Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет35/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
3. Түркістандағы сопылық
Сопылық ағым Иран арқылы алдымен Хорасан өлкесiне енді, сол заманда Хорасан сопылық ағымның басты орталықтарына айналды, тіпті алдыңғы қатарына шықты. Орта Азияға сопылық жол Иран, Ираннан Хорасан арқылы таралған. Хорасанның Герат, Нишапур, Мерв, Балх қалалары ХІІІ-ІХ ғасырларда сопылар мен шейхтардың софрасына айналса, ІХ-Х ғасырларда Орта Азияның Бұхара, Самарқанд, Ферғана сопылық жолдың негізгі ошақтарына айналды. Дегенмен, аталмыш қалаларда Ирандық сопылықтың әсері басым болатын. Осы кезеңдерде Хорасанмен қарым-қатынас жасап тұратын түркілер арасынан Мұхаммед Машұқ Туси, Әмір Али Әбу Халис сияқты сопылар шыға бастады.
Қарахан, Селжұқ мемлекеттеріндегi абыройлы, ұлы адамдардың қолдауымен Бұхара, Самарқанд сияқты гүлдене өркен жайған қалаларда сопылық теккелер мен дергаһтар көптеп ашыла бастады. Аталмыш қалаларда жетілген сопылар мен дәруіштер әлі мұсылмандықтан хабарсыз көшпелі түркі тайпалары арасында мұсылмандық пен сопылықты насихаттады. Дәруіштер мен сопылар көркем, биязы мiнезiмен халықтың ерекше құрметі мен ілтипатына бөленді. Тіпті, көшпелi түркі тайпалары дәруіштерді өздеріне жақын тарта өз әкесі, атасы сияқты сезініп, “ата”,”баба”, “дәдә” деп атай бастады. Мәселен: Әулие ата, Хорасан ата, Арыстан баб (баба), Ысқақ баб (баба), Укаша ата, Ибраһим ата, Сунақ ата (Хисамеддин Сығнақи) т.б.-лар Қожа Ахметке дейiнгi түркi сопылығының негiзгi өкiлдерi болған.
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауиге дейін Хазіреті Пайғамбар сахабаларының бірі болған Арыстан баб ислам дінін насихаттау мақсатында түркі елiне келген. Сонымен қатар Әбу Бәкір халифамен кездескен және исламды қабылдаған ақын-жыраулардың бірі - мәһшүр Қорқыт ата мен Шопан ата, сондай-ақ исламның ұлылығын насихаттау мақсатында Орта Азияға келген Ахмет Ясауидің ата-бабасы - Ысхақ баб, Абду-л-Жалил баб және Абду-р-Рахман бабтар түркi жұртына мұсылмандықты уағыздаған алғашқы әулиелер екенi айқын. Ахмет Ясауидің әкесі - Ибраһим ата да аталмыш әулиелердiң қатарына жатады. Ал Ахмет Ясауидiң түркi сопылығы тарихында алатын орны ерекше.
Кемеңгер бабамыздың орынбасарлары мен жолын қуушылары түркiлердiң құрған мемлекеттер мен империялардың рухани пiрi болғандығы тарихи мәлiметтерде алтын әрiптермен жазылған. Тiптi түркi дүниесi бойынша құрылған сопылық тариқат – осы ясауилiк тариқаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет