Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар


тақырып Ислам дінінің басты қайнарлары



бет13/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

3 тақырып


Ислам дінінің басты қайнарлары

  1. 1. Құран

  2. 2. Сүннет

  3. 3. Діни шариғат үкімдерi

  4. 4. Негізгі тыйымдар



1. Құран - “оқу”, “жатқа оқу” мағынасына келетiн арабша сөз. Мұндағы мағына кітаптан оқу емес, “ауызша жатқа оқу” дегенді білдіреді. Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) түскен қасиеттi Құран Кәрімнiң басқа да есiмдерi бар. Кейбiр ғұламалар Құран есiмдерiнiң тоқсанға жуығын атаған. Мәселен, Құранның “әл-Китаб” деген атауы қасиеттi кiтабымыздың екi жүз отыз жерiнде кездеседi. Келесi ақиқатпен жалғанды айырушы мағынасына келетiн “әл-Фурқан” есiмi Құранда алты мәрте кездеседi. Құранда бұдан басқа да есiмдер бар: Кәлам, Баян, Хақ, Уммул-Китаб, Рахмәт т.б.
Құран Кәрім ислам дініндегі ең қасиетті кітап және мұсылмандардың бірінші қайнары. Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) Құран уахи арқылы түсiп бұлтартпас хабарлар арқылы жеткен, оқылуы ғибадат саналған мұғжизалы* сөз. Ол - Аллаћ Тағаланың сөзі, сондықтан оны мойындамау - күпірлік. Құранда барлық ақиқаттар қамтылған, күмәнсіз оған адам сөзі қосылмаған. Құранның мағынасы да, сөзi де Аллаһ Тағалаға тән. Оның мағынасы да, сөзi де уахи етiлген.
Құран Кәрім - Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) арқылы Аллаћ Тағаланың адам баласына жолдаған кітабы, яғни Мұхаммед пайғамбарға түс арқылы, илћам арқылы, Жәбраил періште арқылы және тікелей Аллаћпен тілдесу арқылы уахилер 23 жылда аят-аят, сүре-сүре болып келген. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) өзіне білдірілген уахилерді сахабаларына жеткізген, үйреткен, жаздырған және жаттатқан.
Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) өлімінен кейін Құран Кәрімді жинақтау хазіреті Әбу Бәкірдің халифалығы заманында хазіреті Омардың ұсынысымен, Зейд бин Сәбит басшылығы арқылы жүзеге асқан. Ал Хазiретi Мұхаммедтің (ғ.с.) уақытында уахидің келуі жалғасып тұрғандықтан, оны бір кітап етіп жинақтау мүмкін болмады.
Хазіреті Осман заманында Құран нұсқасы алты нұсқаға көшірілдi, олар Куфаға, Басраға, Шамға, Меккеге, Иеменге, Бахрейнге жөнелтілді және “имам” деп аталған түпнұсқасы Мединеде сақталды.
Құран Кәрім - 114 сүреден, 6666 аятдан тұрады. Сүре - сөздiкте жоғары мәртебе, абырой яки қатар деген мағынаға келедi. Терминдiк мағынасы аяттардан тұратын басы мен ақыры бар жеке Құран бөлiмi. Аят - сөздiкте белгi, дәлел, нышан, ғибрат мағыналарына келедi. Ал терминдiк мағынасы сүрелердiң iшiнде басы мен ақыры болған яки бiр немесе бiрнеше сөйлемнен құралған сөздер жиынтығы. 286 аяттан тұратын ең ұзын сүре - Бақара сүресі, ал ең қысқасы - 3 аяттан тұратын Кәусар сүресі. Құранның бірінші бетіне Фатиха сүресі, соңғы бетіне Нас сүресі орналасқан.
Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) алғаш аян болған “Алақ” сүресінің алғашқы бес аяты екені баршамызға мәлім, яғни Хира үңгірінде Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.)ке алғаш уахи етілген “Иқра (оқы)” бұйрығы екендігі өткен тақырыпта баяндалды. Десек те Меккеде ең алғаш түскен сүре - Мүддәсір немесе Фатиха сүресі. Ал ең соңғы түскен сүре - Мүминин сүресі. Ардақты пайғамбарымызға Медине қаласында ең алғаш түскен - Бақара сүресі, ал пайғамбарымыздың өмірінің соңында келген сүре - Наср сүресі деп есептеледі.
Тәубе сүресінен басқа барлық сүрелер «Бисмиллаћи-р-Рахмани-р-Рахиммен» басталады.
Сүрелердің орын тәртібі Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) тапсыруымен халифа Хазіреті Осман уақытында орналастырылған.
Тағы бір айта кететін мәселе, Құран сүрелерін меккелік және мединелік деп қарастыра аламыз.
Меккелік сүрелер - Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Мекке қаласында жасаған кезде түскен сүрелер. Меккелік сүрелерде жалпы иман-сенім, жаннат-жаћаннам, әлем мен адамның жаратылуы, өткен пайғамбарлар туралы тақырыптар қамтылған.
Ал Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) Меккеден Мединеге көшуіне байланысты, Медине қаласында түскен сүрелер “мединелік сүрелер” деп аталады. Осы аталған сүрелерде қоғам өмірі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар бойынша әмірлер мен бұйрықтар, тыйымдар т.б. тақырыптар баяндалады.
Құран – Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) ең үлкен мұғжизасы. Күніміздегі заманауи ашылып жатқан жаңалықтардың мұсылмандардың қасиетті кітабында кездесетіні құдайдың құдіреті мен ұлылығын дәлелдейді. Бұл - Құранның Аллаћ сөзі екендігінің айықпас дәлелдерінің бірі болса керек.
Осы кітаптың негізі – адам, адамзаттың дүние мен ахиретте бақытты болуын мақсат етеді. Құран жалпы адамдардың Аллаћқа сенімдеріне, оған құлшылық жасауларына, ахлақ негіздеріне, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынастарына тоқталады, сондай-ақ адамдардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелеріне шешуші ережелер ұсынады, адамзаттың жеке және жалпы өміріне жол көрсетеді. Құранның жол көрсетуші үкімдері, бұйрықтары мен тыйымдары ішінде еш қайшылық жоқ.
Аллаһтың сөзінде ғайып, рух, қиямет күні, ажал, жын, періште, жәннат (жұмақ), жәћәннам (тозақ) сияқты адамның көзіне көрінбейтін нәрселер баяндалады. Сондай-ақ осы кітап өткен қауымдар, мемлекеттер жайлы, оларға жіберілген пайғамбарлардың істеріне қатысты мәліметтер береді.
Құран Кәрім адамның жоғарғы адамгершілік иесі болуына шақырады. Осы кітап дүниеде адамдардың бейбітшілік пен тыныштықта жасауларын және бір-бірімен сүйіспеншілік пен қайырымдылықта өмір сүрулерін қалайды. Осы тұрғыдан Құран Кәрімнің ұлылығы соншалық, бүкіл адамдар барлық ғұмырларын оны зерттеуге берсе де, оны толық түсінуге білімдері жетпейді. ¤йткені ол - шексіз ғылым иесі болған Аллаћтың сөзі.
Қазіргі ашылып жатқан жаңалықтар қасиетті кітабымызда баяндалғанына таңданбауымызға шара жоқ. ¤йткені Құран Кәрімде жанды-жансыз жаратылыстың иесін дәлелдейтін ақиқаттар өте көп баяндалған. Міне, осы ақиқаттар қазіргі Құранды сынаушылардың «Құранды Мұхаммедтің өзі жазды», «адам жазды» деулеріне қарсы жауап болып табылады. Мұхаммед - тек Аллаћтың сөзі Құранды адамзатқа жеткізуші елші, пайғамбар ғана. Егер де Құранды Мұхаммед пайғамбардың сөзі дейтін болсақ, оның өскен ортасы Мекке қаласында ‡ІІ ғасырда ғылым, оқу-ағарту орындары, медреселер, сондай-ақ жаратылыстану (химия, физика астраномия) ғылымдары мүлдем болған емес және Мұхаммед пайғамбар хат тани алмайтын еді. Сондықтан осындай себептерге байланысты ақиқат кітабы - Құран Кәрімді Мұхаммед пайғамбар өз ақылымен жазды деу – ақылға сыймайтын нәрсе. Құран – Аллаћ сөзі.
Қасиетті Құранда Мұхаммед пайғамбардың ғұмырына дейінгі және одан кейінгі уақытта да беймәлім болған ғылыми жаңалықтар кездеседі. Қазіргі ғылымның жетістіктері Құрандағы ғылыми тұжырымдардың бәріне болмаса да, кейбіріне түсінік бере бастады. Себебі ғылымның дамуы - шексіз, ол дамыған сайын Құрандағы ақиқатқа шамалап түсінік беруге болады. Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет