Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет53/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   147
Моторлы тығыздық - дене жаттығуларымен шұғылданудың өнімділігінің барынша ерекше көрсеткіші, сондықтан, әрине, бірдей жағдайда мүмкіндігінше сабақтың үлкен моторлы тығыздығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның ең бастысы оқу-тәрбие міндеттерін шешу сапасы болып табылатын сабақтың шұғылданудағы маңызын артық бағалауға болмайды, өйткені ол өз кезегінде түсіндіруге, қозғалысты, кинограмманы, үлгіні және басқа да оқытып үйрету әдістерін көрсетуді талап етеді. Осылай гимнастика сабағының негізгі бөлімінде сабақтың моторлы тығыздығы ең жақсы, қолайлысы деп жиі саналып, 10-15 пайызды құрайды.
Уақыттың арақатынасын түсіндіруге, көрсетуге және жаттығуға жақсы бейнеде белгілеу, сабақты әдістемелік сауатты жүргізудегі ең басты жағдайдың бірі. Ысылған, іскер оқытушылар түсіндіруді оқушылардың тікелей қозғалысты орындауы кезінде жүргізеді.
Алайда ол кезде жаттығудың күрделілігі, оқушылардың дайындығы және шұғылданудың ұсынылған сабақ үлгісінің талаптарын ескеру қажет. Сабақтағы педагогикалық ақталған қызметтің барлық түрлеріне бөлінген уақыт шегінде жүктеменің қарқындылығын мөлшерлеп бөлу мәселесі де өте маңызды. Дене жаттығулары сабағындағы жүктеменің қарқыны оның көлеміне қарағанда тікелей үлкен реакцияны қозғайды. Көп шамада сабақтың оқу-тәрбиелік нәтижесі және олардың сауықтыру әсері қарқындылыққа көп байланысты.
Сабақтағы жүктеменің қарқындылығына қойылатын негізгі талап оның физиологиялық және психологиялық әсерінің мүмкін болған шегін анықтау болып табылады. Әрбір нақтылы сабақта жүктеменің өзіндік мүмкін болған шектегі шамасы болуы тиіс және ол әр кезде жасына, жынысына, шұғылданушылардың жаттыққандығына және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты анықталуы тиіс.
Жүктеменің шектелуі, әсіресе, жоғары шектелуі туралы мәселе әр түрлі авторлармен әр қилы шешіліп келді. Әр уақытта бәрінен жиі жүктеменің дәл көрсеткіші ретінде тамырдың соғу жиілігі алынды. Кейбір авторлар тамыр соғуы көрсеткішінің абсолюттік шегін сабақта анықтауға тырысты. Мысалы, тамыр соғуының максимальді мүмкіндігі 1 минутта 150 рет соғу деп саналды. Басқалары тамыр соғуы жиілігіне мүмкіндік шегін бастапқы қалпынан пайызбен белгілеуге ұмтылды, мысалы, 80%. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер (В.С.Фарфель, М.В.Раскин және т.б.) шұғылдану сабақтарында тамыр соғуы жиілігінің шектеулі қалпына қатынасы бір мағыналық шешім болуы мүмкін емес екенін делелдеді. Мысалы, спорттағы көптеген сабақтарда сабақтың басындағы тамыр соғуының төмендетілген көрсеткішінде (мин/55-60 рет соғуы) тамыр соғуының шектеулі жиілігі минутына 200-250 рет. Сондықтан тамыр соғуының жиілігінің өсуі 400 пайызға дейін жетеді, яғни 1 минутта 240-250 рет соғады.
Жүктеме қарқының сауатты мөлшерлеп бөлу үшін оқытушы сабақта оқу-тәрбиелік қызметтің барлық түрлерін ұйымдастыру кезінде оны арттыру және төмендету (түсіру) әдістерін жақсы меңгеруі тиіс.
Мысалы, қызметтің көмекші түрлерін күшейту үшін оларға оқу-тәрбиелік сипат береді: спорт қондырғыларын орнату және жинауды, ауырлықты алып жүруді үйрету, ұжымдағы тәртіпті, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу үшін пайдаланады; сапқа түрғызу мен саптағы қозғалысты жүгіріп немесе керісінше белсенді демалыс үшін орындайды (денені босатуға, тыныс алуға және т.б. жаттығу беріледі). Жаттығуды орындар алдында кезек күтіп тұрған шұғылданушылардьщ белсенділігін сүйемелдеп, қолдау үшін оларға арнайы тапсырма ұсынады: "Қозғалыс тәсілінің мына элементтеріне назар аударыңдар және оны барлық топтағы шұғылданушылардың қаншалықты меңгергенін талдауға тырысыңдар"; шұғылданушыларға өз бетінше орындау үшін ұштастыру және жалпы дамыту жаттығуларын ұсынады; зерттеу, үйрену үшін кинограмма, сызба үлгі, суреттер және т.б. береді.
Оқытушының шұғыдданушыларды оқу-тәрбие міндеттерін өздігінен іске асыра білуге үйретуі ерекше назар аударуға тұрарлық мақтаныш. Мұнда әр түрлі қызмет түрлері пайдаланылады: әңгіме, кеңес өткізу, тапқырлықты, ептілікті, қиын жағдайда женін таба білу талап етілетін шұғылданушылардың алдына міндет қою.
Түсіндіру және көрсету кезінде шұғылданушылардың назарын өзіне аударуы, олардың белсенділігін тәрбиелеуі оқытушының басты міндеттерінің бірін құрайды. Оқушылардың жұмысы неғұрлым қарқынды болған сайын, жаттығу нәтижесінен солғұрлым табыс күтуге болады.
Дене жаттығуларының қарқындылығын мөлшерлеп белгілеу шұғылданушыларға тікелей және жанама әсер ету арқылы әдістемелік тәсілдердің қатарымен іске асады.
Шұғылданушыларға тікелей әсер ету әдістеріне жаттығудың қайталану саны, жылдамдығы, күші, қолданылатын сыртқы ауырлық жүктеме шамасы туралы сөзбен нұсқау беру және т.б. жатады. Тікелей әсер ету әдістерін пайдаланып, егер оқушылар мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындаса, онда барынша кең ауқымда жаттығудың қарқындылығын дәл мөлшерлеп, бөлімдермен орындатуға болады.
Шұғылданушыларға жанама әсер ету әдістеріне қатаң уақытпен белгіленген жаттығулармен орындалатын ойындық және жарыстық әдістерінің кезектесуімен жүргізілуі жатады.
Мысалы, әдеттегі тапсырмамен орындауға қарағанда спорттық сайыс кезіндегі жаттығуды орындау жағдайындағы үлкен карқындылығымен айырмаланады. Селқос, бейқамдықты жеңу үшін осыны пайдалануға болады. Бүтіндей алғанда жаттығулардың орындау қарқындылығын жанама әдіспен мөлшерлеп, бөлу тікелей әдіске қарағанда дәлдігі азырақ болса да оны қолдану қажет. Осы бейнеде сабақтағы жүктемені ең қолайлы мөлшерлеп, бөлу жоғары қарқындылығын, шұғылданушылардың ақыл-ой, сонымен бірге дене жұмыстары ретінде сабақтың 100 пайыздық жалпы тығыздығын қамтамасыз етуді талап етеді. Жүктемені мөлшерлеп бөлудің жоғарыда сипатталған әдістері оқушыларды дұрыс ұйымдастыра білуге және оларға жаттығудың ететін әсерінің дәрежесін бақылауға тәуелді.
Сабақты ұйымдастыру әдістемесі. Сабақты ұйымдастыру әдістемесі оқытушының белгіленген оқушылар контингентімен (сынып, команда, үйірме) жұмыс істеу әдісіне, шұғылданушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқытушылар мен оқушылардың және шұғылданатын орындағы спорт қондырғыларының орналасуына (зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың негізгі үш әдісі айырмаланады: фронтальді (мандай алдынан), топтық және жеке.
Фронтальді әдісі кезінде оқытушы бірегей оку материалы бойынша барлык оқушылармен бір уақытта жұмыс істейді.
Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақылауында ұстап, бір топпен басымырақ жұмыс жүргізеді немесе кезекпен бірінен кейін келесі топқа өтеді.
Жеке өткізу әдісі кезінде әрбір окушы жеке тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Мұнда оқытушы оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп басшылық жасайды.
Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылығы және кемшіліктері бар. Сабақты қарсы алдынан фронтальді әдіспен өткізу кезінде барлық оқушылардың қимыл-қозғалысын назарда жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін тікелей басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушылардың әрқайсысына қимылын дербес, өздігінен басқару қиындайды. Топтық және жеке әдістерді қолдану керісінше, оқытушының барлық оқушыларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әдістердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жарамды екені, оқу материалының жаңалығына және күрделілігіне, сабақ өткізілетін орынның материалдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жасына, жаттығу өткізілетін орынның кендігіне және т.б. байланысты.
Мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын фронтальді әдіспен жиі өткізеді, өйткені жас ерекшелік күшіне қарай олар өздігінен қозғалысты қажетті мүмкіндікті меңгеруге қабілетсіз. Сабақты спортшы-гимнасттармен топтық әдіспен өткізу басымырақ, өйткені жекелеген гимнастикалық қондырғылардың сыйымдылық мүмкіндігінің аздығы және т.б. Шебер-жеңіл атлеттерге жеке әдіспен сабақ өткізу тән, өйткені бұл спорт түріндегі оқытып үйрету жүйесін спорттық шеберліктерінің артуына байланысты жаттығуды жекешелендіру талабы артады.
Сабақтық шұғылдануда тәртіп бойынша оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін араластырып қолдану тән. Сабақтың басталуы әдетте фронтальді әдіспен, негізгі бөлімінде шұғылданушыларды топқа бөледі немесе олармен жеке жұмыс жүргізеді, ең соңында, сабақты қайтадан фронтальді әдіспен аяктайды.
Сабақтың әдістемесін, сонымен бірге шұғылданушылардың берілген тапсырмаларды орындау тәртібін анықтайды. Сабақтың әдістемесін анықтайтын екі тәсілі бар: бір уақытта және кезекпен.
Біріншісі, жаттығу немесе басқа қызмет түрлерінде барлық оқушылармен орындалады, ал екіншісінде әрқайсысын кезекпен орындайды.
Екі әдісте де оқушылар үзіліссіз (ағыммен) немесе арақашықтықпен жұмыс істеуі мүмкін.
Үзіліссіз, толассыз орындаудың мәні, мұнда оқушылар жаттығулардың бірінен кейін бірін дем алмай орындайды.
Мысалы, гимнастика сабағында денені жалпы дамыту жаттығуларының лайықтыларын тандағанда алдыңғы сабақтың соңындағы жаттығу келесілері үшін негіз болатындай болса, онда жаттығулар сериясын үзіліссіз орындауға болады. Мысалы, жеңіл атлетика сабағында жүгіріп келіп, екпінмен ұзындыққа секіру кезінде бір оқушы жерден серпінді күш алып секіргенде, екінші оқушы жүгіруді бастаса, үшінші оқушы бастапқы дайындық қалпында тұрады, төртіншісі секіру шұқырынан оралып қайтадан дайындалатын орынға келіп тұрады және т.б.
Толассыз әдістің ерекше әр түрлілігі дене сапаларын қарқынды дамытуға мүмкіндік жасайтын жаттығуларды айналма әдіспен орындау болып табылады. Мұнда оқушылар жаттығулар кешенін толассыз арнайы жерде немесе шеңбер бойына орналастырылған спорт қондырғылары "бекеттерінде" ("станция") біреуінен кейін екіншісіне ("түтқалы аттан", белтемірге тартылу "бекетіне") өтіп орындайды.
Жаттығуларды толассыз орындау бөліп өткізуге қарағанда үлкен қарқындылықты қамтамасыз етеді. Алайда оның жалпы білім беру қатынасында әсерлілігі төмендеу, өйткені жаттығулардың арасында үзілістің болмауы түсіндіруді, қозғалысты талдауды және оқытып үйретудің басқа да элементтерін пайдалануды қиындатады. Сабақта жаттығуларды толассыз немесе бөлек-бөлек орындауды таңдау бәрінен бұрын оқу материалының жаңалық дәрежесіне және сабақтың нақтылы міндеттеріне байланысты. Мысалы, жаңа оқу материалын таныстыру және үйрену кезінде жаттығуды бөлек-бөлек орындау орынды, қозғалысты жетілдірудегі дене сапаларының қарқынды даму міндеттері қойылғанда, жаттығуды үзіліссіз орындау мақсатқа сәйкес келеді.
Оқушылардың жаттығуларды жақсы орындауы сабақ өтілетін орындағы оқытушының, оқушылардың және спорт қондырғыларының дұрыс орналасуына тікелей байланысты. Егер оқушылар бір қатарда шеренга бойынша тұрса, ал мұғалім осы қатардың оң немесе сол жақ шетіне жақын тұрса, онда оның түсіндіруін, көрсетуін және т.б. саптың екінші жақ шетіндегілері нашар қабылдайды. Егер мұғалім спорт қондырғыларының ортасында тұрса, онда шұғылданушы топтардың бірі оның назарынан тыс қалады. Егер оқушылар сапқа күнге қарсы қарап тұрса, онда олар мұғалімнің көрсеткенінің барлығын нашар көреді. Осы мысалдардың бәрі мұғалімнің, оқушылардың және сабақ өтілетін жердегі орынның орналасуынан оқу-тәрбие жүйесінің маңызды бөліктері, яғни көру және есту түйсіктері, жаттығуларды орындауды бақылауы және т.б. тікелей осыларға байланысты. Барынша әр түрлі сапқа тұрғызулар үйлесімді болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда олар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
а) мұғалім мен оқушыға сабақта болған нәрсенің барлығын естуге және
көруге мүмкіндікті қамтамасыз ету;
ә) жеке және қоғамдық гигиена ережесіне сай болу;
б) бөгет және жарақат алу мүмкіндіктерін болдырмау.
Сабақта шұғылданушылардың жақсы ойластырылып орналастырылуы тәртіптілікке және ұжымшылдыққа тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Сактандыру және жәрдем беру үлкен дене жүктемесі жағдайындағы қозғалыс әрекетінің белсенділігі барысында шұғылданушылардың дене, психикалық және қызметтік жарақат алуы мүмкіндігінің кездесуі мүмкін.
Шұғылдану сабақтарында сайыстармен және басқа сабақ түрлерімен салыстырғанда статистикалық мәліметтерге жүгінсек, әр түрлі сипаттағы жарақат алудың көпшілік пайызы, яғни 50% түседі екен. Ал спорт шеберлерімен өткізілетін сабақта бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін жетеді. Бұл шұғылдану сабақтарында қозғалыс әрекетінің жаңа үлгілерін меңгеру өзгешелігімен және жоғары нәтижелерге жету дайындығымен түсіндіріледі. Сабақты өткізу барысында ерекше назарды жарақат алмау жолдарына аудару қажет. Осы жағына байланысты оқытушының қызметтік шарасын, әдетте сақтандыру деп атайды.
Сақтандырудың әсерлілігі сөздің кең үғымда бәрінен бұрын оқытып үйрету және тәрбиелеу принциптерін қатаң сақтаумен түсіндіріледі.
Оқушылардың жоғары саналылығы және белсенділігі, сабақты кұрудағы жүйелілік және бірізділік, оқу материалының игерілу мүмкіндігі және оны меңгеру беріктігі - жарақаттың алдын алып, сақтандырудың бірінші дәрежелі жағдайы.
Жарақаттанудың алдын алуға дене жаттығуларының жүктемелерін ақылмен мөлшерлеп бөлудің, шұғылданушылардың жақсы тәртіптілігінің, жаттығуды орындауды жүйелі ұйымдастырудың нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Көптеген жаттығуларды орындау кезінде (суға секіру, акробатика, спорттық қондырғылардағы гимнастика, семсерлесу және т.б.) барынша тар ұғымда сақтануға деген кажеттілік, яғни олкылықты, құлауды, қарсыластың катты соққысын, ауруды сезінуді және т.б. тікелей алдын ала ескертетін шара ретінде пайда болады. Бұл шараларға оқытушының арнайы әрекеті (көтермелеу әдістері, ұстап калу, шұғылданушыларды ажырату), окушыларды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуі (белбеу, маска-шлем, қалың киім және т.б.), өзін-өзі сақтандыру, оқытып үйрету кіреді. Мұндай сақтандыру орындалуы қауіпті емес жаттығуларды орындаумен қатар іске асады. Топтық әдісімен жұмыс жүргізу кезінде оқытушы барынша қауіпті жаттығуларды орындау кезінде топты алдын ала сақтандыруы тиіс.
Басқа топтардағы шұғылданушыларды жарақат алудан сақтандыру үшін жоғары дайындығы бар оқушыны сақтандыру әдістерін меңгеруге байланысты олармен сабақ өткізіп, нұсқаушылыққа тағайындау керек.
Сақтандырудың сақтық шаралары былай жүргізілуі тиіс: сабақ өтілетін орын мен спорт қондырғыларының дайындығын алдын ала тексеру, жаттығуларды орындау кезінде шұғылданушыларды қауіпсіз орынға орналастыру (мысалы, лақтыру кезінде). Сүйемелдегенде, итермелегенде және басқа әдістерде сақтандыру оқытып үйретудің әдістемелік тәсілдері сияқты жиі көмек берумен үзіліссіз байланысты. Мұндай көмек беру сияқты сақтандыруды жарақат алу қауіптілігі айқын болған жағдайда ғана пайдалану керек ( мысалы, спортты жаңа бастағандармен күрделі жаттығуларды үйрену кезінде және т.б.). Мұндай сақтандыруды теріс пайдалануға болмайды, өйткені оны шұғылданушылар дағдыға айналдырып батылдық, ұстамдылық, өзін-өзі игере білу және жаттығуды өздігінен орындауға қажетті басқа да сапаларын тәрбиелеуді тежейді. Сондықтан әдістемелік ақталған, бірінші жағынан, жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын, бірақ басқа жағынан кейбір тәуекелге барып, қауіптіліктің болатынын алдын ала ескеруді қарастырады.
Оқытушының жеткілікті дәрежедегі байсалды жарақат алудың алдын алуға назар аударуы дене тәрбиесі сабағында жарақат алудың болмауын қамтамасыз етеді. Жарақатты емдеудегі табыс көп жағдайда оқушыға дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде анықталады. Оқытушы мамандық саласына қарамастан әр түрлі деңгейдегі алған жарақаттарға бірінші көмек көрсете білуі тиіс. Дәрігерге дейінгі көмек дене жаттығулары сабағындағы оқытушы жұмысының маңызды жақтарының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет