Жоспар: 1. Етістіктің күрделену процесі
2.Күрделі етістіктің жасалуы мен түрлері
Кіріккен күрделі етістіктің жасалуы
2.2 Тіркескен күрделі етістік
2.3 Құранды күрделі етістіктің жасалуы
2.4 Қосарланған күрделі етістік
2.5 Идиомаланған күрделі етістік
Лекцияның мақсаты:Етістіктің аналитикалық тәсілмен жасалуын түсіндіру
Лекцияның мазмұны: Етістік сөзжасмында аналитикалық тәсіл өте белсенді қызмет атқарады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктерге тіліміз өте бай. Көне замандардан бері қолданылып, тілді күрделі етістіктермен байытқан бұл тәсіл арқылы жасалған күрделі етістік жасауы аталады. Алдымен күрделі етістіктер күрделі қимыл ұғымын білдіреді. Күрделі қимыл ұғымы деп екі түрлі қимылдың біртұтас қимыл-әрекет мәніне ие болған түрін айтамыз. Мысалыға, үйге кіріп шық, бізге келіп кет, оған барып қайт, мұны беріп кел сияқты күрделі етістіктердің бәрі алғаш екі қимылды білдіретін толық мағыналы дербес сөздер болған. Қолданыла келе олар дербестігін жойып, біртұтас мағынаға көшкен яғни бір қимыл мәніне көшкен. Бірақ ол біртұтас қимылда алғашқы сыңарлардың мағынасының ізі сақталған, олар қазір бір қимылдың тұтас жасалатын екі кесіндісі сиякты мәнді сақтаған. Сондықтан ол бір ғана қимыл мәнінен күрделі ұғым болып қалыптасқан. Күрделі етістіктердің басым көпшілігі күрделі қимыл ұғымын білдіреді, бәрі де осындай деуге болмайды. Бұл ретте құранды етістіктер ерекшеленеді.
Күрделі етістіктер барлық күрделі сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесі болады да, біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылады. Оның сыңарларының арасына басқа сөз түсе алмайды. Күрдели етістіктер бір сөз болғандықтан, сөйлемлемдегі сөз тұлғасын түрлендіруші қосымшалар етістіктің соңғы сыңарына ғана жалғанады. Мысалы, келіп кетті, кіріп шыққан, беріп қайтыпты т.б.
Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден ғана болады, өйткені олардан күрделі етістіктегі күрделі қимыл ұғымы жасалады. Бұл заңдылықты құранда етістіктер ғана бағынбайды. Мысалы, қызмет ет, құрмет ет, адам бол т.б. Бұлар көмекші етістіктер арқылы жасалады. Басқа жағдайдың бәрінде күрделі етістіктің құрамы толық мағыналы етістіктерден құралады.
Күрделі етістіктің бірнеше түрі бар. Олар:
Кіріккен күрделі етістіктер;