Лекция тезистері 1-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері Сабақтың мақсаты



бет7/14
Дата21.03.2022
өлшемі130,5 Kb.
#28503
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Бақылау сұрақтары:

  1. Клиентпен тілектестік көңілмен және бағасыз қатынас жасау принципі.

  2. Кеңес, ақыл беруден аулақ болу принципі

  3. Жеке тұлғалық және кәсіби қатынастардың шекарасын сақтау принципі.


7-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің үрдісі

Сабақтың мақсаты: Клиенттердің жас ерекшеліктеріне, кеңістіктегі орындары, сандарына, мәселелерінің мазмұнына байланысты көмек көрсету.
Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық консультацияның түрлері.

  2. Консультациялық сұхбаттың маңызды сипаттамалары.


Лекцияның қысқаша мазмұны.

Психологиялық консультацияны ұйымдастыруда оның белгілі бір түрі таңдалынып алынады. Жас ерекшелік психологиясындағы жас кезеңдері ескеріле отырып, психологиялық көмек ұйымдастырылады. Психолог пен клиенттің сұхбат кезіндегі кеңістіктегі орындары мен араларындағы қашықтыққа байлансты психологиялық консультацияның екі түрі бар:



  1. Контактілі

  2. Дистантты

Психологтың клиенттердің санына байланысты консультациялық сұхбат ұйымдастыруы бойынша да психологиялық консультацияның екі түрі бар:

  1. Консультанттың бір ғана клиентпне жүргізгендегі жеке - дара психологиялық консультация.

  2. Консультанттың екі немесе одан да көп клиенттерімен жүргізгендегі топтық психологиялық консультация.

Консультациялық сұхбаттың маңызды сипаттамаларының бірі – консультант пен клиенттің келісіп, тағайындаған консультация уақыттары. Консультациялық әсерде асығыстық, жылдамдық болмауы керек. Сонымен бірге басталуы мен соңы нақты тағайындаоған консультация барысы үшін уақыт ескеріліп отырылады. Сондықтан столға немесе қабырғаға сағат қойылады. Ол клиент пен консультантқа белсенді де динамикалық жұмыс жасау қажеттігін көрсеттеді. Жалпы, консультациялық сұхбатта көп нәрсе уаөыт барысына тәуелді болады. Консультациялық сұхбат біртіндеп барып, өрбиді. Алайда сұхбаттың әр бір бөлігі, әрбір сатысы нақты бір тағайындалған уақытта өтуі қажет. Әйтпегенде консультант берілген уақытта клиентке көмек беруге үлгермей, оның үмітін ақтай алмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет