Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар


Қимылға субъектілік, объектілік мән қосатын жұрнақтар



бет56/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Қимылға субъектілік, объектілік мән қосатын жұрнақтар
Субектілік, объектілік мәнді жұрнақтарды етіс жұрнақтары деп санайтыны белгілі. Бұл жұрнақтар түбір етістіктерге жалғанып, оларға қиылдың иесі, қимылға түсетін объекті туралы мән қосып, түбір етістіктегі лексикалық мағынаның үстіне әр түрлі мағына қосады. Сондықтан олар етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар болып саналады. Олардың әрқайсысы туынды түбір етістік жасайтын болғандықтан, туынды түбірлердің де негіз сөз қызметін атқаратын заңдылығы бойынша сөздің құрамында жұрнақтар бірнеше у бола береді. Мысалы, жаздырылмады, жуындыр, алғыздырт, сыйлаттыр т.б.
-ын,-ін,-н: жуын, киін, жасан, тілен, сұран т.б. Бұл жұрнақ етістіктің лексикалық мағынасының үстіне қимылдың иесі де, қимылдың иесі де, қимылға түсетін зат та бір зат деген мағынаны қосады. Мысалы, жуынып, таранды, жан-жағына қаранды. (С.Мұқанов). Мұнда жуыну, тарану, қарану қимылын жасаған да, сол қимыл жасалған адам да – бір адам. Сондықтан олар өздік етіс аталады.
Осы жұрнақтардың екінші мағынасы бар. Онда бұл жұрнақ қимылдың иесін көрсетпей, қимыл өзінен-өзі жасалғандай мәнді білдіреді де, ырықсыз етіс жасайды. Мысалы, Арам шөптер жұлынды, өнімдер қапқа салынды (ауызекі тілден) дегенде жұлыну, салыну қимылын кім жасағаны сөйлемде айтылмай, олар белгісіз қалған.
-ыл,-іл,-л жұрнағы түбір етістіктерге жалғанып, оған қимыл иесінің белгісіздігін білдіретін мән қосады. Мысалы, егін орылды, шөп шабылды, ән айтылды, хат жазылды, сұрақ қойылды, жауап берілді дегендерде етістіктегі қимылды кім жасағаны белгісіз, ол аталмаған. Сондықтан мұндай туынды етістіктер ырықсыз етіс аталады.
Бұл жұрнақтың басқа мағынасы да бар. Мысалы, Ол биыл елге оралды. Аттылар бізге қарай бұрылды. Ол сырқатынан жазылды сияқты қолданыста олар, бұрыл, жазыл етістіктеріндегі қимылдың субъектісі айтылған және ол субъекті әрі объекті екені білдірілген. Мұнда –ыл жұрнағы өздік етіс жасап тұр. Бұл – осы жұрнақтың екінші мағынасы.
-дыр, -дір жұрнағы түбір етістікке жалғанып, қимылдың тыңдаушы мен сөйлеушіден басқа бөгде, 3-адамға жасататынын білдіреді. Мысалы, Оған хат жаздыр, кітапты алыр, оны келтір т.б.
Осы мағынаны –қыз, -кіз жұрнақтары да білдіреді. Мысалы, өлең айткыз, уәде бергіз, сурет салғыз, оны сөйлет, қызды билет, үйді жинат, жұртты тарат т.б.
Бұл жұрнақтардың бәрі белсенді қолданылатын өнімді жұрнақтар.
-ыс,-іс,-с жұрнағы түбір етістікке жалғанып, оған қимылдың бірнеше субъетіге ортақтығын білдіретін мағына қосады. Мысалы, Олар асықпай, ұзақ сөйлесті (С.Мұқанов). Ақындар айтыс өнерін білгірлікпен шебер жалғастырды (газеттен).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет