Жаттығудың әсер етуін бақылау спортшының орындайтын шұғылдану жаттығуларының сипаттамаларының сандық мәнін жүйелі тіркеумен қортындыланады. Барлық көрсеткіштер бақылау үшін, сонымен бірге жоспарлау үшін де пайдаланылады.
Жүктеме көлемінің негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: жаттығу сабағының саны; жаттығу және жарыстық қызметке жұмсалған уақыт; мамандануға арналған арнайы жаттығулардың саны, километражы.
Жүктеме қарқындылығының көрсеткіші мыналар болып табылады : жаттығуды орындаудың қуаты, жылдамдығы, жаттығудың жұмылдырылуы және т.б.
Жүктемені бақылау процесінде арнайы мамандандыруға бейімделген жаттығулардың көлемін, қарқынды қуаттылықпен орындалатын жаттығулар көлемі, жалпы және арнайы дене, әдістік және тәсілдік дайындығын жетілдіруге бағытталған жаттығулар көлемі және микроциклдарда, ай сайын және жылдық циклда орындалатын қалпына келтіру бағытындағы жаттығулар көлемдері қоса жинақталады. Бұл көрсеткіштерді спорттық нәтижелер динамикасымен салыстыру жаттықтырушыға жаттығу жүктемелерінің жекелеген түрлері арасындағы үйлесімді байланысын, олардың ең биік, үдемелі мәнінен кейінгі жоғары нәтижеге жету мерзімі, сол сияқты жоғары спорттық нәтижелердегі жаттығу жүктемесінің кешігіп өзгеру кезеңін ашуына мүмкіндік туғызады.
Спортшының дайындық жағдайын бағалау тестілеу барысында немесе жарыс процесінде жүргізіледі және мыналарды алдын ала қарастырады:
- арнайы дене дайындығын бағалау;
- әдістік-тәсілдік дайындығын бағалау;
- психологиялық жағдайы мен жарыстардағы мінез-құлық, көңіл күйін бағалау.
Денсаулық жағдайы мен ағзаның негізгі қызметтік жүйесін бағалау, тәртіп бойынша, физиология, биохимия және спорттық медицина салалары мамандарының басшылығымен медициналық-биологиялық әдістер арқылы жүргізіледі.
Арнайы дене дайындығын бағалау негізгі дене сапалары деңгейін бөлек бағалаудан, яғни күш, шапшаңдық, төзімділік және иілгіштіктен(икемділік) жинақталады. Сонымен бірге, сол спорт түрі үшін басты болып дене сапаларына немесе бұл талдап қорылытылған ұғымды құрайтын жекелеген қабілеттеріне басты назар аударылады.
Жекелеген дене сапаларын бағалау әдістері “Дене сапалары дамуының білімдік- практикалық негіздері ”тарауында толық мазмұндалған.
Әдістік дайындықты бағалау. Әдістік дайындықты бағалау жарыстық және шұғылдану жаттығуларын орындау кезіндегі спортшының әдістік әрекеттерінің сандық және сапалық жақтарын бағалаумен қорытындыланады.
Әдістерді бақылау көзбен шолу және арнайы аспаптармен (құрал) іске асырылады. Спортшының әдістік шеберлігінің, оның өлшем белгісі (критериі) әдістердің көлемі, әдістердің әртүрлілігі және тиімділігімен тұжырымдалады.
Әдістердің көлемі спортшының жаттығу сабақтарында және жарыстарда орындайтын әдіс әрекеттерінің жалпы санымен анықталады.
Әдістердің әртүрлілігі (жан-жақтылығы) спортшының меңгерген және оны жарыстық қызметте пайдалана алатын қозғалыс әрекетін әртүрлі бейнеде орындау дәрежесімен анықталады.
Әртүрлі бейнедегі әрекеттер санын, оң және сол жағымен орындалған әдістер байланысын (ойындарға), шабуылдау және қорғаныс әрекеттері және т.б. бақылайды.
Әдістердің тиімділігі оның жеке ұтымды вариантына жақындық дәрежесімен анықталады. Тиімді әдіс, бұл белгілі қозғалыс шегінде мүмкіндігінше максимальды нәтижеге жетуді қамтамасыз ету болып табылады
Спорттық нәтиже, бұл маңызды, бірақ әдістер тиімділігінің жеке өлшем белгісі емес, Әдістердің тиімділігін бағалау әдістері спортшының қозғалыс потенциалы мүмкіндігін іске асыруға негізделген.
Спорттың циклдық түрлерінде әдістердің үнемділігі әсіресе маңызды, өйткені әдістік шеберлік деңгейі мен күш салу мөлшері, спорттық нәтиженің көрсеткіштері пропорциональды байланыс, яғни толық, айқын заңдылық байқалады.
Тәсілдік дайындықты бағалау. Тәсілдік дайындықты бағалау жарыстарда табысқа жетуге бағытталған спортшының немесе команданың әрекетінің мақсатқа лайықтылығын бағалаумен қортындыланады. Ол тәсілдік ойлау қабілетін, тәсілдік әрекеттерді (тәсілдік әдістер көлемін, олардың орындаудағы жан-жақтылығы мен тиімділігі) бақылауды алдын-ала қарастырады.
Әдетте тәсілдік дайындықты бақылау жарыстық қызметті бақылаумен сәйкес келеді.
Кешенді бақылаудың нәтижесі ьойынша дұрыс шешім қабылдау үшін, жарыстық қызмет өтілген орынның жағдайын, сонымен бірге жаттығу қызметіндегі бақылау талаптарының орындалу дәрежесін ескеру қажет. Бұдан бөлек, жаттығу бағдарламасын орындаудың өзі сыртқы ортаның мүмкіндігі мен жағдайларына жиі байланысты болады.
Тәжірибеде спортшы дайындығының деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары болатыны, ал оған немесе командаға сыртқы ортаның қозғаушы күштері жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік бермейтін кездер жиі кездеседі.
Мұндай қозғаушы күштерге мыналар жатады:
нақтылы географиялық аймақтың ауа райы мен бұл жағдайға бейімделу дәрежесі (қоршаған ортаның дымқылдығы мен темперетурасы, күн радиациясының қарқындылығы, желдің бағыты, атмосфералық қысым);
спорттық ғимараттың немесе жарыс жолының мүмкіндік жағдайы (олардың төсеніші, жарықтығы, сиымдылық көлемі, микроклиматы, мұзда немесе қарда сырғанау жағдайы);
спорттық қондырғылар мен құрал-жабдықтарының, қорғаныс құрылыстарының сапасы;
көрермендердің, жанкүйерлердің мінез-құлқы мен көңіл-күйлері (өзінің және сыртқы алаңдағы қозғаушы күштер);
спортшыларды орналастыру орындарындағы әлеуметтік-психологиялық жағдайы;
төрешіліктің әділдігі;
орын ауыстыру, орналасу жағдайлары, спортшылардың тамақтануы мен демалысы.
Жаттығу және жарыстық қызметтің барысына бұл сыртқы орта күштерінің әсерін бағалау арқылы ғана спортшылардың дайындалғандық деңгейі туралы толық мағлұмат ала аламыз.
Спорттық жаттығу процесіндегі есепке алудың тиімді жүйесі маңызды мәнге ие. Спорттық жаттығу көрсеткіштерін есепке алу жаттықтырушыға спорттың дайындық процесін іске асырудың түрлері мен әдістерін, құралдарын таңдау мен пайдалануының дұрыстығын тексеруіне, спорттық шеберлігін арттырудың барынша жолдарын табуына мүмкіндік береді. Бұл спортшылардың әртүрлі дайындық жақтарының деңгейін, спорттық нәтижелер динамикасын, дене дамуын, денсаулық жағдайын бақылауға мүмкіндік береді және т.б. Есепке алынғандарды талдау тек қана бақылауға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге оқу-жаттығу процесіне белсенді араласып, оны жетілдіруге жағдай жасайды. Есепке алуға жаттығу процесінің барлық жақтары жатады.
Жаттығу процесі көрсеткіштерін есепке алу келесі формаларда іске асыралады.
Сатымен есепке алу жылдық циклдың белгілі бір сатылары мен кезеңдерінің басында және соңында іске асырылады. Бірінші жағдайда ол алдын ала, екіншісінде қорытынды есепке алу деп аталады.
Алдын ала есепке алу спортшының немесе спортшылар тобының бастапқы дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Қорытынды есепке алудың мәліметтерін алдын ала есепке алудың мәліметтерімен салыстыру кезінде оқу-жаттығу процесінің тиімділігін бағалауға және алдағы өткізілетін жаттығу жоспарына түзетулер енгізуге мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |