Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет16/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

Мәндуб. Дін бойынша орындалғаны жақсы, ұнамды болып, орындамаса күнәћар болмай, оған жаза керек еттірмейтін амалдарды “мәндуб” дейміз. Яғни мәндуб амалдарды орындаған адам ешқандай жазаға немесе күнәға ұшырамайды. Жалпы мәндубты “нафиле”, “сүннет”, “мұстахаб” немесе “ихсан” деп атайды.
Мәндуб те, өз ішінен былай үшке бөлінеді:
1. Сүннет-и мүеккеде немесе бекітілген сүннет. Пайғамбарымыздың парыз бен уәжіп амалдарынан тыс, көбінесе орындаған амалдары. Бұларға таң намазының алғашқы екі бас сүннеті, бесін намазының сүннеттері, ақшам мен құптан намаздарының екі бас сүннеттері кіреді.
2. Сүннет ғайри мүеккеде немесе бекітілмеген сүннет. Пайғамбарымыздың бірде орындап, бірде орындамаған амалдары. Оларға намаздыгердің төрт бас сүннеті, құптан намаздарының алғашқы төрт бас сүннеті кіреді. Сүннеттің бұл түріне исламдағы басқа да нәфиле амалдар кіреді. Мысалы: пақырларға садақа беру, аптаның әр бейсенбі күні ораза тұту және парыз, уәжіп, мүеккеде амалдардан тыс сауапты ғибадаттарды осы үкімнің ішіне жатқызуға болады.
3. Зәйд мәндуб. Бұл Пайғамбарымыздың өзі істеген іс-әрекеттері, яғни Пайғамбарымыздың жеп-ішуі, киінуі, жүруі, ұйықтауы сияқты істері зәйд мәндуб болып табылады.
Негізінде бұлар істелуі жақсы, ұнамды болған амалдар. Яғни бұлар ардақты Пайғамбарымызға жасалған құрметтің белгісі. Бірақ та орындамаса да ешқандай зияны жоқ. Мұны “мұстахаб”, “незакет” және “фазилет” деп те атайды.
Мүбах. Адамның бір нәрсені істеп-істемеуі өз еркінде болған амалдарды “мүбах” деп атаймыз. Олар “жаиз”, “халал” деп те аталады. Мүбах болған амалдарды істеген адамдарға сауап та, істемеген адамға күнә да жоқ. Бұл амалдарды адам қалағанынша істейді. Мысалыға: қалағанынша адам ұйықтайды, қалағанынша исламда халал болған тағамдардан денсаулығына зиян тимейтіндей етіп жейді.
Мүбах өз ішінен екіге бөлінеді: 1- мүбах лиайнићи; 2-мүбах лиғайрићи.
1. Әр уақытта мүбах болған амалдарды “мүбах лиайнићи” дейміз.
2. Бір себеп-салдарға байланысты мүбах болған амалдарды “мүбах лиғайрићи” дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет