Лекция тезистері 1-тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық кенес берудің пәні және міндеттері Сабақтың мақсаты



бет5/14
Дата21.03.2022
өлшемі130,5 Kb.
#28503
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бақылау сұрақтары:

  1. Бихевиористік теорияға негізделген психологиялық көмек қандай жасушалардан тұрады?

  2. Рецидивтердің алдын алу бағдарламасына қандай негізгі пункттерден тұрады?


5-тақырып. Жас ерекшелік дағдарыстары

Сабақтың мақсаты: Психологиялық консультациядағы гуманистік бағыт жайлы түсінікті қалыптастыру
Сабақтың жоспары:

1. Гуманистік психология

2. Гештальт-терапиясы
Лекцияның қысқаша мазмұны.

Гуманистік психологияның түп тамыры С.Кьеркегор(1813-1855), К.Ясперс(1883-1969), М.Хайдегтер(1889-1976), Ж.П.Сартр(1905-1980) негізін құрған экзистенциальді философияда жатыр.

Әрбір адам өз еркімен таңдаған тағдырына, әрекеттеріне жауапты дейтін экзистенциальді философия идеясына гуманистік психология ілімдері үн,дес келеді.1960 жылдары жеке адам психологиясымен айналысушы ғалымдар А.Маслоу (1908-1970) жетекшілігімен сол кездегі ең танымал екі бағыт-психоанализ бен бихевиоризмге альтернативті теория жасау мақсатымен бірігеді. Оны «гуманистік психология» терминімен атайды.

Гуманистік психологияның экзистенциализмнен алған басты концепсиясы – қалыптасу концепсиясы. Экзистенциалистер сияқты гуманистік психология адамды түсініп, зерттеудегі ең басты феноменге субъективті тәжірибені жатқызады. А.Маслоу тәжірибені ештеңе алмастырмайтындығын баса көрсетеді.

Гуманистік психологияның А.Маслоу тағайындаған фундаментальді тезистеріне мыналар жатады:


  • Әрбір адамның мінез-құлқындағы жеке көріністерді емес, оны тұтастай бірлікте зерттеу керек. Жеке адамның ең басты сипаттамасы- бір тұтастық пен жалпылылық.

  • Адам мен жануар психологиясы арасындағы терең айырмашылықтар бар. Адам мінез-құлқын түсіндіруде, жануарлар мінезмқұлқын зерттеп, оның нәтижесін адам қасиеттеріне, мінез-құлқына тануғаболмайды.

  • Адамның позитивті дамуға, жетілуге потенциалды мүмкіндіктері табиғатынан беріледі. Адамдардың деструктивті қылықтары фрустрация мен негізгі қажеттіліктерінің қанағаттанбауынан болады.

  • Барлық адамға туғаннан шығармашылық қасиет тән болады. Креативтілік адамның ең универсалды сипаттамасы, табиғатынан бөлінбейтін қасиет. Шығармашылық - адамның ерекше функциясы және өзін-өзі көрсетудің барлық формасына тән.

  • Психология ғылымының негізінде өзін-өзі актуализациялай алатын психикалық дені сау адамды зерттеу бойынша ғана өзін-өзі жетілдіру мәселесі шешілмейді.

Гуманистік психология негізі жеке адамның бес деңгейлі қажеттіліктеріне 1)физиологиялық, 2)қауіпсіздікті сақтау мен қорғану, 3)жақсы көру, 4)өзін-өзі құрметтеу, 5)өзін-өзі актуализациялау немесе жетілдіру қажеттіліктері, 6)қатысты мотивациялар болады.

Гуманистік психология 1960 ж бастап психологиялық консультацияға айтарлықтай ықпал жасады.

Гуманистік психология тұрғысынан консультацияда гештальт-терапия ерекше орын алады. Гештальт-терапияның әр түрлі тиімді, әсерлері белгілі болған тәсілдері мен техникалары бар.

Гуманистік бағыттағы психологиялықконсультация немі клиенттің жеке-дара дамуына негізделеді.



Сонымен консультация адам әлдеқайда жоғарғы деңгейдегі жеке басының компоненттілігіне жететін үрдіс болып табылады. Психологиялық консультация адамдарды ақылды шешім қабылдауға үйете аламайды, ол шешімді ақылмен қабылдауға үйретеді. (Катц,1969).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет