Лекция тезистері. №1 лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет59/61
Дата14.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#50037
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
лекциялар жинағы 2

Бақылау сұрақтары:
1. Етістіктің күрделену процесі
2.Күрделі етістіктің жасалуы мен түрлері
3.Кіріккен күрделі етістіктің жасалуы
4. Тіркескен күрделі етістік
5.Құранды күрделі етістіктің жасалуы
6.Қосарланған күрделі етістік
7. Идиомаланған күрделі етістік

Әдебиеттер:

  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.

  4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.

  5. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.

  6. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.

  7. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1989.

29 лекция. Тақырыбы: Күрделі еістік пен аналитикалық формалы етістік


Жоспар:
1.Тіркескен күрделі етістікке тән ерекшелік
2.Аналитикалык формалы етістікке тән ерекшелік
3.Бұл екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату жолдары
Лекцияның мақсаты: Күрделі еістік пен аналитикалық формалы етістікті түсіндіру
Лекцияның мазмұны:Қазақ етістігі – феномендік құбылыс. Оның тарихи қалыптасу жолының өзі күрделі. Синкретті түбір ретіндеұ қалыптасқан етістік тұлғаларының мағыналық құрылымы мен жүйесі күрделі. Етістік – қазақ тілінің жаны, жүйкесі. Тіліміздің тазалығын сақтаушы. Тілімізге күні бүгінге дейін енген бірде-бір етістіктің болмауының өзі сөйлеуде, жазуда ойды айқын, анық жеткізудегі қажеттіліктерді толық орындай алады деген сөз. Оның мағыналық құрылымының күрделілігі кез келген күрделі ойды тиянақты, нақты айқын жеткізге мүмкіндік береді, құдыреті жетеді.
Етістік мағынасының күрделілігі сонда, ол әртүрлі мағыналық иірімде, бояуда жқмсала алады.
Жоғарыда келтірілген сал, бер, айт етістігін әртүрлі мағыналық бояуда айтуға болады: айта сал, көре сал, біле сал, кітапты сал, қалтаға сал, терезені сал, құлып сал, көз сал, тіл сал, ой сал, сөз сал т.б.; айта бер, сала бер, көре бер, кітапты бер, дәптерді бер, бара бер, бере бер, тола бер, тоқи бер, т.б. Табиғатта қимылсыз, қозғалыссыз зат болмайды. Болмыстың осы бір қасиетін таңбалайтын атау – етістік. Осының өзі де етістік табиғатының ерекшелігін көрсетсе керек. Болмыстағы қимыл-әрекетті, қозғалысты, әртүрлі процестерді таңбалау үшін етістіктің саны мен сапасы мол да ауқымды болуы қажеттей. Ал түркі тілдеріндегі, соның ішіндегі қазақ тіліндегі синкретті түбірлердің жалпы санының өзі мыңнан сәл асады. Демек, табиғаттағы барлық қимыл-қозғалысты, әрекетті белгілеуде, өзге тілден ешбір сөз алмай-ақ, төл тіліміздегіатаулармен таңбалап, барлық қажеттіліктің үдерісінен қалай шығып отырмыз? Етістіктің ең бір күрдеоі тұсы да осындай құндылығымен ерекшеленсе керек. Әрбір қимылдың белгісін, сипатын анықтау үшін тілімізде етістіктің грамматикалық категориялары, сөзжасамдық тұлғалары қалыптасқан.
Қимыл-әрекеттің әрбір қалпын қалт жібермей таңбалайтын атаулар мен сөзтұлғалар жіктеліп шыққан. Соның ең күрделісі – әрі тіліміздің көркемділігін де көсемдігі мен шешендігін де айқындайтын таңбалар жүйесі күрделі етістіктер. Күрделі етістік арқылы әрбір қимыл, әрбір әрекет өзіндік атауға ие болады. Яғни табиғаттағы әрбір қимыл-қозғалыстың сипаты мен ерекше белгісін айқындауда, тілде таңбалауда күрделі етістік жұмсалады. Етістіктің абстрактылық табиғаты – оның осы қызметін әрі қарапайым көзден жасырып, әрі жүзеге асырып отырады. Айталық, Студент келді, студент оқып келді, студент көріп келді, студент біліп келді, студент жүгіріп келді т.с.с. деген сөйлемдердегі студенттің қимыл-әрекеті әр түрлі. Әртүрлі хабар туралы әр алуан ұғымды, әр сипаттағы етістік тұлғалары таңбалап тұр. Мұндағы етістік тұлғалары әр тіркесте әртүрлі мағыналық жүк атқатып, жаңа сөзжасамдық мағына беруге семалық рең арттырады.
Кұрделі етістік қимылдың өзгеше сипатын айқындау үшін, ұғымды танылған жаңа қимыл-әрекеттің сипатын таңбалау үшін жұмсалады. Күрделі етістік қимылдың өзгеше сипатын таңбалау үшін жұмсалады. Күрделі етістік қимылдың өзгеше сипатын таңбалау үшін қолданылып, ерекше сөзжасамдық семаны белгілейді. Ал аналитикалық формада ондай жаңа ұғымды белгілейтін ерекше сема болмады, тек қимылдың әртүрлі грамматикалық сипатын белгілеу үшін қолданылады. Яғни күрделі етістік жаңа қимылдың атауын белгілеу үшін, ерекше семаны таңбалау үшін қажеттіліктен пайда болады. Демек, күрделі етістік толық мағыналы екі не бірнеше етістіктен құралып, жаңа қимыл-қозғалыс, әрекет туралы ұғымды таңбалау үшін жасаладыү Ал аналитикалық формада мұндай қасиет жоқ. Сондықтан етістіктің аналитикалық формасы негізгі етістік пен көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Негізгі етістік тірек сыңар болады да, көмекші етістік тек грамматикалық рең қосады.
Аналитикалық форма жасайтын көмекші етістіктер мыналар: е, же, жазда, отыр, тұр, жатыр, жүр. Осы көмекші етістіктер жалғанғанда ғана етістіктің аналитикалық формасы жасалып, қимылдың грамматикалық мәні анықталады. Өзге етістіктердің барлығы өзіндік лексикалық мағынасын жаңа сөзжасамдық мағына жасауда қоса алады.
Күрделі етістіктің мағынасы сигнификаттық мағына береді. Дәстүрлі грамматикада күрделі етістікті екі үлен топқа бқлу үрдісі бар: күрделі етістік және құранды етістік. Құрылымдық грамматика тұрғысынан бұлай бөлініс ыңғайлы болып көрінгенмен, семантикалық тұрғыдан толық дұрыс бола қоймайды. Өйткені құранды етістік деп отырғанымыздың көпшіліі фразалар мен идиомалар болып шығады. Біз мұндай тіркестерді коннатациялық мәндегі күрделі тіркестер деп бөліп талдауды ұсынамыз.
Кей зерттеулерде еліктеуіш сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі де күрделі етістікке жатқызылады. Біз бұл пікірге де қосыла алмаймыз. Өйткені тарс етті (тарсылдады), сырт етті (сыртылдады), жарқ етті (жарқылдады) тұлғасында жаңадан атау жасалмайды. Тек қимылдың орындалғаны тура айтылады. Сондықтан мұндпй тұлғалар сөзжасамдық аспектіде саралана алмайды, бұл морфологияның зерттеу нысаны.
Етістіктің аналитикалық формас мен күрделі етістіктің мынадай айырмашылығы бар:

Аналитикалық етістік

Күрделі етістік

  1. Негізгі және көмекші етістіктен құралады.

  2. Сыңарлары өздерінің негізгі мағыналарында тұрады.

  3. Көмекші етістіктің лексикалық мағынасы болмайды, тек грамматикалық мағына үстейді.

  4. Құрамындағы сыңарлар негізгі мағынасында жұмсалады.

  5. Әуелгі сыңары тірек мәнде қолданылады.

  6. Етістіктің грамматикалық категориясы

  1. Екі негізгі себепші негізден құралады.

  2. Себепші негіздер сөзжасамдық мағынаға ие болады.

  3. Себепші негіздердің екеуі де сөзжасамдық ерекше мағына жасауға қатысады.

  4. Құрамындағы сыңарлар ауыспалы, фразеологиялық мәнде жұмсалады.

  5. Сыңлары тең дәрежеде сөзжасамдық мағына туғызуға қатысады.

  6. Сөзжасамдық бірлік

Күрделі етістік пен аналитикалық форманың негізгі ұқсастығы: бір сұраққа жауап береді; бір сөйлем мшесі болады; сөйлемде бір ғана қызмет атқарады.
Сонымен, екі негізгі етістіктен құралып, бір ғана ұғымды белгілейтін, ерекше сқзжасамдық мағынаны таңбалайтын тіркестер күрделі етістік ретінде танылады. Күрделі етістіктер – сигнификатты мағыналы атаулар. Мысалы: айтып салды, келіп қалды, бара қалды, қашып кетті, жүріп кетті т.б. Мұндай күрделі тіркестер бір ғана қимылдың ұғымын таңбалайды. Өзара сигнификаттық байланыста тұрады. Ұғымды таңбалауда белгілі дәрежеде ауыспалы, фразеологиялық мағынада қолданылады.
Олардың ерекше сөзжасамдық мағынасы белгілейтін ұғымы арқылы көрінеді. Тіліміздің өзгермейтін негізгі байлығы, генетикалық тектестікті, сабақтастықты сақтаушы осы етістіктер. Өйткені зат есімдер ең өзгермелі сөз табы. Зат атаулары қоғамның, өрениеттің өзгеруімен үнемі дамып, тіпті өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет