Лекция тезистері 1-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері Сабақтың мақсаты



бет3/14
Дата21.03.2022
өлшемі130,5 Kb.
#28503
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бақылау сұрақтары:

  1. Психокоррекцияның мақсаты

  2. Психологиялық консультацияның ерекшеліктері

  3. Психокоррекция және психологиялық түзету жұмыстары

3-тақырып. Қазіргі психологиядағы негізгі ғылыми бағыттар

Сабақтың мақсаты: Психоаналитикалық консультация түсінігін қалыптастыру
Сабақтың жоспары:

1. З.Фрейд теориясы тұлға дамуындағы дағдарыстық кезеңдері

2. М.Паттон мен Н.Меара психоаналитикалық консультацияда маңызды болатын үрдістері
Лекцияның қысқаша мазмұны.

Қазіргі психологияда негізгі 3 тұрғы: психодинамикалық, бихеовиристік және гуманистік бағыттар жетекші ағымдар айналып отыр.

Психологиялық көмек көрсету тәжірибесінің тарихында психодинамикалық бағыт алғашқы болды. Ол XIX ғасырдың соңында пайда болып, XX ғасырдың басынан-ақ танымал болып, өрістей бастады. Психодинамикалық бағыт австриялық психиатр Зигмунд Фрейдтің психоанализінен бастау алады. Қазір Э.Фромм, К.Хорни, К.Юнг, В.Рейх, Ж.Лакан, Э.Бордин және т.б еңбектерінде анықталған.

Консультацияның психоаналитикалық моделі бойынша клиент психикасының ішкі динамаикасы: оның әр түрлі саналы және санамен аңғаруға болмайтын қажеттіліктері мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс мотивтерінің, ортаның қоятын талаптары арасындағы күрестер; оның психологиялық қорғаныс механизмдері, типтік көріністер мен қарсыласу сипаттары қарастырылады;

З.Фрейд теориясы тұлға дамуындағы дағдарыстық кезеңдерді қарастырады. Психоанализ бойынша адам үнемі өз-өзімен іштей қақтығыстық жағдайда болады, ал оның себебі өзі саналы түрде аңғармаған ниеттерден, мотивтерден және қанағаттандырылмаған қажеттіліктерден шығады.

Психоаналитикалық консультация клиенттің мінез-құлқының түпкі себептерін саналы түрде аңғаруына басты назар аударады. Тұлға өзгерісінің бастамасына көп жағдайда саналы түрде аңғару, түсіну сәті ретінде инсайт жеткілікті болады.

Психолог пен клиенттің психодинамикалық теорияға негізделген сұхбаттасуы барысында төмендегі тәсілдер қолданылады.


  1. Нақты бір сөзге қатысты клиентке ассоциация құру.

  2. «Фрейд қателігі» - клиенттің байқаусызда айтып қалатын фразалары, жіберетін қателіктері, мақсатсыз орындалған сызбалар.

  3. Көрген түс мазмұны бойынша еркін ассоциация арқылы көрген түске талдау.

  4. Қарсыласуға ығыстыру механизмінің әлдеқайда кеңейтілген көрінісі ретінде талдау.

  5. Клиент тасымалының мазмұнын талдау.

1950-жылдары-ақ алғашқылардың бірі болып, Э.Бордин психодинамикалық теория ілімдерін консультация үрдісінде қолдануға ерекше мән берген. Тіпті одан бұрын А.Адлер консультант пен клиент қарым-қатынасындағы этикаға тоқталып, терапевтік жұмыс алдында клиент пен консультанттың сұхбаттасу қажеттігіне назар аударып, оны консультация сеансы деп сипаттаған. Ал Э.Бордин консультацияны индивидтің тұлғалық жетілу жолындағы кедергілерді жеңуге және жеке бас ресурстарын оптималды дамытуға көмек деп анықтап, психоаналитикалық идеяларды мамандық таңдау мен карьера жетілдіру консультацияларында қолдануды ұсынады.

М.Паттон мен Н.Меара психоаналитикалық консультацияда маңызды болатын мынадай үрдістерді бөліп көрсетеді:

1. Консультант өз қызығушылығын, зейін қойып отырғанын білдіреді. Клиент өз мәселесін еркін баяндайды. Бірақ консультанттың клиент әңгімесін белсенді тыңдауы қажет.

2. Клиент консультантқа қатысты тасымалдық қатынас байқатады.

3. Консультант үрдісті қалт жібермей байқап, қадағалап отырады.

4. Клиент консультант тарапынан болған комментарийлерді қорытады және өз қажеттіліктеріне қатысты бейімдейді.

5. Клиент өзінің бұрынғы сипаттарын өзгертіп, өзіне жаңаша қатынаста болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет