Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет17/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Мәкрүћ. Сөздікте “ұнатылмайтын”, “жақтырылмайтын” деген мағынаны береді.
Мұсылман хұқығында істелінуі жақсы болмаған, жек көрілген амалдар мен нәрселерді “мәкрүћ” деп атайды. Яғни исламда тыйым салынуы анық болмаған үкімдер.
Мәкрүћ өз ішінен харамға жақын болған “тахримен мәкрүћ”, халалға жақын болған “тәнзићен мәкрүћ” болып екіге бөлінеді.
Харам. Құран және Пайғамбарымыздың хадистерінде кесінде түрде тыйым салынған амалдар мен нәрселер “харам” деп аталады. Яғни исламда харам болған амалдарды істеген адам, күнәћар болып табылады. Ал исламдағы харамды мойындамаса, ол адам діннен шығып, азап шегуі хақ. Ал харам амалдарды харам екенін біле тұрып істеген адам күнәћар болып, Аллаћ алдында азап шегуі тиіс. Мысалға дінде тыйым салынған істер: ұрлық жасау, адам өлтіру, арақ ішу т.б.
Харам да “лиайнићи” және “лиғайрићи” харам болып екіге бөлінеді:
1. Бір амалдың харам болуы өзінен болып, әр уақытта тыйым салынған амалдарды харам лиайнићи дейміз. Олар: доңыз еті, ұрлық т.б.
2. Белгілі бір уақытқа немесе бір себепке байланысты тыйым салынған амалдарды харам лиғайрићи деп аталады. Мәселен: Барлық күндерде ораза тұтуға болады, бірақ мейрам күндері ораза тұту харам. Мұсылмандықта рұқсат етілген тағамды жеу халал болғанымен, ұрлықпен табылған тағамды жеу – харам.
4. Негізгі тыйымдар (харам)

  1. Адам өлтіру. Ислам діні адамды жаратылғандардың ең құрметтісі деп

санайды. Сондықтан адам өмірінің қорғалуы – діннің негізгі алға қойған мақсаттарының бірі болып табылады. Құранда себепсіз адам өлтірген адамның бүкіл адамдарды өлтіргендей ауыр қылмыс істегенін, ал бір адамды өлімнен құтқарған адамның бүкіл адамдарға өмір бергендей ұлы, абыройлы іс екенін түсіндіреді. Осыған байланысты адам өлтіру үлкен күнәлардың бірі болып саналады және жазасы да егер туыстары кешірмесе өлім. Ал ахирет күнінде де барар жері тозақ болмақ.

  1. Қан дауы. Жанұя немесе жақындарынан бірі өлтірілсе өш алумен немесе

сазайын берумен қорытындылайтын жаза түріне қан дауы дейді. Қан дауы тәртіп пен әділеттің толықтай жүзеге аспайтын қоғамдарда қолданылатын шара болып табылады. Ислам діні қан дауына тыйым салған. Дін бойынша қылмыскердің жазасын тек заң бойынша мемлекет шешуі тиіс. Егер адамдар біріне жаза берер болса, ол қоғамда анархия болары хақ.

  1. ¤зін-өзі өлтіру. Жаратылғандардың ішінде абыройлы орынға ие болған

адамның өмір сүру хұқығы да Аллаћ тарапынан белгіленген негізгі хұқығы болып табылады. Дүниеге жаратушысын тану және оның көрсеткен жолымен өмір сүру мақсатымен жіберілген адамның дүниеге келуі мен кетуі адамның өз қолында емес, Аллаћтың белгілеуімен жүзеге асады. Сондықтан адамның басқа біреуді өлтіруге қалай хұқығы болмаса, өзін өлтіруге де хұқығы жоқ. ¤зін өлтірген адам ахирет күнінде тозақта азап шегіп, көп уақыт сонда қалмақ.

  1. ¦рлық. Біреудің дүниесін қойған жерден иесінің хабары болмастан

жасырын алу ұрлық болып есептелінеді және дүние-мүлікке байланысты істелінген негізгі қылмыс түрі. Маңдай тер мен адал еңбекпен табыстың қорғалуы исламның негізгі принциптерінің бірі. Ислам діні ас пен мүлікті қасиетті санап, біреудің мүлігіне орынсыз қол сұққан адамға ауыр жаза берген. Бірақ ұрыны жазаландырудың шарттарында аштық, мұқтаждық, мәжбүр ету сияқты жағдайлар болмауы керек. Ал ұрлықтың қылмыс екенін біле тұра, соны тілей отырып істеуі, ұрының жауапкерші, ұрланған мүліктің хұқықтық тұрғыдан қорғалған болуы ислам діні бойынша ұрлық-қылмыс болып табылады.

  1. Зина. ‡йленбестен жыныстық қатынаста болу адам ақылының

қабылдамайтын, ахлақи, хұқықтық жүйелердің, басқа да илаћи діндердің ұят, қылмыс санайтын зинақорлыққа ислам діні де кесінді түрде тыйым салып, үлкен күнәлардың қатарына жатқызылады және оның алдын алудың біршама шаралары қарастырылған. Құранда: «Зинаға жақындамаңдар, себебі ол жиіркенішті, өте жаман бір жол (Исра-32)»- дей отырып, зинаның жиіркенішті бір іс екенін баяндайды және зинаға алып баратын барлық жолдарға тыйым салады. ¤йткені ұрпақтың жақсы сақталмауына, жанұяның күйреуіне туыстық, достық, көршілік сияқты байланыстардың ыдырап, қоғамдық рухани, ахлақи құндылықтардың түбірімен жойылуына алып баратын және адамды рухтағы құмарлықтардың құлы етіп, төмендететін жиіркенішті бір іс.
6.Ішімдік ішу (мас болу). Құранда: «Ей иман келтіргендер ! Ішімдік, құмар, пұттар, бал оқтары шайтан ісі, әрқайсысы лас нәрселер. Ойлай болса бұлардан аулақ болыңдар, құтыласыңдар (Маида-90)» - деп, шараптың ішілуі харам қылынған. Аллаћтың осы үкімінен кейін және Мұхаммед пайғамбардың түсіндіруімен мас қылатын басқа да ішімдік түрлерінің де харамға жататынын білеміз. Ислам дінінің ішімдікке тыйым салуының біршама пайдасы мен хикметі бар. Мастық адамдар арасындағы байланысты үзіп, қоғамда кек пен дұшпандықты үдете түседі және ақыл тепе-теңдігін бұза отырып, адам өз еркінен айрылады, адамгершілігі мен абыройын жоғалтады, орны толмайтын арақ құмарлыққа алып барады. Адамдарды ішімдік ішуді әуестендіретін ортада білімсіздік, надандық көбейеді.

  1. Құмар ойнау. Ортаға ақша тастап ойнайтын ойынға «құмар» дейді.

Құмар түрліше аспаптармен ойналады. Қандай аспаппен ойналса да, егер бұл ойын ойнаушылардың біреуіне немесе біргенеуіне пайда тигізсе немесе шығынға ұшыратса, құмар саналады және ислам діні бойынша харам болып саналады. Яғни осы жолмен келген табыс харам. ¤йткені Құран Кәрім шарап, құмар, пұттар, бал оқтары шайтанның ластықтары екенін білдірген және олардан аулақ жүруді бұйырған.

  1. Аллаћқа серік (ортақ) қосу. ‡лкен күнәлардың ең басында келетіні –

Аллаћқа серік қосу. Шірк (серік) Аллаћқа ортақ қосу, оған басқаларды теңеу деген сөз. Аллаћтан басқа тәңірінің болғанына сену – тек үлкен күнә ғана емес, сонымен бірге сенімсіздік болып табылады. Қорыта айтқанда Аллаћтың серігі болғанға сенген адам мұсылман бола алмайды. Пайғамбарымыздың дәуіріндегі мұшіріктер Аллаћқа сенетін, бірақ Аллаћқа басқаларды теңегендері үшін, мұсылман саналмаған.
Құран Кәрімде былай дейді: «Тәңіріңіз бір тек Аллаћ. Одан басқа тәңірі жоқ. Ол адамзатқа мейірімді және шапағатты. (Бақара-162)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет