Бақылау сұрақтары:
1. Спорттағы жоспарлау технологиясының жалпы ережесі
2. Келешектік жоспарлау технологиясы
3. Көпжылдық жаттығудың мақсаты және негізгі міндеттері
№29 Лекция сабағының тақырыбы. Жарыстар мен жаттығулар әсерлерін және спортшының дайындалғандық жағдайын, сыртқы орта қозғаушы күштерін бақылауды оқытып үйрету
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жарыстар мен жаттығулар әсерлерін және спортшының дайындалғандық жағдайын, сыртқы орта қозғаушы күштерін бақылауды оқытып үйрету
Жоспары: 1.Жарысты әсер етуді бақылаудың бағыттары
2. Жарыс нәтижесін бақылау
3. Жарыс қызметтің тиімділігін мөлшерлеу және бағалау
4.орттық жат тығу процесіндегі есепке алу
5. Сатымен есепке алу
6. Ағымдағы есепке алу
7. Сабақты есепке алу жорналы
Лекция мәтіні: Жарыстық әсер етуді бақылаудың екі бағыты бар: дайындық циклындағы жарыс нәтижелерін бақылау және жарыстық қызмет тиімділігін бағалау.
Жарыс нәтижесін бақылау белгілі бір жарыс циклындағы (бәрінен жиі жылдық) жарыстарда өнер көрсетуінің тиімділігін бағалаумен қорытындыланады.
Жаттығу циклындағы жарыстық қызмет көрсеткіштерінің динамикасы спортшының спорттық бапқа келу жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін өлшем белгісі (критерий) ретінде пайдаланылады. Мысалы, көпшілік мамандар, спортшының спорттық жарыстардағы жетістік нәтижелері 2-3% зонада тұрса ғана спорттық бапта болады деп санайды.
Жарыстық қызметтің тиімділігін мөлшерлеу және бағалау. Осы заманғы өлшеу және есептеу техникасы жарыстық жаттығулар мен жарыстық қызметтің ондаған әртүрлі көрсеткіштерін тіркеуге мүмкіндік береді. Мысалы, қарапайым жаттығуға саналатын 100м қашықтыққа жүгіруде спринтердің уақыт реакциясын, оның максимальды жылдамдыққа жету уақытын, оны ұстап тұру және түсу уақытын, қашықтықтың әртүрлі бөліктеріндегі қадамның ұзындығы мен жиілілігін, тіркеу және ұшу уақытын, тік және көлбеу күш салуды, дене салмағының жалпы орталық нүктесінің толқуын, тіреу және ұшу кезеңдерінің әртүрлі фазаларындағы буындардағы бұрыштарды және т.б. өлшеуге болады.
Осылардың барлығын жорналға тіркеуі, содан кейін спортшылардың дайындалғандық деңгейін сипаттайтын жаттығу қызметінің және көрсеткіштерінің өлшем белгілерін салыстыру арқылы жан-жақты талдау, жаттықтырушыға өте ауыр.
Сондықтан, жарыстық жаттығулардың көптеген көрсеткіштерінің ішінен тек ақпараттыларын (информативтілерін) ғана алу керек. Өйткені, оларды бақылау барысында мөлшерлеуге болады. Әртүрлі спорт түрлеріндегі жарыстық қызметтің көрсеткіштері белгілерінің ақпараттылығы (информативтілігі) 12– кестеде көрсетілген.
Кейбір спорт түрлеріндегі жарыстың қызмет өлшем белгілерінің (критерий) ақпараттылығы (информативтілігі)
12-кесте
Р/н
|
Спорт түрлері
|
¤лшем белгілері (критерий)
|
|
|
Педагоги
калық
|
Биомеханикалық
|
Физиологиялық
|
Биохимиялық
|
Психологиялық
|
Эстети
калық
|
1
|
Циклдық
|
х
|
ххх
|
ххх
|
ххх
|
хх
|
х
|
2
|
Ойындық
|
ххх
|
х
|
хх
|
хх
|
ххх
|
хх
|
3
|
Жеке сайыс
|
хх
|
х
|
хх
|
хх
|
ххх
|
х
|
4
|
Ациклдық
|
хх
|
ххх
|
ххх
|
хх
|
ххх
|
х
|
5
|
Қозғалыс мәнерлілігіне жаттығу
|
хх
|
ххх
|
хх
|
хх
|
ххх
|
ххх
|
Ескертпе: ХХХ-жоғары ақпараттылық, ал ХХ –орта, Х- төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |