Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет58/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Кіріккен күрделі етістік
Кіріккен күрделі етістік деп екі сыңардан құралып, сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамаған, біртұтас лексикалық мағына беретін, күрделі қимыл ұғымын білдіретін туынды етістіктер аталады. Мысалға, оған апар (алып бар), әкел (алып кел), әпер (алып бер), әкет (алып кет) сияқты кіріккен етістіктер жатады. Кіріккен етістіктердің құрамы алғаш толық, мағыналы етістіктер болғаны белгілі, сондықтан олардың сыңарларының дыбыстық құрамы толық сақталмаса да, түп негізіне қарап, ол күрделі етістіктерге жатады.
Тіркескен күрделі етістіктер
Тіркескен күрделі етістіктер деп екі етістік сыңардан құралып, бір лексикалық мағына білдіретін, бірақ сыңарлары емле бойынша бөлек жазылатын сөздер аталады. Мысалы, алып кет, көріп бер, алып қайт, біліп бер, кайтып кел т.б. Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары мағыналы етістіктерден жасалып, сыңарларының мағынасынан күрделі қимыл ұғымының атауы жасалады.
Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары кез келген етістіктен болмайды және күрделі етістіктің бірінші сыңары мен екінші сыңары болатын етістіктерде де үлкен айырма бар және ұқсастықта жоқ емес. Ұқсастық мынада – негізгі түбір етістіктер күрделі етістіктің бірінші сыңары да, екінші сыңары да бола береді. Ал айырмашылық – күрделі етістіктің бірінші сыңары негізгі түбір етістіктен де, туынды түбір етістіктенде болады, ал екінші сыңары тек негізгі түбір етістіктен ғана болады және олардың саны да құрамы да белгілі, олар тілдегі отыздай негізгі түбір етістіктер. Сондықтан күрделі етістіктің бірінші сыңары болатын етістіктің саны олардан әлдеқайда көп. Бұл тіркескен күрделі етістіктердегі сыңарлардың қызметін қалыптастырған.

  1. Ауыспалы сыңар тіркескен күрделі етістіктің құрамында бірінші орында тұрады. Мысалы, алып кел, беріп кет, жинап ал, ойлап отыр, көздеп тұр, тыңдап тұр, біліп кел, көріп ал, сынап кетті т.б.

  2. Тіркескен күрделі етістікте тірек сыңар екінші орында тұрады. Мысалы, біліп бер, көріп кел, тыңдап отыр, айтып кет, сұрап қайт, сұрап кел т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет