект);

  • Уәждеме және оның жүйелік мәнділігі, номинативтік бірліктердің уәжділігіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастардың ерекшеліктері (лексика жүйесіне қатыстылығы);

  • уәждеме және қолданыс әрекеті (функционалды аспекті).

Ал уәждеуші белгіні таңдау - ол атаудың уәжін анықтау мен оны табу, демек, зат пеп құбылыстың бейнеленетін белгісі және оның атаудың тіл құралдары арқылы іске асуы. Сөйтіп, уәжді атауды жасау сөзжасамдық құралдарды таңдаудың негізінде жүзеге асады. Күрделі атаулар - лексикалық қорда сақталған немесе сөздік құрамның белгілі деңгейлерін қамтитын, әр кез қолданысқа дайын лексикалық бірліктер қызметін атқаратын тіл байлығы.
Сондықтан лингвистикада тапнылған уәждемені күрделі атауыдың жасалуын айқындауда шешуші негіз деп санаған дұрыс. Уәждеменің қазақ сөзжасамы үшін мәні ерекше, соның ішінде күрделі сөздерді тануда бағыт-бағдар береді деп білеміз. Демек, уәждеме теориясына сүйене отырып, сол тілдің өзіндік заңдарынан туындайтын, табиғи ерекшеліктерінен шығатынын ескерген жағдайда да ғана өз нәтижесін бермек. Сонымен, күрделі аталымның жасалуына негізгі тірек-сыңарлардың мағынасы, ол соған тәуелді және мағыналық дамудың нәтижесінде көпмағыналық немесе омонимдік қатарлардың қалыптасуына да негіз болады. Мысалы, 1. Бізтұмсық; - құс. Ұзын, жіңішке имек тұмсықты сазды жерде тіршілік ететін жыл құсы. 2. Бізтұмсық - қоңыз. Ауыл шаруашылығына өсімдіктеріне зиянды, тұмсығы үзын түтік тәріздес қоңыз. Келтірілген тілдік деректердегі аталымға уәж болған негізгі ерекшелік қасиеті, олардың тұмсықтарының біз сияқты суйір, ұзынша болуы және ол тамақ тауып, негізгі қоректену қызметін атқарады, сондықтан атауға себепші ономасиологнялық белгісі, уәжі, оның сыртқы пішіні және атаудың қалыптасуында сыңарлардағы жеке мағыналар бір-бірімен ішкі мағыналық үйлесім тауып, ол түрпаттың тұтасын қалынтасуына, сөйтіп, аталымның таңбалануына себеп болған. Ұлтабар (анат.)-нысанның қызметіне қатысты қалыптасқан, жаңа сападағы мағынасына байланысты туған. Текесақал - өсімдік. Атаудың қалыптасуына ұқсату уәж болған. Сүтжапырақ - кескен кезде жапырағынан сүт сияқты сүйықтық шығатын қасиетіне байланысты қойылған өсімдіктің атауы. Сасықкүзен - аң. Аталымның жасалуына сапалық қасиеті, иіс - уәжділік негіз, карақұйрық, - аң, уәжі - түс, қарыншаш - жас нәрестенің ана құрсағында жатқандағы шашы, ескі ырым бойынша жас баланың қарыншашын тастауға тыйым болған, себебі шаш шашылып қалса, аяққа басылады т.б. баланың басы ауыратын болады деген ырымдар наным-сенімдерден туған, иткөйлек - жас нәрестенің дүниеге келгеннен кейінгі киетін көйлегі, ұлттық салт-дәстүр бойынша иттің мойнына байлап жіберетін ырым болған, сол ырым реалийдің атауына уәж болған, жарысқазан - аталу себебі екіқабат әйелдің толғағы жеңіл, қиналмай босану үшін қазанға қуырдақ қуыру ырымынан шыққан, бойтүмар, көзмоншақ, сіргежияр. қолүздік, тоқымқағар, жолаяқ, қымызмүрындық, саптыаяқ, асадал (ыдыстың тазалығы мен алып жүруге ыңғайлы болу үшін жасалған арнайы кебеже), адалбақан (киімілгіш), наурызкөже, соғымбасы, киіз үй, табалдырық, оны басып кетпей, аттап өту сияқты ырымдар әлі күнге дейін өзінің мәнін жойды деп айта алмаймыз, жетімбосаға (есіктің дәл кіреберісіндегі сол жағы), табалдырықты басу мен босағаны керуді халық арасында жаман ырым деп санайды, кірген адам ол жерде тұрып қалмай, ілгері өтіп кетуі керек, халық арасында айтылатын ескертпе сөзі "босағада түрма" деп жататыны содан болса керек, бүл келтірілген тілдік деректер сол атаудың қалыптасуына наным-сенім, ырымдардың қатысты барлығы, әсерін тигізгені дау туғызбайды, басқүр, түскиіз, иткірмес, ұлттық әдет-ғүрып қызметіне қатысты туған аталымдар, көшпенділер әрбір реалийдің қызметіне, қолданысына, үлкен мән-мағына берген, сол мән-мағыналық өзінің қасиетін еш уақытта жоймаған, жалғасын тауып отырған т.б. Сондықтан, ұлттық наным-сенімдерден туған ырымдар мен кәделер этноұғымдық лексиканың қалыптасуына әсерін тигізіп отырған, соның бір көрінісі табу мен эвфемизм атаулары: бұның өзі - тамыры терең тарихи қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың барлық, қабаттарын қамтитын, әр дәуірдің ерекшелігін көрсететін тілдік бірліктер. Қазірде замана ағымына қарай қалыптасып, тілдік айналымға түскен, осы үлгімен қалыптасқан атаулар: соқырсенім (догма), теміртор, жетімбүрыш, ойтума (творчество), өтқуык.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет