Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет33/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Байланысты:
Ясауитану лекция А.Бейсенов (1)

“Пайғамбарлар ахлағы (мінезі) ең жақсы адамдар”, – деген екен.
Енді “тасаууф” немесе “суфизм” сөзінің шығу тегіне келсек, ғалымдар арасында суфизм сөзінің қайдан шыққаны туралы түрлі-түрлі пікірлер бар:

  1. Мұхаммед пайғамбардың Мединедегі мешітінің жанында отыратын, жақындары, үй-күйі жоқ қайыршы сахабалар болған екен. Осы сахабаларды “әһли сұффа” немесе “асхабы сұффа” деп атаған. Олар тек қана Аллаһқа құлшылық етумен, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға қызмет жасаумен шұғылданған. Осыған байланысты кейінгі замандарда сол сахабалар (әһли сұффа, асхабы сұффа) сияқты өз нәпсісін тәрбиелеген, Аллаһты әрдайым ойлайтын адамдарды “сұффа” сөзін өзгертіп, “суфи” деп атап кеткен дейді.

  2. Тағы бір көзқарас бойынша сопылардың Аллаһ Тағаланың ризашылығына лайық амал істегендеріне байланысты “суфи” деген сөз, ахиретке Аллаһ алдында “алғашқы қатарда болатындар” деген мағынадағы “саф әууәл” сөзінен шыққан.

  3. Суфи сөзі “Бәни сұффа” дейтін араб тайпаларындағы бір әулеттің атынан шыққан дегендер бар. Бұл әулет Қағбаның барлық қызметтерін сауап үшiн өз мойындарына алған екен, кейінгі кезеңдерде өзін Аллаһ жолына бір жола берген адамдарды “суфи” деп атап кеткен дейді.

  4. Суфи деген сөз “бет бұру” деген мағынаға келетін “сауф” сөзінен шыққан дейтіндер бар. Өйткені сопылар дүние рахатынан Аллаһқа бет бұруына байланысты, “бет бұру” деген мағынаға келетін сауфтан суфи сөзі шыққан.

  5. Суфи грек тіліндегі “софос (даналық)” деген сөзден шыққан деген пікірлер бар.

  6. Суфизм “жүн” деген мағынаға келетін “суф” сөзінен шыққан дейтіндерге қарағанда, әдетте сопылар жүннен тоқылған шапан киіп, көз тартар әсем киімдерді киюден тартынған және тек денелерін жауып тұратын жүннен тоқылған киімдер киген. Сондықтан оларды суфи немесе тасаууф (жүннен киім кию) деп атап кеткен. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар да кейде жүннен киім киген екен. Асхабы сұффалардың да киімдері жүннен болған. Хасан Басри 70 сахаба көргенін, олардың барлығы жүннен киім кигендігін айтады. Сондықтан суфизмді ислам терминологиясында “тасаууф” (жүннен киім кию), ал сопыны “мұтасаууыф” (жүннен киім киюші) деп атайды.

Сопылықтың ішкі мәнін толық түсіну өте қиын, әрi күрделi iзденiстi талап етедi. Өйткені, сопылық адамның ішкі дүниесінде болатын көңіл тәрбиесі. Ал көңілді, адамның ішіндегі жағдайын өзінен басқа ешкім білмейтіні белгілі. Сондықтан сопылардың ішкі жағдайын өзінен басқа ешкім білмейтін болған және олар өзінің жағдайын ешкімге сол қалпында жеткізіп бере алмаған. Себебi, ішіндегі жағдайын сыртқа шығарып, адамдарға сопылықтың не екендігін түсіндіруге олардың тіл байлығы жетпеген. Тек астарлап қана сөйлеген. Сол себепті сопылық жолдағы адамның әрекеті мен сөздері, бұл дүниеге деген көзқарасы қалыпты жағдайдағы адамнан өзгеше болады.
Тасаууф немесе суфизм сөзі ‡ІІІ ғасырдан бастап қолданысқа ене бастағанмен, сопылық жол Мұхаммед пайғамбардың заманынан бастау алады. Бірақ Пайғамбардың дәуірінде сопылық жолды “тасаууф” емес, “ихсан” деп атаған екен.
Бір күні бір кісі хазіреті Пайғамбардың мәжілісіне келіп, Пайғамбарға: “Ей Аллаһтың елшісі ! Иман дегеніміз не ?” - деп сұрақ қойыпты. Пайғамбар оған иманның мәнін түсіндіргеннен соң, әлгi адам қайтадан: “Ей Аллаһтың елшісі ! Ихлас (Ықылас) дегеніміз не?” деп сұрапты. Пайғамбар оған ихластың мағынасын баяндап береді. Әлгі адам тағы да: “Ей Аллаһтың елшісі ! Ихсан дегеніміз не ? –дегенде хазіреті Пайғамбар: “Ихсан сен Аллаһты көріп тұрғандай құлшылық етуің. Сен оны көре алмасаң да ол сені көріп тұр”, – деген екен. Міне, сопылықтың мән-мағынасы осы.
Осы Хадис Шәрифке сай, ардақты Пайғамбардың дәуірінде де, одан кейінгі кезеңдерде де көбінесе құлшылық жасап, дүние рахатынан өзін аулақ ұстайтын адамдарды “абид (құлшылық жасаушы)” немесе “заһид (дүние рахатынан аулақ жүруші)” деп атаған, кейін олар “мұтасаууыф” (жүннен киім киюші) деген атаққа ие болады.
Тасаууфты толық түсіну үшін, алдымен адамның өзі сопылық жолға бір жола түсуі керек деп жоғарыда баяндаған болатынбыз. Енді сопылық жолға түскен сопылардың тасаууф туралы былай анықтама бергенін көреміз.
Тасаууф – ақиқаттарды алу, адамдардың қолындағы нәрселерден үміт үзіп, бет бұру. (Маруф әл-Кәрһи)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет