Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет27/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Хаж (қажылық)

Исламның бесінші шарты - қажылық. Хаж араб тiлiнде «құрмет тұтылған қасиеттi жердi зиярат ету» мағынасын бiлдiредi. Терминдiк мағынасы - қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласындағы Қағбаны тауап ету. Ер жеткен, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы мықты, әрі бай мұсылмандарға өмірінде бір рет Меккедегі қасиетті Қағбаға бару - парыз. Қажылық - әрі малмен әрі дүниемен жасалынатын ғибадат.
Қажылықтың рүкіндері: Қағбаға тауаф ету, Арафатта тұру. Ал мұсылман болу, ихрамға кіру, қажылықты уақытында орындау (зи-л-хидже айының 9-10), қажылықты белгіленген орындарда істеу қажылықтың шарттарына жатады.
Ислам шарттарының пайдалары. Намаз - денсаулықтың кепілі. Мүмін намазда Ұлы Жаратушының ақыл, ой, денсаулық және нығмет бергеніне шүкір етіп, намаз арқылы дененің зекетін береді. Намаз мүмін мен Аллаћ арасындағы байланыс болып табылады, яғни мүмін ешкімді араша тұтпай-ақ тек намаз арқылы тікелей Аллаћпен сөйлесе алады, өзiнiң жүрегiнен шыққан қалау тiлектерiн, ешкiмнен қымсынбай, қиналмай айта алады. Өйткенi барлық нәрседен қарағанда адамға ең жақыны – Ұлы Аллаһ. Адам намазға тұрғанда, өзінің әлсіз бейшара екенін сезініп, Аллаћ Тағалаға жалбарынады.
Намаз адамды күнәлардан, зарарлы, жаман істерден сақтайды. Намаз оқу арқылы адам иманын күшейтіп, өзінің мінез-құлқының жақсаруын қамтамасыз етеді.
Ал оразаға келер болсақ, ораза адамды жамандықтардан сақтап, қайырлы амалдарды істеуге жол ашады. Ораза адам нәпсісін жөнге салып, рухымыздағы болымсыз сезімдер мен құмарлықтарды тәрбиелейді. Ораза адамды әр уақыт Аллаћты естен шығармауға, жомарт, әділ болуға итермелейді. Осы бiр құлшылық түрi ауқатты адамдардың жоқ-жітіктер мен жарлы-жақыбайларға қарасуына, олардың жағдайын түсініп, көмектесуге жол ашады.
Зекеттің әлеуметтік өмірде пайдасы зор. Зекет қоғамның кедейленуінен, тыныштықтан сақтайды. Зекет бар жерде бейбітшілік, әділет орнайды, адамды сараңдықтан, ашкөздіктен сақтайды.
Қажылық адамның Аллаћты еске түсіріп, оған шүкіршілік жасауына көмектеседі, әр өлкеден келген мұсылмандардың бір-біріне деген бауырмалдығын, туыстығын күшейтеді. Мұнда адамды сабырлы және қайратты болуға тәрбиелейдi. Қажылыққа барып қайтқан мұсылмандардың күңiлiнде иманжүздiлiк сезiм пайда болатынын байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет