Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар


Дауыссыз дыбыстардың созжасамдық қалыбы



бет13/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Дауыссыз дыбыстардың созжасамдық қалыбы: Л - Т сөзжасамдық қалыбы. Тіл дамуында л(т дыбыстарының сәйкесуі аркылы жасалатын туынды негіздер қалыптасқан. Мұндай қалыппен жасалған туынды атаулардың мағынасы негізінен антонимдік мағынада болады. "Л" дыбысы арқылы нысанға бағытталатын, нысанның өзінде орындалатын іс-әрекет белгіленсе, "Т" дыбысы арқылы нысаннан бөлектену, кету, айрылу мағынасы қалыптасып, антонимдік айырма мағына туындайды. Антонимдік мағына қалыптасуының мәнісі — себепші негіздің мағыналык, тұлғалық біртектілігінде. Осы мағыналык біртектілік жаңадан пайда болған туынды сөздердің бір нысанға қатыстылығын да айқындайды. Яғни бір сөзжасамдық ұядан тараған номинативті бірліктердің өзек мағынасы ортақ болып, айырушы ерекше мағына бір нысанның әртүрлі қасиеті мен бір-біріне қарама-қарсы белгілерін көрсетеді. Қарама-қарсылық мағына сөзжасамдық процесте Л(Т дыбыстарының (ЛТ дыбыс тіркесі болып, кейіннен жіктелгені белгілі) мәні арқылы пайда болады.
Мысалы: Кел - кет: ал (нысанның субъекті арқылы алынуы) - ат (нысанның субъектіден алыстауы, қашықтауы); ңал (нысанның жанында қалуы) - қат (нысанның бөлектенуі, бөлек қатталуы, жиналуы); цүл (субъектінің төмендік қасиеті) - құт (субъектінің жоғарылық қасиеті) т.б.
Қ — Й сөзжасамдық қалыбы. Қ-Й дыбыстарының сәйкесуі туралы түркітану ғылымында біраз жазылған. Қ-Й сәйкестігі аркылы жаңа сөз туындағанда, туынды сөздердің мағынасында өзек мағына толық сақталады. Сөздер алдымен көпмағыналылық сипатта болып, айырушы семаны даму барысында бірте-бірте иеленеді. Мысалы: жоқ-жой, тоқ-той, соқ-сой, бак-бай, жақ-жай, оқ-ой, т.б.
Р – З сөзжасамдык қалыбы. Бұл сәйкестіктен пайда болған туынды атаулар бір денотаттың не сигнификаттың әртүрлі мағыналык қырларын айқындайтынын, ұғымдык атаулардың бір-бірінен туындаған, мағыналық біртекті ұғымдардың әртүрлі сапалық қасиетін терең айқындаудан пайда болған туынды сөздер екенін бағамдауға болады. Жаңа туынды сөздердің бір денотатқа қатыстылығы, Р— 3 сәйкестігінің генетикалық бірлігін көрсетсе керек.
Мысалы: көз -көр, аз-ар(у,ық), боз-бор, тіз-тер, тара-таза, өгіз-өкір, езу-еру, түзу-теру, сез-сергек, семіз-семір т.б. Көрсетілген мысалдардағы жұптардың бірі зат есім, екіншісі етістік болуы олардың мағыналық табиғатының бөлек екенін емес, керісінше, коррелятивті, синкретті түбірден (Синкретті түбір терминін тарихи омоним түсінігі ретінде емес, тектес, генетикалык жақын түбір деген мағынаны білдіру үшін қолданамыз) жіктеліп пайда болғанын көрсетсе керек. Екі атаудың білдіретін ұғымы бір денотатқа қатысты: бір денотаттың өз атауы мен оның жасайтын қимыл-әрекетін таңбалайды. Демек, бұл сөздердің екі сөз табына жатуы, олардың мағыналық айырмасының критериі бола алмайды.
Қызметі тұрғысынан ерекшеленетін бұл тұлғалардың мағнасындағы өзексема мсн негізгі сема ортақ та, арнайы, ерекше еемалары арқылы номинатмвтік белгілері айқындалып, жске атау ретінде танылады.
Р — Й сөзжасамдык қалыбы. "Й" дыбысының сыналық қызметінің негізінде пайда болған таңбалар арқылы жаңа туынды мағыналар белгіленген. Мысалы: тіре-тайа, қырқу-қыйу, бар-бай, жар-жай, қырсық-кыйсық, ш.б.
Мұндай сөзжасамдық қалып арқылы жасалған атаулардың қалыптасқан жана мағыналарын әуелде вариант ретінде бірдей мағынада қолданылып, кейіи ерекше номинативтік белгілердің танылуына сәйкес, ерекше семалар иеленіп, жеке таңба ретінде жіктелген деп санауға болады.
Р - Л сөзжасамдық қалыбы. Р(Л сөзжасамдык қалыбының пайда болуының да тарихы теренде жатыр, р(л дыбыстарының сәйкесуі бұл дыбыстардың генетикалық біртектілігімен түсіндіріледі.
Тілімізде батыр - бапіыл, ал (қызыл) - араіі, т.б. атаулар осы қалып негізінде қалыптасқан. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі сор, арай т.б. атаулары мен орыс тіліндегі соль, алый сөздері де осы жүйемен қалыптасқан деп пайымдаймыз.
Н - Ң созжасамдык қалыбы. Н (Ң дыбыстары да тарихи тұрғыдан біртекті, шығу төркіні бір дыбыстар. Әуелде ң дыбысы аллофон ретінде пайда болып, кейін фонемалық қасиетке ие болғаны туралы тарихи тұрғыдан жазылған зерттеулерде, дәлелденеді.
Қазақ тілінде тон-тоң, қон-қоң, ін-үң(гі) т.б. сөздер осы сөзжасамдық қалып негізінде жасалған.
Б - М сөзжасамдык қалыбы. Қазақ тілінде бұл қалып негізінде пайда болған туынды атаулар: береке-мереке, бол-мол, бат-малты, жабы-жаман т.б.
Т-С созжасамдық қалыбы. ТС аффрикат дыбысының жіктелуі нәтижесінде жаңа туынды атаулар жасалып, тілдің дамуында синонимдік қатарлар пайда болған.
Мысалы: шығу-сұғу, тұрық-сырық, тұр-сорай, сарық, сарқылу-тарығу, т. б.
Т - Ш сөзжасамдык қалыбы. ТШ аффрикат дыбысының жіктелуі нәтижесінде жаңа туынды атаулар жасалып, синонимдік қатарлар қалыптасқан. Т-Ш дыбыстарының жіктелуі бір тілдің ішінде әртүрлі жақын мағыналы сөздерді атау үшін жұмсалып, ерекше сөзжасамдык қалып туғызған. Мысалы: тіре-шіре, тік-шік, торлау-шырмау, тор-шор, тарт-шарт, тақ (нақ) - шақ, т.б.
Ш - Ж созжасамдық қалыбы. Ш(Ж сәйкестігі аркылы атау жасалу мүмкіндігі қазақ тіл білімінде бұрын-соңды сөз болмағанмен, мұндай атау жасау қалыбы әдеби тіл деректерінде кездеседі.
Ш(Ж дыбыстары бір-бірімен тектес дыбыс болғандықтан, сөзжасамдык қалып арқылы жасалған туынды сөздер мағынасы синонимдес болады. Мысалы: шыр-жыр, шатыр-жыршы, шыр бипу-жир, чир, шар ету — жылау, шарылдау-жырлау, т.б.
Д - Ж сөзжасамдык қалыбы. ДЖ аффрикат дыбысының жіктелуі нәтижесінде пайда болған біртектес Д(Ж дыбыстары сәйкесе келіп, жаңа атау жасауға негіз бола алады. Сәйкес дыбыстардың жіктелуі нәтижесінде пайда болған атаулар мағынасы бір-біріне синонимдес болады. Мысалы: қадыр-қажыр, ыдырай-ажыраю, адасу-ажырау, адыр-ажырық, жақ-дақ, жау-дау, жүр-дүр (дүр етіп ұшу) т.б.
З-Й, Д-Й, Д-Й сөзжасамдық қалыбы. Қазақ тілі лексикасы дамуында з-й, д-й сәйкестіктері сөзжасамдық процестердің тууына, сөйтіп сөзжасамдык қалыптың пайда болуына елеулі үлес қоскан. Тілімізде кездесетін: адақтау-аяқ, адыр-айыр, жадау-жайау, құдық-құйық, сөз-сөй(ле), жаз-жай, азу-айну, қаздию-қалқию, құз-құй, күзек-күйек, қозы-қодық, қызыр-қыдыр, аза түту-ада болу, қуз-құдық т.б. атаулар осы қалыптардың негізінде пайда болған деп пайымдаймыз.
Қ - С сөзжасамдык қалыбы. Қ-С дыбыстары да бір-біріне сәйкес қолданыла алады. Мұның төркіні сірә, X (икс) аффрикатының жіктелумен байланысты болса керек. Тілімізде мынадай атаулардың жасалуы осы сөзжасамдык калып негізінде пайда болған: қыр-сыр, қырыл-сырыл, қыр-сыр (әңгіменің қыр-сыры), құлау-сүлау, қылт-сылт, қыру-(сыру) сызу, жаға-саға (өзен сағасы) т.б.
Қ - У, Ғ - У сөзжасамдык қалыбы. Қ, Ғ дыбыстарының " дыбысына алмасуы комбинаторлық өзгеріс нәтижесі. Осы құбылыс тіл дамуында тек тұлғалық өзгерістер емес, мағыналық та ерекшелік туғызған. Сөздің мағыналык өзгерісі туынды мағына жасайтындықтан, мұндай құбылысты сөзжасамдық аспектіден қарастырамыз.
Тілімізде жұмсалатын сақ-сау, жақ-дау, сезік-сезу, арық-ару, керік-керу, шерік-шеру, жасақ-жасау, тарау-тарақ, бақ-бау, қарақ-қарау, сабақ-сабау, санақ-санау, сұрақ-сұрау т.б. атаулардың номинативтік белгілерін таныту үшін таңбаланған атауларды осындай сөзжасамдық қалыптың негізінде пайда болған деп пайымдаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет