Лекция тезистері 1-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері Сабақтың мақсаты



бет2/14
Дата21.03.2022
өлшемі130,5 Kb.
#28503
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық консультация деген не?

  2. Психологиялық консультация және психологиялық түзету жеке ғылым ретінде қай ғасырда қарастырылды?


2-тақырып. Кеңес берудің теориялық негіздері.

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға психологиялық кеңес берудің психологиялық түзету жұмыстарының теориялық-әдістемелік мағлұмат беру

Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері

  2. Психологиялық түзету жұмыстарының теориялық-әдістемелік және этикалық барысы


Лекцияның қысқаша мазмұны.

  1. Психологиялық көмек беруде психологиялық консультация, психотерапия және психокоррекция модельдері бір-бірімен байланыста қолданылады. «Консультация» ұғымы бірнеше мәнге ие болады. Бұл маманның кеңесі, қандай да кеңес беру функциясын жүзеге асыратын мекеме, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, қарым-қатынас үрдісінде жақын туыстардың, дос- жарандардың және т.б. бір-біріне беретін ақылдары болып табылады.

  2. Психокоррекциялық жұмыста да, психотерапияда да әңгіменің сәйкес формалары қолданылады. Алайда, психологиялық консультация психокоррекциямен және психотерапиямен сырттай біліне қоймас шекарамен өзгешеленеді де, тек шартты түрде бөлінеді.

Л. Брэммер мен Э. Шостром (1968) көзқарастары бойынша психотерапия саласындағы психология мен медицинаның өзара байланыстарын континуум түрінде көрсетуге болады.

Психиатрия мен неврология (медицина)

Психологиялық әдістер


  1. Психологиялық консультация мен психотерапия арасындағы айырмашылықтар психологиялық көмекті қажет ететін адамдардың типтік ерекшеліктеріне байланысты болады. Психолог-консультант қабылдауында кез келген адамның кездесу ықтималдығы бар. Клиент рөлі психикалық статусқа, атқаратын қызметке, материалдық жағдайға, интеллектуалдық потенциалға және т.б. байланысты емес. Ал психотерапевт пациенттерінің аясы әлде қайда тар болады. Оларға рефлексияның жоғарғы даму деңгейіне ие, көбіне қымбат та, ұзақ мерзімді курстарды төлеуге мумкіндігі бар, уақыты мен мотивациясы жеткілікті, жеке басының мәселелерін шешуде маманның көмегін қажет ететін адамдар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет